«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Балалар музыка әуенімен бірінің артына бірі тұрып залға кіреді.
Жүргізуші:
Шырша қандай әдемі,
Өзі жасыл инелі
Өлең айтып билейміз,
Көп ойыншықтар ілеміз!
Жүргізуші: Біздің зал қандай әсем безендірілген, қараңдаршы! Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі! Балалар, қараңдаршы, шырша неткен әдемі, көп ойыншықтар ілінген екен.
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық бәріміз!
Ән. «Ёлочка»
Балалар орындарына отырады.
Музыка ойнайды. Сықырлаған қардың дауысы естіледі.
Жүргізуші:Балалар, шыршаның астында бір нәрсе жыбырлайтын сияқты, мен не бар екенін көрейін!
Жүргізуші (таңдана): Балалар, бұл қар ғой! Бұл қар жай қар емес, сиқырлы қар! Сиқырлы қар сөйлейтін секілді, бірақ дауысы тым ақырын екен, мен оның не айтып жатқанын тыңдап көрейін! (Қарға құлағын тосады). Балалар, сиқырлы қар бізді орманға саяхаттауға шақырып жатыр! Сендер қысқы орманға саяхатқа шыққыларың келе ме? Ендеше сиқырлы ақ ұлпа қарымызды жолға жіберейік, ол бізді қайда алып барар екен? (Қарды домалатады). О, үйшік? Бұл үйшікте кім бар екен, кім тұрады екен? Мен есігін қағып көрейінші!!
Музыка ойнайды. Ақшақардың келуі.
Ақшақар: Сендер кімсіңдер?
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе, ал сіз кім боласыз?
Ақшақар: Мен Ақшақармын, Аяз атаның немересімін, ал сендер кімсіңдер?
Жүргізуші:Біз Еркемай балабақшасынанбыз, бізді бұл жерге ақ ұлпа қар алып келді! Мінекей, ақ ұлпа қар!
Ақшақар: Жарайсың, ақ ұлпа қар! Қонақтармен келгеніңе өте қуаныштымын! Келіңдер, ақ ұлпа қармен бірге би билейік!
Би: «Белые снежинки»
Ақшақар: Ой балалар не деген көп қар кесегі жиналған!! Қар кесегін жинап ойын ойнауға болады, балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Жүргізуші: Әрине Ақшақар, біздің балалар қар кесегімен ойнағанды ұнатады!
Солай ма, онда қар кесегімен ойын ойнайық!
Жүргізуші:
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
Балалар, қанекей,орнымыздан тұрып, қар кесегімен ойнайық!
Музыка. Ойын «Қар кесектері
Ақшақар: Ал енді қане балалар, мына сиқырлы ақ ұлпа қар бізді әрі қарай қайда апаратынын көрейік?! Мен ақ ұлпа қарды домалатайын!
Музыка ойнайды.
Ақшақар: Бұл жерде ешкім жоқ, шырша ғой мынау! Ешкім де жоқ!
Жүргізуші: жоқ Ақшақар, шыршаның артында біреу бар сияқты?!
Ақшақар: Ешкім жоқ қой?
Жүргізуші: Балалар, шыршаның артында біреу барма әлде жоқ па? Мен қарап көрейін! Ааа, БҰЛ жерде қоян тығылып отыр екен ғой!
Музыка. Қоянның шығуы.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қоян?!
Қоян: Сәлеметсіңдер ме!
Ақшақар: Сен неге шыршаның артында тығылып отырсың?
Қоян: Мен бұл жерде жалғызбын, Жаңа жылды жалғыз қарсы алуға қорықтым!
Ақшақар: Қорықпа қоян, біздің балаларда Жаңа жылды асыға күтіп отыр! Сен біздің мерекеде қал! Жаңа жылды бірге күтейік, сен біздің Жаңа жылымызда көжектермен биле!
Қоян: Жарайды!
Жүргізуші:Біздің кішкентай көжектеріміз би билегенді өте жақсы көреді!
Көжектер биі.
Қоян: Рахмет балалар, билерің өте қызықты болды, менің көңіл-күйім көтеріліп қалды, мен енді қорықпаймын!
Музыка ойнайды. Түлкінің келуі.
Түлкі:
Мен түлкімін,түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім, -
Ақшақар: Қоян, балалармен өте қызықты ойын ойнайық! Ойынның аты «Қоян мен түлкілер»
А-а-ал, қояндарым келіңдер,
Көңілді көтеріп билеңдер!
Фортепианода музыка ойнайды.
Музыка тоқтағанда балаларда тоқтап қалады. Ойын осылай жалғасады.
Балалар материалдың астына түлкіден қашып тығылып қалады.
Түлкі: Әй, менің қояндарым қайда кеткен?
Балалар мысықтың, бұзаудың, лақтың, соңында иттің дауыстарын салады.
Музыка ойнайды: Иттің дауысы шығады.
Иттің келуі: Гаф-гаф мені кім шақырды?
Ақшақар: Балалар, қорықпаңдар, қане шыға қойыңдар, біздің досымыз, қорғанымыз күшік досымыз келіп жетті, күшігім сені біздің мерекелік кешімізге мен шақырған едім!
Жүргізуші: О-о-о, күшігім қош келдің! Қане балалар, күшік досымызбен амандасайық! Күшігім бізді қу түлкіден құтқарыпқалдың, саған рахмет!
Біздің мерекеде қал! Бізбен бірге бол! Сені, Жаңа 2018-ші жылды асыға күткен едік!
Күшік: Рахмет достарым, сендердің мерекелеріңде қуана-қуана қаламын!
Ақшақар:
Күшік, күшік, Аяз ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?
Күшік:
Әрине, ата келеді
Бізге кө-ө-п сыйлық береді.
Сағаттың соғылуы, Жаңа жылдың келуі.
Ақшақар: Қоян сен қорқып тұрмысың?
Жүргізуші: Мына дауыс қайдан соғып тұр?
Ақшақар: Қорықпаңдар, бұл дауыс менің атам Аяздікі.
Музыка ойнайды. Аяз атаның келуі.
Аяз Ата:
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ақшақар: Ендеше біз Аяз атаның көңілін көтерйік, өнерімізді көрсетіп ән айтып берейік! Сендер ән айтып берсеңдер, Аяз ата сендерге сыйлық береді!
ӘН. «Шыршаға бардық»
Жүргізуші: Аяз ата, балаларымыздың әні сізге ұнады ма?
Аяз ата: Жақсы айттыңдар, балапандар!
Жүргізуші: Балаларымыз тек ән айтып қана қоймай, сізге тақпақтарын да дайындап алып келді!
Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпағымызды айтайық.
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Аяз ата: Қанекей, жыл бойы жинаған тақпақтарыңды маған айтып беріңдерші!
Ақшақар: Балалар, Аяз атаға тақпағымызды даусымызды шығарып қатты айтып берейік!
Балалардың тақпақтары.
Аяз ата: Жарайсыңдар балапандарым, өте өнерлі екенсіңдер! Балалар, мен сендерге бір сиқыр көрсетейін! Ол үшін сендердің көмектерің қажет! Барлығың маған мынау сәбізді үрлеуге көмектесіңдер! (Балалар сәбізді үрлеп, өсіреді) Балалар, сендердің үрлеген сәбіздерің үлкен сәбізге айналды!
Ақшақар: Балалар Аяз ата бізге неткен керемет сиқыр көрсетті! Ендеше мына сәбіздің ішін ашып көрейікші! Ой қандай керемет, бұл сәбіздің ішінде сыйлықтар бар екен, бұл сыйлықты топқа барып аламыз.
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын. Мені сендер сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!
Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз ата!
Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Аяз ата: Жаңа жылда жол болсын!
Ақшақар: Әрбір үйде той болсын!
Түлкі: Берекелі жыл болсын!
Күшік: Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Барлығы бірге музыка әуенімен залдан шығып кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош келдің, Жаңа жыл!" I-сәбилер тобы

шағым қалдыра аласыз