Қош келдің, жаңа жыл

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жыл сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы

«№19 «Назерке» бөбекжайы»

15 «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі:

Жайлыбаева Зағипа Реймовна

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Келді міне, Жаңа жыл ортамызға,

Құт – береке әкелсін баршамызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын.


Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата – аналар мен қонақтар. Барлығымызға Жаңа – жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл отбысыларымызға жыңа бақыт, жаңа табыс, әр отбасына шаттық көңіл күй ала келсін! №15 «Қарлығаш» ересек тобының бүлдіршіндері дайындаған «Қош келдің, Жаңа – жыл» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалаңыздар, қол соғып қошеметтеп бүлдіршіндерімізді қарсы алайық. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.


Жүргізуші: Тауда жүріп тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Хор: «Жасыл шырша жанында» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Балалар қараңдаршы залдың іші қандай әдемі! Біздер қандай мерекені тойлауға келдік.

Балалар: Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік. Балалар, қараңдаршы ортадағы тұрған не?

Балалар: Шырша.

Жүргізуші: Иә, шырша. Шыршаның түсі қандай?

Балалар: Жасыл.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы шыршада әдемі ойыншықтар ілінген екен. Шыршамыз қандай әдемі! Ендеше шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Безендіріп шыршаны,

Алихан: Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Ақ қар жапты даланы,

Муслима: Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.



Жасыл желек жамылып,

Дамир: Асыл моншақ тағынып.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күткен сағынып.


Жаңа жылмен шаттанып,
Арай: Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

Аппақ қардай береке,

Арман: Даламызға самғасын.

Жаңа жылдай мереке,

Таба берсін жалғасын.


Жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған жылан жылын шақырайықшы. Жылан жылы қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып хош келдіңіз деп айтайық.
Балалар: Хош келдің жылан жылы.
Жылан жылы: Балалармен амандасады.

Жыл иесі жыланмын,

Қалмайын деп кешігіп.

Ала таңнан ояндым,

Келер жылда көңілің,

Былтырғыдай ақ болсын.

Мәнді болып өмірің,

Барлығыңа бақ қонсын.

Жүргізуші: Жылан жылы сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.

Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздарымыз тұр сұранып.
Мен де тұрмын қуанып,
Шаттанайық, тойлайық.
- Жылан жылымыздың құрметіне қыздарымыздың орындауында «Шырша» биі, қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.


Жылқы жылы: Мен жаңа жылмын, жаңа нұрмын.

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Сәлеметсіздерме балалар, мен сендермен он екі ай бірге боламын. Қызықты және қуанышты күндеріміз көп болады.

Жылан: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай жаңа жылда,
Қарсы алыңдар жылқы жылын.

(Жылан жылы жылқы жылына табыстап шығып кетеді)

Жүргізуші: Ал енді балалар жаңа жылымызға арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Қуантып елді,

Санжар: Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.

Той-мереке салтанат,
Жасмина: Думандатты шартарап.
Келді міне жаңа жыл,
Тартуларын арқалап.


Жаңа жылым мол болсын
Олжас: Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Аспан жерге төгеді,
Әмина: Ақ күмістей уыстап.

Жаңа жыл келеді,
Бізге қарай жылыстап.


Оралды өлкеме,

Әли: Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау, қарлы шың.


Жылқы: Жарайсыңдар балалар, қандай жақсы тақпақтар! (Шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша келіңдер, сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап – қараңғы. Ал мұнда сондай тамаша екен! Менде сендермен бірге болып Аяз атаны қарсы алайыншы.

Жүргізуші: Балалар біздің шыршамыз да көрікті, киімдерімізде әдемі, біздің жаңа – жылдық мерекемізге кім жетпейді?


Балалар: Аяз ата, Ақшақар.


Жүргізуші: Кәне, онда Аяз ата мен Ақшақарды бар дауысымызбен ортаға шақырайық.


Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! – деп айқайлап шақырады. Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына тұра қалады.


Мыстан кемпір: Пай – пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін – ай! Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төмен еңкейіп, шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді.)

Клоун: Мыстан кемпір – деп дауыстайды. (Мыстан оған мән бермей шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Клоун тағы да,) Мыстан кемпір біздер «Жаңа – жыл» мейрамын тойлап жатырмыз шыршамызға тимеңіз. Кел оданда балалар мен бірге ойын ойнайық. (Мыстан маңдайдағы терін сүртіп тууу, - деп келіседі.)

Ойын: «Сыйлыққа жету».

Мыстан кемпір: (ойында жеңіске жеткен баланың қолындағы сыйлықты ашып қарап ішіндегі жылтыраған кілтті көріп қалады да, мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан керемет бір дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша бар шығар. Мен шыршаға тимей – ақ, осы кілтпен сандықты ашайын. Мүмкін тамағына тойып, ақшаға байып қалармын!

(Мыстан кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түсіп қалады.)

Жүргізуші: Балалар, кәне мерекемізді әрі қарай жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып жүрген болар. Балалар тағыда дауыстап Аяз атамыз бен Ақшақарды шақырып көрейік.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле – шала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Ақшақардың көңіл – күйі түсіп төмен қарап тұрады.

Аяз ата: Айналайыным – ау, саған не болған ауырып қалған жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ, ауырып тұрған жоқпын, ешқайда барғым келмейді, үйге қайтқым келеді.

Аяз ата: Қызым – ау не айтып тұрсың?

Қарашы біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға бүлдіршіндерге бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Балалармен амандасады.

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермей тұрады.)

Аяз ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын шағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! (Осы кезде Аяз ата оны жұбатып тұрып,) қазір мен – ақ өзімнің таяғымен жағамын – дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Клоун: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жұлдызға ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Клоун: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатқанда қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емеспе екен? Кәне аңдар, іздеп көрейікші мүмкін тауып алармыз. (Сүйтіп сиқырлы таяқты тауып алады.)

Аяз ата: Жарайсың, (балапаным деп бетінен сүйеді.)

Жүргізуші: Кәне, балалар біздер шырша шамдарын жағуға көмектесейік.

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қайталап айтып, қолдарын шапалақтайды.

Шырша жарқырайды

Жүргізуші: Ал ендеше, Аяз ата демалып отырып біздің балалардың тақпақтарын, өнерлерін тамашалаңыздар.


Жаңа жыл келгенде,
Ақторғын: Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз, ән саламыз.

Қуантып елді,

Томирис: Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.



Ақ қырауға малынған,

Муслим: Сақалыда, мұртыда.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.


Сақалы аппақ күмістей,
Нұрай: Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шананды,
Сағындым Аяз атаны.

Жылдың әнін бастайын,
Асылым: Аяз-ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Аппақ тонға оранып,

Мейіржан: Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Жүргізуші: Жүздерінде қуаныш барша жанның, 
Сезілмейді менің де шаршағаным.
Көңілдене қосыл сен, ән мен биге,

Қуаныш көп болсын жаңа жылда. – дей отыра келесі кезекті биге берейік.

Би: «Джентльмен».

Жүргізуші: Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық – деп кезекті бүлдіршіндеріміздің

әніне берейік.

Ән: «Аяз ата».

Жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық,

Ай жүзіндей айшықтанып арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын – деп,

тағыда балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Тамаша сый алып,

Жаннұр: Келді Аяз атамыз.

Шаттанып қуаныр,

Шырқап ән саламыз.

Жүзімізде күлкі ойнап,

Иса: Шаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Қаптың аузы ашылып,
Ақмұнара: Ойыншықтар шашылды.
Аяз-ата би билеп,
Әнімізге қосылды.

Аяз келді қаhарлы,
Раяна: Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты.


Тақпақ, өлең жаттадық,
Әсия: Би үйрендік көрсін деп.
Аяз ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

Жүргізуші: Айта берсек таусылмас,

Жаңа жылдың қызығы.

Кел оданда балалар,

Ортаға шығып билейік. – деп қыздарымыздың орындауында би:

Би: «До-ре-ми».

Ойын: «Паравоз».

Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән берер,

Ән де айта аламыз – дей отырып ортаға, Раяна мен Әмина қыздарымызды шақырайық.

Жеке ән: «Өсетін болдық бір жасқа енді».

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлақтарыңда ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдеріде қандай әдемі! Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал балаларым, сендер өсе еріңдер, өркендей беріңдер аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Құрметті қонақтар, осымен Жаңа – жылға арналған мерекеміз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Жаңа – жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!












Shape1



















Shape3 Shape2

















Shape4



















Ойын (ойын Аяз Атамен)

Ендеше біз «Ауа-райы» деген ойын ойнаймыз.Ойын шартын балаларға түсіндіреді :Егер мен Күн шықты десем сендер - қолдарыңды жоғары көтеріп шамдарды көрсетесіңдер. Егер мен Жаңбыр жауды десем седер - қолдарыңды шапалақтайсындар. Қар жауды десем сендер - орындарыңда айналасыңдар. Ал егер мен Боран десем седер шеңбермен У-У-У деп жүгіріп айтасыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі