жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің, Жаңа жыл мектепке дейінгі арнаулы ересектер тобы
Қош келдің, Жаңа жыл!
Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады.
Жүргізуші : Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері! Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бөбекжайымыздың мәртебесі одан әрі арта берсін!
Ендеше бүлдіршіндеріміздің тілектерін қабыл алыңыздар.
Омар: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Жансая: Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып,
Ақшақар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Шыршамызда керемет.
Ойншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
Әбілмансур: Келіңдер, келіңдер
Биде билеп беріңдер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңдер.
Хор: «Жаңа жыл»
Малвино:
—
Буратино, буратино, буратино.
Жүргізуші:
Сәлеметсің
бе Мальвино?Кімді іздеп жүрсің?
Мальвино: Ой, Саламатсыздар ма? Буратиноны көрмедіңіздер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым ғой.
Жүргізуші:
Біздің Жаңа жылдық шыршаға қош келдің!
Бізбен бірге бол біз саған Буратиноны
табуға көмектесеміз!
Буратино:
Жарайды. Ой,ой,ой неткен әдемі шырша,
бірақ мына шыршаның шамдары неге
жанбайды?
Жүргізуші: Мальвино бұл жай шырша емес, сиқырлы шырша. Бұл шыршаның шамдарын жағу үшін барлығымыз сиқырлы өзді айтайықшы
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарынды жарқырат!
(Шырша шамы жанады. Балалар қуанады.)
Жүргізуші: Балалар міне, қандай тамаша! Шыршамыздың шамдары жарқырап, бүгінгі кешіміздің сәні кірді? Шыршамызға арнап би орындап берейік?
Мальвино: Балалар ендеше барлығымыз бір би билеп жіберейікші.
БИ: «Сантаклаус»
(Құмыра
тауып алады, Мальвина оны қозғап жіберген
кезде, құмырадан күңіренген дыбыс
шығады.)
Жын:
Мені
мазалап жатқан кім?
(Қорыққаннан Мальвиноның қолындағы құмыра түсіп кеткен кезде, жын ұшып шығады.)
Жын: Мені құмырадан босатқаның үшін мен сенің үш тілегіңді орындаймын.
Мальвино: Ой, ендеше бірінші тілекті балалардан сұрайық.
Балалар: Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
Жын: Табынамын және орындаймын!
(Аяз ата мен Ақшақар келеді.)
Жын: Балалар бәріміз бірге айтайық Аяз ата, Ақшақар деп дауыстап шақырады.
Музыкамен залға Аяз ата сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді. (Балалалар орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым!
Амансыңдар ма қыздарым!
Қандай солғын жүздерің,
Неге сонша мұңайдың.
Бізді күтіп алаңдап,
Шаршадыңдар ма балаларым!
Ақшақар: Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа
жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер
маңайды
Ақшақармын
арайлы
Жалт
- жұлт еткен жүзімнен
Күміс
сәуле тарайды.
Ақшақармын
аппақпын
Қалай
тыныш жатпақпын
Менсіз
қыстың сәні жоқ
Әнмін,
жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:- Сәлеметсіз бе, Аяз Ата мен Ақшақар?! Төрлетіңіз. Қош келдіңіздер! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап ән, тақпақтарын айтады. Қане балалар өз өнерлеріңді ортаға салыңдар!
Ән: «Ақшақар»
Асима: Келіңдер, келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан.
Сыйлық алып көріңдер.
Нұр-Төре: Не ойласаң жаңа жылда,
Орындалады бар арман.
Жаңа жылды сондықтан,
Күтеді барлық балапан.
Айару: Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға,
Қандай жасы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
(Мальвино көңілсіз болып отырып қалады.)
Жүргізуші: Ой Мальвино саған не болды? Балалар сендер Мальвиноны ренжітіп қойдыңдар ма?
Мальвино: жо-жоқ ешкім мені ренжіткен жоқ. Бүгінгі кеш те көңілді болып жатыр. Мен тек досым Буратиноны сағынып кеттім.
Жүргізуші: Аааа, иә балалар Мальвиноның досы Буратиноны табу үшін жынға тілек айтайықшы.
Барлығы: Жын, жын
Жын: Не бұйырасыздар.
Балалар: Мальвиноның досы Буратиноны осы шыршаға әкелсеңіз?
Жын: Табынамын және орындаймын.
Буратино
келеді.
(Мальвино құшақтасу).
Буратино:
—
Ой, мен қайда келдім? Неткен әсемдік?
Ой, сәлеметсіңдерме балалар? Кандай
сұлу боп кеткенсіңдер?
Мальвино:
—
Буратино, не тұрыс, балаларға билеп
берейік!
(Мальвино
мен Буратино билейді).
БИ: «Барбарики»
Аяз ата: Ой не деген өнерлі балалар!
Жүргізуші: Иә Аяз ата біздің балалар өнерлі. Балалар Біздің қонақтарымызға өздеріңнің тақпақтарынды айтып беріңдерші.
Джахангир: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Самет: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге,
Али: Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
Мұхамед: Көрдің бе аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны.
Аяз ата: Рақмет, балаларым.
Мальвино: Балалар біздің Жынға соңғы 3-ші тілегіміз бар. Сіздердің қандай тілектеріңіз бар.
Жүргізуші: Балалар келе жатқан жыл қандай жыл?
Балалар: Тышқан жылы.
Жүргізуші: Мальвино ендеше біз Жыннан биылға жаңа жыл сұрайық.
Барлығы: Жын, жын.
Жын: Не бұйырасыз әміршім?
Мальвино: Биыл тышқан жылы, ендеше тышқанды ортаға әкеліңіз.
Жын: Табынамын және орындаймын. Мен енді өз мекеніме оралайын.
(Тышқан ортаға келеді. Жын шығып кетеді.)
Тышқан: - Балалар мереке думандарың құтты болсын!
Келдім міне сіздерге тілеп жақсы тілек тілеуге,
Жандарыңа жамандық жоламасын.
Дендеріңе саулық көп қоныстансын!
Жылдан-жылға жетіңіздер шат күлкімен,
Күн көзіңдей жандарың жадырасын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз жаңа жыл! Төрлетіңіз! Біздің бүлдірішіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарың тамашалаңыз!
Қайсар: Жаңа жыл, жаңа жыл!
Қош келдің, тағы да.
Дайындап жаңа жыр-
Біз күттік сағына.
Дана: Келді тағы жаңа жыл,
Қуанту мен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
Алихан: Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жасқа енді
Мальвино: Ой балалар сендер өте өнерлі, ақылды, көңілді бүлдіршіндер екенсіңдер. Маған сендермен өткізген уақыт ұнады.
Буратино: Иә, дұрыс айтасың Мальвино, өте тамаша өнерлі балалар екен. Бірақ біздің өз үйімізге қайтуымыз керек. Бізді іздеп қалған болар. Сау болыңыздар.
Жүргізуші: Мальвино. Буратино сендергеде көп рақмет! Сау болыңдар!
Барлығы: Сау болыңыздар!
(Мальвино мен Буратино залдан шығып кетеді).
Жүргізуші: Балалар ендеше Аяз ата, ақшақармен бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Қар жинау»
Аяз ата: Ой жарайсыңдар! Шапшаң екенсіңдер!
Ақшақар: Иә ата балалар өте ақылды, өнерлі, әрі шапшаң екен.
Жүргізуші: Иә, Аяз ата, ақшақар біздің бүлдіршіңдеріміз өнерлі!
Аяз
ата. –
Рахмет, балапандарым, өнерлерің өрге
жүзсін! Талаптарыңа
Нұр жаусын! Менің
кететін уақытым таяп қалды. Мені де
сендер сияқты бақшадағы өнерлі балаларым
күтіп қалар. Сендерге ризамын.
Қапшық
толы сыйлықтарымды Ақшақар немерем
үлестіріп береді.
(Ақшақар
сыйлықтарды таратып береді»)
Аяз
ата:
Сау болыңдар, балақайларым! Келесі
кездескенше, аман болыңыздар! Еліміз
тыныш, жүзіміз шат, берекеміз арта
берсін! Сау болыңыздар!
Ақшақар: Сау болыңыздар Балақайлар!
Балалар: — Сау бол аяз Ата, Ақшақар!
Жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі: Калиева Алтыншаш Есенқызына береміз!
Жүргізуші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып. Осымен арнаулы ерекетер «Шұғыла» тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда аман-есен кездескенше! Сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген