Тақырыбы: Қош келдің Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Шана, сыйлықтар, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, жұмбақтар шешу, тақпақтар айту. Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.
(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді)
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке
қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа
жыл
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым
Жүргізуші:Балалар қараңдаршы залымыз қандай әдемі, әрі
өздеріңде әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Жаңа жыл мерекесін тойлауға
дайынсыідар ма? Ендеше, жаңа жыл мерекесіне
арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік
кешімізді бастаймыз.
Жаңа жыл мерекесін өлең шұмақтарымен (тақпақ) бастасақ:
Тақпақтар. Жахангер, Ясина, Ғасыр, Раяна, Арсен, Нұрасыл, Нұржігіт
Жаңа жылмен, Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде! Жахангер
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр Ясина
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл, армысың.
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың Ғасыр
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын Раяна
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын Жаңа жыл. Арсен
Келді міне Жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз. Нұрасыл
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер,
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болып өсіңдер! Нұржігіт
Жүргізуші:
- Керемет! Балалар, сендер өте жақсы айттыңдар! – Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр, сендер дайынсыздар ма? Менің жұмбақтарым қиын емес, тек сәл ойлану керек. Ал, дайын болсақ, бастайық!
Жұмбақтар:
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
2. Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.(Шырша)
3. Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді
.Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.(Аяз ата)
Жүргізуші:
-
Өте тамаша, Балалар қараңдаршы біздің мерекеде әдемі шыршамыз бар, залымыз безендірілген, өзімізде жаңа жыл мерекесіне сай киініп алдық, енді мерекемізде кім жоқ?
Балалар:
-
Аяз ата!
Жүргізуші:
-Дұрыс айтасыңдар, Аяз атамыз жоқ екен ғой. Ендеше бәріміз бірге қатты дауыстап шақырайық!
(Балалар дауыстайды Аяз ата – 3рет)
Әсем әуен ойналып Аяз ата кіреді.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
АЯЗ АТА:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар
сізді асыға күтіп отыр. Келіңіз балаларыміз айтар әні бар, тыңдап
көріңіз.
Ән: Келді міне Жаңа жыл!
Жүргізуші: Аяз ата, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата тағына отырады). Аяз ата біздің оқушыларымыздың сізге арнаған тақпақтары бар, тыңдап көріңіз:
Тақпақтар: Ар.Айсұлтан, Айша, Аңсар, Тәуекел, Т.Айсұлтан, Алинұр, Ислам,
Ал, балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Тақпақ айтып берейік! Ар.Айсұлтан
Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер! Айша
Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша! Аңсар
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына Тәуекел
Аппақ тоңға оранып
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып. Т.Айсұлтан
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып
Шырқап ән айтамыз. Алинұр
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны! Ислам
Аяз ата: Өте тамаша тақтақтарың керемет екен, енді менімен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын: Қатырма!(Аяз атамен)
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар тақпақта, әнде тіпті биде билей алады.
Би:
Жүргізуші: Аяз ата қараңызшы шыршамыз әдемі болсада, көңілсіз екен. Не істесек болады?
Аяз ата: Шыршамыз жарқырамай тұр екен. Мен сыйқырлы таяқшаммен жағып берейін.
Жүргізуші: Ендеше келіңдер балалар бәріміз бірге сыйқарлы сөздерді бірге айтайық!
Шырша жағу: Қуант бізді таңырқан,
Шамдарыңды жарқырат!(3рет)
Жүргізуші: Керемет, балалар мына әдімі шыршамызға арнап «Шырша Жыры» әнін айтып берейік.
Ән: Шырша жыры
Жүргізуші: Аяз ата, мына жарқырап тұрған шыршамызға ән аздық етер, балаларымыздың шаршамызға арнаған тақтақтары бар екен, тыңдап көрейік!
Тақпақ. Медина, Ералы, Жасмин, Хантөре, Гүлсезім, Даяна, Айшабибі
Тауда туып, тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз Медина
Тамаша. Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.Ералы
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан Жасмин
Қараңдар мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті. Хантөре
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға Гүлсезім
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз! Даяна
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.Айшабибі
Ойын: Кім жылдам?
Би: Флеш моб
АЯЗАТА: - Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой. Балалар мерекелерің маған ұнады, өте өнерлі екенсіңдер, сендердей өнерлі балаларға әкелген сыйлығын бар еді, кезек-кезек келіңдер сыйлықтарыңды табыстайын!
Сыйлықтар тарату.
Жүргізуші:
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді мен басқа балалардың мерекесіне аттанайын! сау болыңыздар!
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар! (Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
Жүргізуші: Міне, жаңа 2025-да жылан жылы да келді. Ал 2025 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош келдің Жаңа жыл!" мерекелік ертеңгілік, Мектепалды даярлық сынып

шағым қалдыра аласыз