жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің жаңа жыл Мереке
Қош келдің, жаңа жыл!
Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен
мерекені өткізуге үйрету.
Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен
келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті,
инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.
Залда Аяз атаның үш қызы отырады
Үлкен қызы: Жаңғақ шағып отырады
Ортаншы қызы: Пісте шағып отырады
Кіші қызы: Шұлық тоқып отырады
Үлкен қыз: Аяз ата мені жаңа жылға алып барсы ғой. Мен барлық сыйлықты өзім ғана
жеп қояр едім.
Ортаншы қыз: Аяз ата мені алып барады. Мен жаңа жылдық шыршының
ойыншықтарын
жинап алып келіп ойнаймын.
Кіші қыз: Олай болмайды ғой, мен барсам балалармен ақшақар биін билеп берер едім.
Қызықты ойындар ойнап, көңілді кеш өткізер едік.
(Сырттан аяз ата бақылап тұрады да ішке кіріп келеді.)
Аяз ата: Қыздарым қал жағдайларын қалай. Сендердің әңгімелерінді естідім. Жаңа
жылдық кешііне кіші қызымды алып барамын.
Үлкен және ортаншы қызы: бізде барайық, бізде барайық.
Аяз ата: Мен сендерді қалай алып барамын, сендер балалардың сыйлығын, ойыншығын
алып қоиып оларды ренжітіп өкпелетесіндер. Тағы бір жыл үйде отырып
ойланып өздеріңнің қателіктерінді түсініндер.
Кіші қызына; ал қызым жолға жинал.
Кіші қызы: Әпкелерім ренжімендер мен сендерге көп сыйлық әкеліп беремін.
Әпкелері: Керек емес, бізге сеннің сыйлығын, - деп теріс қарап қалады.
Кіші қызы: Басын шайқап шығып кетеді.
Үлкен қызы: Сыйлық әкелемін дейді ғой, кеттік біз өзіміз ақ барайық.
Ортаншы қызы: Аяз ата ұрысып жүрмей ме?
Үлкен қызы: Ол байқамай да қалады. Барлық ойыншықтар мен сыйлықтарды әкетіп
қаламыз. (шығып кетеді)
Жүргізуші: Сүйкімді де менің әдемі бүлдіршіндерім, қымбатты ата-аналар мен қонақтар!
Шыршамызды ойыншықтар мен түрлі түсті от шашуларға көмкеріп, өзіміз де
әдемі киініп, жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Жаңа жыл да келіп жетті.
Сәлем бізден баршаға,
Қош келіпсіз шыршаға.
Ата-аналар сіздерді
Құтықтаймыз бәріміз!
Жаңа жыл құтты болсын!
Балалар жаңа жылды қарсы алуға барлығын дайынсындар ма? Олай болса
жаңа жыл мерекесіне бәріміз бірге қосылып дауыстап Аяз атамен, Ақшақарды
шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Залға әнмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Сәлеметсіндер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ән: « Жаңа жыл!»
Би: «Ақшақар»
Жүргізуші: Осы кездегі орман ішінде болып жатқан оқиға.
Үлкен және ортаншы қыз: Аяз ата мен Ақшақардың ізіне түсіп келе жатқанда , алдынан
түлкі шығады.
Түлкі: Амансындар ма қыздар, өздерін қайда бара жатырсындар?
Қыздар: Айтпаймыз, ол жақта тәттілер мен дәмді лер көп. Саған бермейміз.(қыздар кетіп қалады)
Түлкі: М-М-М-М.....
Мыстан: Әй түлкі сен мұңда не істеп тұрсын?
Түлкі: Жаңағы екі қыз тәттілер бар дей ма, сыйлықтар бар дей ма, дәмділер бар дей ма
солардың арттарынан барайын деп едім, - деп қыздардың соңынан кетеді.
Мыстан: Олай болса менде барайын. (дейді де артынан кетеді)
Жүргізуші: Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық,
Ааяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық.
Нүртілек: Ән саламыз би билеп,
Жырдан шашу төгілді,
Бүгін біздің жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді.
Толғанай: Аяз ата жол салып,
Ақ боран мен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан.
Эльдар: Аппақ тоңға оралып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып.
Үміт: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Төгілсін жаңа нұр.
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне жаңа жыл.
Қ.Ақота: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
И.Ақбота: Жасыл шырша жаныңда,
Билеп барлық бала жүр.
Мирас: Тамаша, тамаша ,
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Руяна: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Аңсар: Төрле,төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын
Нұрасыл: Аяз ата келіп тұр
Бізге сыйлық беріп тұр
Гюнай: Бізбен бірге ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды.
Сезім: Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ерсұлтан: О,алақай Аяз ата,
Келе жатыр алыстан.
Гүлнұр: Ата-Әже, Әке-Ана
Құтты болсын жаңа жыл.
Ән: «Сұр қоян»
Аяз ата: Рахмет сендерге балалар.
Шыршаның арғы бетінде қыздар сыйлықтарды ұрлап кетіп бара жатқанда,
артынан түлкі мен мыстан барып сыйлыққа барлығы таласады.
Жүргізуші: Тоқта, тоқта ой мыналар балалардың сыйлығын алып кетіп бара жатыр ғой.
Аяз ата: Бұл не айқай, бұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Мұнда қаранызшы бұлар балалардың сыйлығын алып кетіп бара жатыр.
Аяз ата: Мұнда менің де қыздарым бар ғой. Сыйлық алғыларын келсе барлықтарын
өнерлерінді көрсетіндер.
Би: «Кукарэла»
Жүргізуші: Аяз ата біздің шыршамыз неге жарқырамай тұр?
Аяз ата : Қане балалар барлығымыз бірігіп шыршаны жағайық.
Ақшақар: Қане балалар бәріміз бірге қол соғайық. Бір, екі, үш.
Аяз ата қолындағы таяғын алып, «Шырша жарқыра» деп шыршаның отын
жағады.
Ақшақар: Ал енді ойын ойнайық.
Жүргізуші: Еңдігі сөз кезегін «Жанерке» балабақшасының меңгерушісі
Р.Т.Жанадиловаға беріледі.
Би: «Жинглбен»
Аяз ата: Мен сендермен күнімді қызықты өткіздім.Балалар сендер ақылды , әдемі
екенсіндер, ал енді сендерге сыйлықтарымды берейік. Сау болындар.
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайы
Болсын солай, әрбір күнің әр айың.
Тойларңыз құтты болсын, балалар!
Жаңа жылын құтты болсын ағайын!
Құрметті қонақтар, балалар, Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген