400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Жаңа жыл!

(5 – 8 сыныптар)



Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.


Барысы: Екі жүргізуші ортаға шығады.


1 – жүргізуші: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы.

2 — жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!


1 – жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай

Бүкіл әлем - бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.


2 — жүргізуші: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.


1 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тауық жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз.

(Музыка әуенімен аю мен қоян кіреді. Қолдарында шырша ойыншықтары бар)

Қоян: Балалар шетінен әдемі. Ой, неткен әсем шырша!

Сәлеметсіңдерме балалар, Біз аю екеуміз осы жаңа жыл мерекесі өтетінін біліп, шыршаны безендіруге келдік.

Аю: Сәлем достар аманба

Менде келдім ортаңа

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той – маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық. (қолдарында алып келген ойыншықтарды іліп шырша шамын жағады)

2 — жүргізуші: О – алақай, шырша шамы жағылды! Шыршаны безендіруге алып келген ойыншықтарың қандай әдемі!


1 – жүргізуші: Осындай ғажап көңіл-күймен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

(Музыка, клоун келеді)

1 - клоун: Армысыздар, халайық. Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ма?

1 - клоун: Cендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бірақ, балалар білесіңдерме жаңа жылды болдыртпауға қу жалмауыз мыстан кемпір осы айналада ұшып жүр. Оның алдау, арбауына түсіп қалмаңыздар, сақ болыңыздар жас достар!

(Осы кезде қорқынышты музыка жүре бастайды)


Мыстан кемпір: Аха-ха-ха-ха. Балалар Аяз атамен Ақшақар қайда екенін кім біледі? Білмейсіңдерме, әрине, білмейсіңдер. Мен білемін, бірақ айтпаймын. Жұмған ауызымды ешқашан ашпаймын. Ақшақар мен Аяз ата менің арбауымда, олар бүгін келмейді, жаңа жыл болмайды. Аха-ха-ха-ха, Тойланбайды, Жаңа жыл ендігі.

1 - жүргізуші: Жоқ, сен жолаушы болма, жалмауыз біз Аяз ата мен Ақшақар келетініне сенеміз.

2 - жүргізуші: Ал олар біздің Жаңа жылымызға келуі үшін балалар, бар даусымызды салып, қошеметпен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Жүргізуші: Бірге Аяз Ата Ақшақар

Мыстан кемпір: Ой, қап бәлем мына Аяз ата шалдарын құрысын, қаштым мен, Ойбай!

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4- пен 5 – ке оқыңыздар.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балаларым! Орманды көктей өтіп жеттік – ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел. Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып балалар шыршаны айналып өтейік.

(биден соң ескі жыл мешін шығады,)

Тауық: Сәлеметсіздерме балалар, қалайсыздар. Жаңа жыл құтты жыл болсын. Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.

Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 – ге қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер Қазақстан.

Келесі жыл бастауын итке берем

Ит: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?

Тауық жыл:

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жылға аманат.

Барлығы: Қош бол, тауық, қош бол.

(Қол алысып құшақтасып, тауық шығып кетеді)

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.

Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

Ит: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалған екенсіздер.


1– жүргізуші: Ендігі «Кім шапшаң» ойыны ортамызға әр сыныптан ит киімін киген кейіпкерлерімізді шақырайық.

Ойын шартымен таныссақ, біз атаған заттарды кім шапшаң, тез тапса сол жеңімпаз атанады.

2– жүргізуші: Сырға

Сағат

Ободок

Аяқ киім

Өздерінің киіммен түстес жұп табу


1 – жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз Ата,

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.

2 – жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.

1– жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерің тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмерлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.


1– жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады.

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (жалпы жаңаша би)


(Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!


Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар!


Аяз ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді)


1 – жүргізуші:

Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!


2 - жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерін шат, өмірлерің думанға толы болсын.

1 – жүргізуші:

Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі