«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кеш.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

118Көкбұлақ жалры орта білім беретін мектебі







Қош келдің жаңа жыл



Орындағандар:

Пед ұйымдастырушы Г.Сахова

Аға тәлімгер: М.Агназова









2023-2024 оқу жылы

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кеш.
1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшыларымыз Ә.Түгелов пен Қ. Әбуге береміз.

2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!


2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)
1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен қоян жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Ұлу жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ұлу жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
1 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне дайындық тобының биі тамашалайық., Қарсы алыңыздар

Би

Би

Тақпақ

1 Жүргізуші: Рахмет сендерге,

2 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Ортада дайындық тобы

Қыздар биі

Тақпақ

1 Жүргізуші: 

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

1а сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық

Тақпақ

Снежинок биі

Алаш биі

Ән Үшкемпір А



2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

1ә сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық

1ә сынып

Тақпақ

Би «до ре ми»

Ән Қалдыбек Аружан «Биле-биле»

Хор

1 Жүргізуші: 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1б сынып оқушыларының биші қыздарының биі мен тақпақтарын тамашалайық

Тақпақ

Қыздар биі «Жаңа жыл»

Ұлдар биі «Ивушка»танец Гномик

2 Жүргізуші:

Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

2а сынып оқушыларының әдемі өнерлерін тамашалайық

БИ қыздардың орыдауында

Ән Өмірзақ Әлинұр орындауында «Жаңа жыл»

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

2ә сынып оқушыларының бізге дайындап келген өнерлерін көрсетсін.

Ән Ержан Раяна жаңа жыл әні

Арманұлы Нұрасыл Жаңа жыл әні

Аяз ата

Жарайсыңдар! Балалар өнерлерін керемет,өнерлерің өрге жүзсін

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...

3а сынып оқушыларының дайындап келген ән-жырларын қабыл алыңыздар

Би қыздар

Ән

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе,

3ә- сыныптың оқушыларының биін қарсы алыңыздар!

Би қыздардың орындауында

Ән Тұрақты Айша «Шырша жыры»

Ән Үшкемпір Арсен «Жаңа жыл»

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып
,
Жалғасады жырға жыр.

4а –сынып оқушысы «Жаңа жыл»биі

Ән Слам Айару



Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.
4ә сынып оқушылары сұлу қыздары мен сері жігіттерінің өнерін паш етпекші

Қыздардың орындауында «Снежинок» биі

Ән Молдабай Әсемай «Жаңа жыл келді»

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші:Құрметті достар!
2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық оыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ұлу жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

ІІ жүргізуші: 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

І жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Ә.Түгеловке береміз.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышына Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!Аяз ата

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші:

Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

І жүргізуші:

Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Ақбалтыр ақ мәрмәрден құйылғандай
Жарқ етіп шыға келдің жұрт алдына,
Биші қыз, ғажап еді биің қандай.

Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. "5а"сынып оқушыларының өнерін тамашалайық .

Қарсы алыңыздар!

Би Қыздардың орындауында

Аяз ата биі

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. 

Аяз ата. Өнерлерің өрге жүзссін қарақтарым.

ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Өнерлерің шарықтай берсін!

Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Биші қыз, билеп кеттің тербетіле.
Бұралып тал шыбықтай тұла бойың,
Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіңе.

5ә сынып өнерпаздарының орындауында «Флешмоб» биі

І жүргізуші:

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан-дей келе 5б сынып оқушыларының «үнді биін» қарсы алыңыздар

ІІ жүргізуші:

Билеші биші қыз билеші
Бұл жердің сен сұлу бикеші
Билеші тағы да жайнасын
Өзіңменен би кеші-демекші 6а сынып оқушыларың «Жаңа жыл биі» қарасы алыңыздар

«флешмоб»

І жүргізуші:

Әліппе ойыны
Жүргізуші: «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?» - дейді. Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А – Ақшақардай сұлу болайық. Ә – Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б – Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.

ІІ жүргізуші:
6ә сынып қыздардың орындауында би

Сәбит Бақдәулет «Класстастар» Ойын: Шырша ойыны. Біз әр сыныптан бір ұл бір қыз шығарып, қандай сұрақ қойсақ та, Сол әріптен басталатын сөзбен жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз ол бала ойыннан шығады. Сонымен сұрақ ойнымызға көшеміз.

  1. Ж,С,Б,Е,Т,А,О

1. Атың кім?

2. Нешедесің?

3. Сынып жетекшің бар ма?

4. Қасыңдағы мұғалімің кім?

5. Қай мектепте оқисың?

6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?

7. Досың кім?

8. Сабақта үлгерімің қандай?

9. Көзіңнің түсі қандай?

10. Аяғыңа не киесің?

І жүргізуші:

Би десе барын салатын,

Құмары содан қанатын.

Биле, кәне, достарым,

Кезекті сізге жолдадым деп 7а сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.

Би

Би

ІІ жүргізуші:

Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр - далада.
Бишілер мың бұралып билегенде
Тебіренер сілкініп, жер - ана да 7ә сынып оқушыларының биін қарсы алыңыздар.

Би

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі