400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің,  Жаңа жыл»

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар,тәрбиешілер. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа  жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл- күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Ендеше ортаға біздің «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерін «Жаңа жыл» биімен қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

(балалар ортаға бимен шығады)

Би: «Жаңа жыл»

Жүргізуші:  Келесі кезекте ортаға мерекеге арналған тақпақтарды қарсы алайық.

Тақпақтар: Димаш, Жанерке, Дария

Жүргізуші: Балалар келген қонақтарымызға, ата-аналарымызға әнімізді шырқап берейікші

Хор: «Бізге Жаңа жыл келді»

(осы әнді естіп Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Амансыздарма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз ата, бізде сізді асыға күтіп отыр едік. Немереңіз Ақшақар қайда?

Аяз ата: Мен сендерге келе жатқан жолда немеремнен көз жазып қалдым.

Жүргізуші: Ой,Аяз ата сіз уайымдамаңыз немереңіз біздің балалардың айтқан әндерін, тақпақтарын естіп өзі де келіп қалар. Сіз жайғасып отырып біздің бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар: (Гулляр, Даниил, Милана, Ш.Рамазан)

Лол: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қайда тап болдым?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Сіз кімсіз? Қайдан келе жатырсыз?

Лол: Мен қуыршақ Лолмын. Мен досым доңызды іздеп жүр едім. Көрмедіңіздер ма?

Жүргізуші: Жоқ, қуыршақ, біз сенің досыңды көрген жоқпыз. Біз бұл жерде «Қош келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді тойлауға жиналып отырмыз.

Лол: Ооо,алақай! Мен осындай мерекеге тап болғаныма сондай қуаныштымын. Мен де сендермен мерекені тойласам болады ма?

Жүргізуші: Әрине, қуыршақ Лол, қуана-қуана келісеміз. Сен олай болса біздің балалардың биін тамашала. Көңіл күйін көтеріліп қалар.

Би: «Джентельмены» (Паша, Димаш, Ният, Рамазан)

Лол: Шынымен де керемет көңіл-күйім көтеріліп қалды.

(осы кезде көңіл - күйі жоқ доңыз келеді)

Доңыз: Лол мен сенен адасып қалдым.

Лол: (құшақтап) Мен де сенен көз жазып қалдым ғой.

Жүргізуші: Ой доңыз, сәлеметсің бе! Төрлет. Неге сенің көңіл-күйің жоқ?

Доңыз: Менің биыл балалармен қоштасып, он екі жылдан кейін бір-ақ ораламын. Соған көңіл - күйім түсіп тұр.

Жүргізуші: Доңыз, сен көңіл-күйіңді түсірме. Біздің балалармен бірге көңіл күйіңді көтер. Біздің балалардың тақпақтарын тыңда.

Тақпақтар: (Нұрсая, Юсуф,Рауф)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен атамнан адасып көңіл-күйім болмай келе жатыр едім. Атам да осында екен ғой.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Ақшақар! Жолды табалармекен де бізде сені уайымдап күтіп отыр едік. Сені көргенімізге өте қуаныштымыз. Қош келдің біздің ертеңгілігімізге.

Ақшақар: Мен сияқты мұнда кішкентай ақшақарлар бар екен ғой. Мен солармен би билесем қайтеді.

Би: «Снежинка» (Милана, Лиза, Гульназ, Адоша, Сабрина,Зейнеп)

Лол: Балалар біздің жаңа жылымыз кешігіп жатыр. Жолда адасып қалмадымекен, мен барып көріп келейін.

Жүргізуші: Балалар, біздің қуыршақ досымыз жаңа жылымызды

Хор: «Жаңа жыл»

Жеке би: «Лезгинка» (Рамзан)

(Боранның даусы естіледі)

Жүргізуші: Тыңдайықшы балалар. Біздің әнімізді естіп жаңа жылымыз да келе жатқан сияқты.

(Сиқыршы келеді)

Сиқыршы: Мен қайда түстім? Мен қазір барлығыңды сиқырлап тастаймын! Ешқандай мереке болмайды. Мен жолда жаңа жылды да сиқырлап тастадым.

Жүргізуші: Жо-жоқ сиқыршы. Біз бұл мерекеге қанша дайындалдық.

Доңыз: Біз балалармен бірге жаңа жылды күтіп отырмыз.Мен қоштасқалы келіп едім.

Жүргізуші: Сиқыршы, сен біздің балалардың көңіл-күйін түсірмеші. Біз саған ән айтып, би билеп берейік.

Сиқыршы: Жарайды онда. Тамашаласам тамашалайын. Менің көңіл-күйім көтерілсе сиқырым жойылады.

Тақпақтар: Гульназ, Рамзик, Иса, Арзу

Жеке би: «Испанский» (Айсу)

Сиқыршы: Шынымен де менің көңіл-күйім көтеріліп сиқырым жойылған сияқты. Менің баратын жерлерім барым. Сендерге рахмет, менің көңіл күйімді көтеріп қалды. Қош сау болыңдар!

(Тышқанның даусы шығады, кішкентай тышқан қаптан шығады)

(Үлкен тышқан шығады)

Тышқан: Сәлеметсіңдер ме! Мен жаңа жылмын! Мен сендермен осы бір жыл бойы боламын. Мен баламды іздеп жүрсем қашан кіріп кеткенін Аяз атаның қабына.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе тышқан! Қош келдің!

Тақпақтар:

Тышқан: Балалар тышқан нені жақсы көреді? Сендер зерігіп қалған шығарсыңдар. Ойын ойнасақ қайтеді?!

Жүргізуші: Ооо, табылған ақыл. Шынымен ойын ойнап, балалармен бірге көңіл-көтерейік.

Ойын: «Ірімшік жинау»

Шарты: Кедергілерден өтіп ірімшікті жинау керек.

Мики Маус: Сәлеметсіздер ме! Мен жаңа жылдың досы Мики мауспын!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Мики Маус! Біз бүгін жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.

Би: «Мики Маус» (Нурсая, Айғаным, Жанерке, Дария, Райса, Арзу, Гулляр)

Хор: «Орманда шырша туыпты»

Жүргізуші: Жаңа  жыл  бәріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі