жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің Жаңа жыл! 2020
Қош келдің, Жаңа жыл!
Әуен қосылып балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Бөлмеміз қандай әдемі,
Әрі жарық безендірілген
Қысқы орман сияқты,
Бәрі-бәрі ап-аппақ.
-Балалар бүгін қандай мереке?(Жаңа жыл)
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме құрметті Ата аналар,апайлар және кішкентай біздің ұл қыздарымыз жаңа жыл мерекесі құтты болсын.
Жаңа жылды біз тойлап.
Шаттанамыз баріміз,
Өлеңде әзір ән әзір.
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл,жаңа жыл
Ән: «Жаңа жыл»
1.Жаңа жыл мереке
Бақшамызға келді
Аяз ата бірге сыйлықтар әкелді
Қ-сы
Әнде айтып бердік, тақпақта айтып бердік
Ырза болып ата қалыпты (2 рет)
2.Арқасында қапшық
Екі қапшықта ойыншық
Қапшығын ашады
Балалар қуанады
Қ-сы
Әнде айтып бердік, тақпақта айтып бердік
Ырза болып ата қалыпты (2 рет)
Жүргізуші:-Балалар,біздің шыршамыз қандай?
Балалар:Әдемі
Жүргізуші: Тағы қандай?
Балалар: Биік
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Олай болса балалар шыршаға арнап тақпақтарымызды айтайық.
Арнұр
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Багдан
Наша елка высока
Наша елка велика
Выше мамы выше папы
Достает до потолка.
Дидар
Тамаша. Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Полина
Елочка елочка
Вот она какая
Стройная, карасивая
Яркая, большая
Айсана
Тауда туып, тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Жүргізуші:
Шыршаға жақын барайық,
Жоғары-төмен қарайық
Мұнда қанша ойыншық бар,
Бәрін санап алайық.
Баяу дыбыстаған дыбыс естіледі: «Ауу»
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты,тыңдаңдаршы, бір дауыс естіп тұрмын.
(Тағы дыбыс естіледі бұл жолы қатты)Ақшақар қонаққа келеді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме ! (Балалар амандасады)
Жүргізуші:Сәлеметсің бе! Міне,біздің бірінші қонағымызда келіп жетті.
Ақшақар: Таныдыңдар ма мені? О, балалар шыршаларың неге жанбай тұр – Ал мен оларды қалай жағу керектігін білемін.
Мен бір құпия ашамын,
Бәріміз бірге қайталайық.
Аяғымызды қатты тарсылдатсақ
Шамдары оның жанады. (балалар аяқтарымен тарсылдатқанда шам жанады)
Егер шырша шамын
Өшіргіміз келсе
Шырша инелеріне.
Бәріміз бірге үрлейік (балалар шыршаға үрлейді, ойынды 2-3 рет қайталау)
Жүргізуші: Шыршамен ойын ойнадық енді шыршаға арнап ән айтып берейік
Ән «Шырша жыры»
1.Шырша тауда болыпты,
Шырша тауда өсіпті
Енді бізге қонаққа
Жасыл болып келіпті
Қ-сы
Шырша,шырша,шыршамыз
Әнге қосылшы
Шырша,шырша,шыршамыз
Биге қосылшы.
2.Ойыншықтар тізілген
Шырша бізге қарапты.
Қандай жақсы, керемет
Мерекеміз Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар, сендер Ақшақардың кімнің немересі екенін білесіңдер ме?
Балалар: Аяз атаның
Жүргізуші: (Ақшақарға), Ал Аяз Атаның өзі қайда, ол біздің мерекеге келе ме?
Ақшақар: Келеді,келеді, ол жолда, қазір келіп қалады.Аяз ата келгенше менімен бірге би билейікші.
Би: «Ұлпа қарлар»
Жүргізуші: Біз Аяз атаны ортаға шақыру үшін Аяз атаға арнап таптақтарымызды айтып берейік
Мустафа
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Ж. Софа
Здраствуйте дедушка мороз!
Ты подарки нам принес?
Я тебя так долга жду
Никуда не выхожу.
Төреғали
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз тойда жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғсады жырға жыр
Аша
Огоньки на елка
Весело горят.
Дед Мороз, скорее
Пирходи в наш сад
Марлен
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың
Ақшақар: Міне ,Аяз атамызда келді. (Аяз атаны қарсы алу)
Аяз ата: Сәлеметсің бе ,немерем! Сәлеметсіңдерме балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма, сағындыңдар ма мені?(балалар жауабы).
Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата !Жоқ, Аяз ата, Ақшақар көңілімізді көтеріп жүр.
Аяз ата: (қолындағы қабын шырша түбіне қояды)Жарайсың ,немерем.
(сыйлық салынған қапшық жоқ болып кетеді, оны Аяз ата байқамайды)
Аяз ата: Жаңа жылмен құттықтаймын,
Бақыт, қуаныш тілеймін!
Ақылды бала болып өсіңдер.
Көңілді, ән шырқап,
Әрқашанда күліп жүріңдер!
Барлықтарыңды Жаңа жылмен құттықтаймын!
Хороводты бастайық! Өйткені бізде Жаңа жыл!
Би: «Малыши-карандаши»
Ақшақар: Балалар, мен ұлпақарлар биін білемін ,қане билейікші.
Аяз ата мен Ақшақар орындыққа отырады.
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздер отырып демалып алыңыздар біздің балалар сендерге тақпақтарын,әндерін айтып берсін.
Сафура
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Бекарыс
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер,
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болып өсіңдер.
Дарина
Елочка елочка
Яркие огни!
Бусами бусами
Елочка звени
Альбина
Келіңдер келіңдер
Тақпақ айтырп беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Лена
Наша елка хороша,
Вся сият от огня-
шарики хлопушки,
Красиивые игрушк.
Сергей
Новый год! Новый год!
Вгости елочка придет.
Дед Мороз и зайки
Принесут подарки.
Ойын:
Ән: «Аяз ата»
1.Аяз ата келді
Тамашаны көрді
Риза болып қуанып
Бізге сыйлық берді
2.Мерекеге келдік
Тақпақ айтып бердік
Ойыншықтарын тізген
Шыршаныда көрдік
Аяз ата: Балалар сендер қалай өсіп кеткенсіңдер! Өздеріңді тәртіпті ұстадыңдар ма? Ата-аналарыңды тыңдадыңдар ма? Кішкентайларды ренжіткен жоқсыңдар ма, ойыншықтарды сындырған жоқсыңдар ма?(Балалар жауаптары)
-Мен сендердің барлықтарыңды танимын,білемін қандай балалар екендеріңді. Сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар.(қапшығын іздейді)Бұл не,менің қапшығым қайда?
Ақшақар: Ата мына жерде болған.
Аяз ата: Түсіндім, тағы да қоян мен түлкінің ісі, жылда осылай істейді. Қазір, мен оларға көрсетемін!(таяғымен еденді ұрып шырша артына кетеді).
-Міне ,таптым, жоғалғанды! Бірақ қапшық үлкен болып кеткен бе?...
-Қане,қапшық,соңымнан ер,ішіңдегіні көрсет. (музыка ойналып қапшық ортаға шығады.одан қоян мен түлкі бастарын шығарып күледі.Аяз атадан қашқысы келеді.Аяз ата таяғымен тарсылдатады).
-Қанекей,мында келіңдер,тағы ескі әдеттеріңді бастадыңдар ма?
Қоян мен Түлкі:(бір-біріне)Мен емес, ол бәрін істеген!
Аяз ата: Түсінікті!Неге қапшыққа кіріп алдыңдар?Балаларды сыйлықсыз қалдырайық дедіңдер ме?
Қоян: Біз тек,ойнайық дегенбіз...
Түлкі: Тосын сый жасайық деп.
Қоян: Күлкілі ,көңілді болсын деп.
Аяз ата: Балалар , не істейміз оларға кешіреміз бе,әлде жазалаймыз ба?
Балалар: Кешірейік.
Жүргізуші: Иә ,Аяз ата кешірейік. Бүгін мереке ғой.
Аяз ата: Жарайды. Бірақ менің шартым бар.
Қоян мен түлкі: Ол қандай шарт. Біз бәріне дайынбыз.
Аяз ата: Балалармен бірге би билеп беріңдер.
Би: «Сүйкімді аңдар»
Аяз ата: Қане ,байқайық сыйлығымыз орында ма екен?
Қоян мен Түлкі: Ой! (Енді не істейміз бір-біріне қарап)
Аяз ата: Тәттінің бәрін жеп қойдыңдар ма?
Қоян: Мен тоқашты...
Түлкі: Мен кәмпитті...
Қоян мен Түлкі: (бірге) Қалғанын жеуге үлгермедік.
Аяз ата: Жақсы, қалғанын қалдырғандарыңа.Бірақ, сендерді ме ұстап алсам...(қуып жетіп алуға талпынады).
-Қапшықты алып келіңдер! (әкеледі,барлығы орындыққа отырады)
Аяз ата сыйлықтарын таратады.
Аяз ата: Міне, жаңа жылдық мереке аяқталуға шақ!
Қамқорлық тілеймін, балалар!
Ата-аналарыңның қуанышы болыңдар!
Ақшақар: Балалар Аяз ата екеуміз кетуіміз керек, жаңа жылда жолыққанша!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген