400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош келдің жаңа жыл!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің жаңа жыл!»

Балалар көңілді музыка әуенімен төрт қатарға келіп тұрады. Бәрі би билейді.

1-бала -Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен «Қызғалдақ» ересектер тобы құттықтаймыз!

2-бала

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Таңарқанып тұрмаңыздар. Би де билеп беріңіздер.

Сәнді шырша шақырады Қызығы мол Жаңа жылдың,

Шырша жырын жырлаңыздар Тамашасын көріңіздер!

3-бала

Келіңіздер, келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол Жаңа жылдың,

Тамашасын көріңіздер!


4-бала- Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріміз,

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз.

Жарқырасын біздің әсем шыршамыз,

Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!!!

Жүргізуші:-Балалар қараңдаршы мына әсем шыршаға, сендердің бүгінгі мерекелік қуанышты жүздеріңді көріп, шыршамыз мерекемізге көңілді шаттық сыйлады. Олай болса шыршамызға арнап «Жаңа жыл » әнін орындайық.

Ән: "Жаңа жыл"

І

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге.

Жаңа бақыт, жаңа нұр 2рет

Үлкен, кіші, сәбиге.


ІІ

Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынған 2рет

Келді, Аяз Атамыз.

ІІІ

Айдай Ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз Ата ақсақал 2рет

Сыйлықтары мол екен.

ІV

Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап.

Жаңа жылда баршамыз, 2рет

Шаттанайық, кел ойнап.

Балалар әннен кейін отырады.

Жүргізуші:- Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерлі

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді – Балалар мерекелік құттықтау тақпақтардан шашу шашайық.

Балалар ортаға келіп тақпақтар айтады.

_____________________________________________________


Осы кезде ортаға Микки Маус жүгіріп келеді.

Микки Маус:- Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы балалар! Үлкендер мен кішілер! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын және сіздерді көргеніме сондай қуаныштымн! Мен- көңілді Микки Мауспын.

Жүргізуші:-Сәлеметсің бе, Микки! Қош келдің біздің балабақшаға!

Микки М:- Ал, сіздердің есімдеріңіз кім болады? (балалар танысып, есімдерін айтады). Естіген жоқпын! Қане, қаттырақ айтыңдаршы. Жарайсыңдар, балақайлар! Сіздер қалай көпсіздер, әрі есімдерің де әдемі екен. Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?(балалардың жауабы). Ертегі әлеміне барғыларың келе ме? (балалардың жауабы). Ендеше сиқырлы сөзді жаттап алайық. Мұқият тыңдаңдар және есте сақтаңдар!!!

ПИМ-ПИМ, РИМ-РИМ, ТИЛИ-МИЛИ ПИЛИРИМ!!!

Естеріңе сақтадыңдар ма? Олай болса бәріміз қайталаймыз. (Балалар сиқырлы сөзді хормен қайталайды. Осы кезде жарық өшеді, ортаға қорқынышты екі елес кіріп келеді. Балалардан айналып жүреді).

Елес:- ХА-ХА-ХА. Бұл мерекеге ешқандай жол жоқ. Біз өте қорқынышты елестерміз, барлық ертегі әлеміне біздер еніп кете береміз. ХА-ХА-ХА!

Елес:- Қайдаға-жайдағы Микки Маус, Ақшақар және Аяз атаны емес, тек бідерді ғана қолдайтын боласыңдар. ХА-ХА-ХА! Жаңа жыл мерекесі елестер мерекесіне айналсын! У-У-У! (Елестер залды айналып шығып кетеді).

Жүргізуші:-Масқара! Не болып кетті өзі!? Бұлар біздің мерекеміздің шырқын бұзып кетті ғой! Сен де Микки Маус енді өз ертегі әлеміңе жете алмайсың ғой.

Микки М:- Қапаланбаңыздар! Бұл елестерден құтылуға тырысамыз. Осы жерде әрі мықты, әрі батыл ұл, қыздар өте көп деп ойлаймын. Балалар маған көмектесесіңдер ме? Бірақ, елестерді жеңу үшін тек қана сиқырға сенетін жандардың қолынан келеді. Ал, сендер сиқырға сенесіңдер ме? (балалардың жауабы). Олай болса, бағанағы сиқырлы сөзді қайталап айтайық, мүмкін біздің ертегі әлемімізге елестерді жоятын бір күшті кейіпкер келетін шығар. (Балалар сиқырлы сөзді хормен қайталайды. Осы кезде Бэтмен кейіпкері келеді.)

Бэтмен:- Мен- «Қара шапанды Бэтменмын!» түннің иесімін! Елестер қайда?

Микки М:- Сәлем, Қара шапанды Бэнтэн!

Бэтмен:- Иә, айтпақшы. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа елестердің осында жүргенін естіп келдім. Олармен шайқасқа түсуге асығып тұрмын.

Микки М:- Бэтмен елестерді жеңу үшін алдыменен, денені жаттықтырып бойыңа күш қуат жинап алу керек.

Бэтмен:- Қалайша бойыма күш жинаймын? Мен онсызда күштімін ғой!

Микки М:- (қолындағы шоколадты көрсетеді) – Мына тәтті шоколадты жесең сен одан сайын күшті болып кетесің.(шоколадты береді) Алдымен олардың қалай көңілденіп билейтіндерін көріп ал.

Бэтмен:- Жарайды! (шоколадты жейді).

Би: «Шоколадтар»

Бэтмен:- Жарайсыңдар балалар! Енді Бэтмен әрқашанда бір өзі жеңіске жетіп отырады! (Залдан шығып кетеді, сырттан шу естіледі. Бэтмен ортаға келеді. Көзі көгерген, аяғы ақсаған қалпында) – Ой,балалар мен елестерді жеңе алмадым, мені кешіріңдерші.Олар өте қорқынышты екен. (шығып кетеді).

Жүргізуші:-Енді не істейміз, Аяз атамыз бұл жерге келетін болса жолдың бәрін елестер қараңғы етіп тастады ғой.

Микки М:- Балалар біз елестерді міндетті түрде жеңетін боламыз. Бағанағы айтқан сиқырлы сөзді бәріміз тағыда қайталап көрейік. Мүмкін өте мықты кілемнің үстінде ұшып жүретін сиқыршы келетін шығар. (Балалар сиқырлы сөзді хормен қайталайды Осы кезде Сиқыршы кейіпкері келеді. Қолында жалтырақ таяқшасы бар)

Сиқыршы:- О, сәлем достарым! Мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші:-Ия, Сиқыршы сізді шақырдық. Себебі біз бүгін ертегі әлемінде Жаңа жыл мерекесін тойлаймақшы едік. Бірақ ертегі әлемімізге қорқынышты елестер кіріп кетті, олар Аяз ата мен Ақшақардың жолдарына бөгет жасамақшы. Сіз бізге көмектесе аласыз ба?

Сиқыршы:- Әрине көмектесемін. Мен әлемдегі ең мықты сиқыршымын. Және кез-келген армандарды орындаймын.

Микки М:- Олай болса, сіз бізге бір сиқырлы өнеріңізді көрсетіңізші.

Сиқыршы: - Әрине көрсетемін. (фокус көрсету)

Жүргізуші:-Сиқыршы мырза біздің бір арманымыз бар еді. Сіздің сиқырлы әлеміңіздегі ең әдемі биді ортаға келіп билеп берсінші.

Би: «___________________»

Сиқыршы:- Енді мен елестердің көзін жоямын. (Залдан шығып кетеді, сырттан шу естіледі. Бэтмен ортаға келеді. Көзі көгерген, аяғы ақсаған қалпында) – Ой,балалар мен елестерді жеңе алмадым, мені кешіріңдерші.Олар өте қорқынышты екен. (шығып кетеді).

Жүргізуші:-Енді не істейміз. Мүмкін балалар сендер айтыңдаршы, ертегі әлемінен елестерді кім қуып жіберетінін?

Балалар: - Елестерді текқана Аяз ата қуалады. Себебі оның сиқырлы таяғы бар!

Микки М:- Олай болса, бәріміз Аяз атаны дауыстап шақырайық!

Балалар:- Аяз ата, Ақшақар!!! Аяз ата, Ақшақар!!! Аяз ата, Ақшақар!!!

(аяз ата мен Ақшақар келмейді.)

Жүргізуші:-Балалар, Жаңа жылға арнап бір ән шырқайық, сонда даусымызды естіп жолды тауып келетін шығар.

Ән: "Кел, кел жаңа жыл".

І

Жаңа жылда сол распа,

Үлкейеміз мен бір жасқа.

Үлкейеді ағам менің,

Үлкейеді қарындаста.



Қ-сы:

Кел, кел жаңа жыл,

Шырқа, шырқа бала жыр. 2рет.

ІІ

Жасыл шырша жарық шамдар,

Көп жұлдыздар жанып самғар.

Биге, биге басыңдар кеп,

Ән салудан жалықпаңдар.

Қ-сы:

ІІІ

Болсын мейлі сағат қанша,

Біз жатпаймыз ел жатқанша.

Ал үлкендер ән салады,

Би билейді таң атқанша.

Қ-сы:

(Осы кезде көңілді музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді)

Аяз ата:- Сәлем, Сәлем балалар,

Сәлем қымбатты достар.

Қол шапалақтап қарсы алыңдар,

Сендерге келді Аяз ата мен Ақшақар!

Бүгін Жаңа жылмен құттықтаймыз,

Жақсы көңіл сіздерге сыйлаймыз.

Ақшақар.- Жаңа жылға келдік біз,

Қуанымыз бәріміз!

Менің атам көңілді,

Балаларды сүйеді.- Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтамыз!!!

(балалар амандасады.)

Жүргізуші:-Аяз ата біздің мерекеміз сәтсіздікке ұшырағалы тұр! Себебі қатыгез қорқынышты елестер бүгінгі мерекеміздің шырқын бұзбақ. Және сіздердің жолдарыңызды қараңғы етіп тастады.

Аяз ата:- Балалар сендер елестерден қалай құтылуға болатынын сендер білесіңдер ме?

Балалар:- Жоқ білмейміз.

Аяз ата- Ал, мен білемін. Олар тек жарықтан қорқады. Оларды қуып жіберу үшін мына әдемі шыршаның шамдарын жағу керек. Ал, шыршаның шамдары жәй ғана жамбайды. Шыршаның шамдарын жағу үшін, бәріміз қолдарымызды жоғары көтеріп шыршаға «Кукарямба!» деген сөзді хормен дауыстап айтайық.

ШЫРША, ШЫРША, ШЫРШАМЫЗ!

ЖАСЫЛ, ШЫРАЙЛЫ ШЫРШАМЫЗ!

ЖАН! ЖАН!

КУКАРЯМБА! КУКАРЯМБА!

(Шыршаның шамдары жанады, арғы жақтан елестердің дауыстары естіледі)

Елестер:- А-А-А, жоқ, жоқ, Жарықтан қорқамын! А-А-А!

Микки М:- Тамаша, бәрі де жақсы аяқталды! Қымбатты достар, ойын – сауықты жалғастырамыз!

Жүр:- Аяз ата, Ақшақар,

Ортамызда балалар.

Қолұстасып айналып,

«Сәлеметсіз бе, Аяз ата!» әнін орындасақ жөн болар!



Ән: "Сәлеметсіз бе, Аяз Ата?"

І

Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында.

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында?

Қызза түсін кешіміз,

Қаптың аузын шешеміз.

Қаптың аузын көрген де,

Шығып кетт-ау, есіміз.

Қ-сы: Аяз ата, Аяз ата

Кел, билейік қуана.

Аяз Ата, Аяз Ата

Кел, билейік шаттана! 2 рет.

ІІ

Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды.

Аяз ата би билеп,

Әнімізге қосылды.

Сақалының ұзын-ай,

Саудыраған мұзын-ай.

Жарқыраған оттары,

Жаңа жылдың қызық-ай.

Микки М:- Балалар сендермен ән шырқап сондай көңілдендім. Міне орталарыңа Аяз ата мен Ақшақарларың келді. Енді мен өз ертегі әлеміме қайтатын уақытым болып қалды. Көріскенше сау болыңдар балалар!

(Микки Маус қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші:-Мерекемізді әрі қарай тақпақтармен жалғастырайық.

_____________________________________________________

Жүргізуші:-Аяз ата балалар сізді көңілді ойынға шақырып отыр.

Ән-ойын: «Аяз ата және балалар»

(Ойынның соңында Аяз ата – Мен сендерді мұз етіп қатырамын дейді, балалар қашады)

Аяз ата:- Балалар мен сендерді тағыда ойынға шақырамын. Мына менің таяғымның астынан билеп жүріп өтесіңдер. Егерде бұл таяғыма тиіп кетсеңдер мұз болып қатып қаласыңдар.


Ойын: «Аяз атаның таяғының астынан өту»


Жүргізуші:-Күй тыңдап тамаша,

Әуенге ілесіп,

Түрленіп,иіліп,

Билейді жараса! -Қыздарымыздың орындауында «_____________» биін тамашалаңыздар.

Би: «_______________»

Ақшақар:- Балалар айтыңдаршы қар жауған кезде сендер қандай ойынды жақсы көресіңдер? (балалар Аққала соқанды, қар атып ойнағанды жақсы көреміз дейді) – Олай болса, келіңдер балалар ортаға Аққаланы алып ән шырқап, би-билейік.



«Аққала әні»

І

Аула сырты баққада,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Ойнаймыз біз шаттана. ІІ

Қ-ы. Аққаламыз жүрмейді,

Аққала 2, сені жасап мақтана Бізбен бірге күлмейді.

Қорғауменен жүреміз, Қалжындап қар атсақта

Бұздырмастан басқаға. Сөз қайтару білмейді.

Ақшақар:- Аяз ата енді сыйлық беретін уақыт болды. Балаларды күттірмей сыйлықтарды таратайық.

Аяз ата:- Әрине қызым, сыйлықты таратамыз. Алдымен маған балалар беске дейін ағылшынша, орысша, қазақша сандарын айтсын.

(Балалар 5-ке деін үш тілде санайды, осы кезде күшіктің даусы естіледі.)

Аяз ата:- О, естідіңдер ме, балалар! Келе жатқан Жаңа жылдың даусы шықты. (Аяз ата қапты ортаға әкеліп қояды, ішінен күшіктің киімін киген бала шығады.)

Күшік бала:- Мен Жаңа жылмын! Мен Жаңа жылмын!

Әр үйге келсін Жаңа жыл,

Әр үйде болсын жаңа жыр,

Бақытқа толсын сағыныш,

Әр үйде болсын қуаныш!

Жүргізуші:-Қош келдің, Жаңа жыл Сары күшік елімізге, жерімізге құт береке болып кел.

Аяз ата, Ақшақар

Жарасып тұр тамаша

Сыйлықтары мол екен

Көз қызығар қараса - деп балалар атамыздың сыйлығына рахмет айтайық!

Балалар-РАХМЕТ!!!

Жүргізуші:-Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Бізге құтты жыл болсын!!!- Осымен ертеңгілігіміз ая

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі