400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Қош келдің, Жаңа Жыл!" атты мерекелік ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, жаңа жыл туралы түсініктерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерте жас “Ботақан” тобы

“Қош келдің, Жаңа жыл!” атты мерекелік ашық сабақ

Мақсаты: Балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, жаңа жыл туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй тудыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Ақшақардың, Аққаланың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назарын аударту; бірлескен көңілді ойындар ойнату арқылы достық қарым-қатынас орнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Ақшақар, Қоян, Аққала, балалар және қонақтар.

Мерекеге сай әсем безендірілген топ бөлмесі, бұрышта ойыншықтар ілінген жасыл шырша. Балалар жағалай отырады. Музыка әуені ойнап тұрады.

Жүргізуші: Сәлем бізден баршаға,

Құттықтаймын жар сала.

Бүгін бізде Жаңа жыл,

Қош келіпсіз, шыршаға!

- Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Қараңдаршы, шыршамыз қандай әдемі, ойыншықтары да көп екен. Балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты. Музыкамен секіріп қоян келеді.

Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,

Ақ түске мен бояндым,

Сәбіз берсең, балалар,

Әдемілеп тоямын.

Секіремін, жүгіремін,

Сендерге қарай келемін.

(Балаларға қарап) - Қандай әдемі балалар, қандай әсем шырша!

Жүргізуші: - Ақ қоян, сен қайдан келдің?

Қоян: - Мен алыстан, орманнан келдім. Сендермен ойнап-күліп көп қызыққа батар едім. Балалар мен сендермен ойнауға келдім, кәне, бәріміз қардан аққала жасайықшы, ол үшін алдымен жерден қарларды жинап әкеп бір-бірден аққаланың дене бөліктерін жасаймыз.

Ойын: “Аққала”

Ойын аяқталған кезде қоян балалармен бірге аққаланы айналып қуанып билейді: Қар жауғанда топ бала,

Соқтық міне аққала!

Әуен қосылып, көңілсіз мұрнын жоғалтқан Аққала кіреді.

Жүргізуші: - Балалар, біз қардан аққала соғып едік нағыз Аққала бізге қонаққа келді. Сәлеметсің бе, Аққала! Неге көңіл-күйің жоқ?

Аққала: - Сәлем, балақайлар! Менің мұрным қар арасына түсіп қалыпты, соны таба алмай келемін.

Қоян: - Сен мұңайма, Аққала, сенің мұрныңды табуға біздің балақайлар көмектеседі, солай ма, балалар? Кәне, бәріміз қар арасынан Аққаланың сәбіз мұрнын іздейік.

Ойын: “Қар кесектері” (балалар қар кесектерін шелекке жинай жүріп арасынан жасырынған бір сәбізді табады)

Аққала: - Рақмет, кішкентай достарым, мұрнымды тауып бергендеріңе. Енді мұқият боламын. Ой, балалар шыршаларың қандай әдемі, бірақ бір нәрсе жетпей тұрған сияқты.

Қоян: - Мен білем, шыршаның шамдары жанбай тұр.

Аққала: - Ендеше, Ақшақарды шақырайық ол сиқырлы таяғымен шыршаның шамдарын жағып берсін.

Жүргізуші: - Балалар, бәріміз дауыстап ортамызға Ақшақарды шақырайық.

Бәрі хормен: - А-у-у, Ақшақар - деп дауыстайды.

Уілдеген боран дауысы естіліп, Ақшақар келеді.

Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы,

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

- Сәлем, балақайлар. Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын! Сендермен бірге мерекені тойлауға келдім.

Нұрландырып маңайды,

Шырша шамы жағылсын

Жаңа жылдың құрметіне,

Ақ тілектер ағылсын!

- Ал, балақайлар, кәне маған көмектесіңдерші, шыршаның шамын жағайық, кәне, бәріміз үрлейік. 1,2,3 – шырша жайнай түс!

Қоян мен Аққала: Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Ақшақар сиқырлы таяғымен түртіп шырша шамын жағады. Балалар қуанып қолдарын шапалақтайды.

Жүргізуші: - Рақмет, Ақшақар балаларды қуанттыңыз. Енді бізбен бірге билеңіз. Көңілді әуен қойылып, бәрі билейді.

Ақшақар: - Балалар, сендермен билеп бір сергіп қалдым. Аяз атаның сендерге беріп жіберген сыйлықтары бар еді, соны таратып берейін.

Ақшақар балаларға сыйлықтарын береді.

Ақшақар: - Ал, балалар, біз енді жолға шығайық, бізді өз мерекелеріне басқа балалар да күтіп отыр. Сау болыңдар!

Ақшақар, Аққала мен Қоян балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, біздің “Ботақан” тобының бүлдіршіндері сіздерді жаңа тышқан жылымен құттықтайды. Бүгінгі “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты ашық сабағымыз өз мәресіне жетті, көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет, сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі