400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Байет ЖОББМ

«Қош келдің жаңа жыл»


Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.



Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!

Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

( Әуенмен ортаға балалар келеді)



Құттықтау сөзі:   мектебіміздің директоры Алпемаш Ерке, оқу ісінің меңгерушісі Тогтбай Алибекке беріледі

( Шыршаны айналып ән айтады)

Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Шырша жыр» балалар шыршаны айналып жүріп айтады.

Жүргізуші: Балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық, естімейтін шығар, қатты дауыстап шақырайық!

Балалар: Аяз Ата,  Аяз Ата, Ақшақар! (2-3рет)

Әуенмен Гном  жүгіріп келеді.

Гном:  Сәлеметсіздерме балалар! Қонақтар! Мен Гноммын. Жаңа жылдарың құтты болсын балалар!

Жүргізуші: Гном сіз қандай күлкілі, қандай әдемісін ,бізбен қал біз өлең айтамыз, билейміз жаңа жылды қарсаламыз.

Гном: Әрине бүгін жаңа жыл ғой. Бәріміз шыршаны айналып ән айтып, би билейміз.


Жүргізуші: Балалар, тағы да шақырайық Аяз Ата мен Ақшақарды , естімейтін қалған шығар, қатты дауыстап шақырайық!

Музыкамен Аяқ ата Ақшақар келеді.

Аяз ата: 

Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!


Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!


Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.

Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады. 


Би: «Ақшақарлар биі»


Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балабақшаға келгенше шаршаған шығарсыз отырыңыз? Аяз Ата шырша жанына орындыққа отырады.

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын айтқысы келеді

1.

2.


Жүргізуші: «Аяз ата» әні кішкентай бүлдіршініміз Ризаның орындауында


Жүргізуші:  Ақшақар, біздің кішкентай ханшайымдарымыз сізбен би билегісі келіп тұр. Соны тамашалаңыз. 

Би: « Тик так» би кішкентай жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар!


Жүргізуші: Балалар орындауында «Жаңа жыл» әні даярық тобы


Жүргізуші: «Шыршаға бардық» әні кішкентай балапанымыз Аяланың орындауында.

Би: «Барбарики» биін тамашалайық.


  (Гном)   Аяз ата бүгін меніңде гном достарым көп екен. Солармен би билеп берейін.

Би:  «Гномдар» 


Аяз Ата: Өте жақсы, білімді, өнерлі балалар екенсіңдер.

Жүргізуші:  Аяз Ата бугін біз ән айттық, би биледік, сіз бізге сыйлық бересіз бе?


Аяз Ата: Өте әдемі өнерлі балалар екенсіңдер, сіздерге сыйлығымды берейін. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратып қоштасып кетеді.


Жүргізуші: Осымен біздің «Балапан» балабақшасы мен мектепалды даярлық тобының мерекелік ертеңгіліктері аяқталды. Келесі мерекеде кездескенше сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі