Материалдар / ҚОШ, КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ СЦЕНАРИЙ

ҚОШ, КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ СЦЕНАРИЙ

Материал туралы қысқаша түсінік
бАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін

«ФаиЗаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай-бақшасы

МДҰ атқарушы директор __________Г.Т.Касымбекова





«Қош келдің, Жаңа жыл»

мерекелік ертеңгілік


Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!

Біздің: «Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Бақыт, шаттық, тыныштық

Жылан  жылы әкелсін бәрімізге

Жүргізуші: « Нұршуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің орындауында

ӘН: «Шыршаға бардық » балалар шыршаны айналып жүріп айтады.

БИ: «Жаңа жыл» биі

Жүргізуші: Балалар орнымызға отырайық.

Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық, естімейтін шығар, қатты дауыстап шақырайық!

Балалар: Аяз Ата,  Аяз Ата, Аяз Ата! (2-3рет)

Әуенмен Гном  жүгіріп келеді.

Гном(Асия) Хат бар, хат бар! Сәлеметсіздерме балалар! Қонақтар!

Жүргізуші: Хат дейсізбе, бұл хат кімнен? 

Гном (Асия)Аяз атадан оқыңыз.

Жүргізуші: Хатты оқиды. Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Асығып келе жатқанымда сыйлығым шашылып қалды. Мен келгенше Ақшақарды шақырып алыңыздар.Олай болса Ақшақарды шақырайық. 

Балалар: Ақшақар, Ақшақар. Осы кезде әуенмен Ақшақар келеді.    

Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!

Жүргізуші: Төрлетіңіз Ақшақар біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Ортада Таңшақ ересектер тобы

ӘН: «Шырша» әні

БИ: «Көңілді балақайлар» қыздар биі

ӘН: «Шыршаға бардық»

ӘН: «Джентлмендер» биі ұлдар биі

Ақшақар:  Балалар, Аяз атаны шақырайық, шыршамыз көңілсізғой  шамдарын жағып берсін. 

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата! 

Аяз ата: 

Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!

Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.

Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады. 

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балабақшаға келгенше шаршаған шығарсыз отырыңыз? Аяз Ата шырша жанына орындыққа отырады. Ал біз ойын ойнайық.

«Елшуақ» ересектер тобы

ӘН: «Шырша» әні

БИ: «Гномика» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар балапандарым сендерге сыйлықтар алып келдім.

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің «Айшуақ» мектепалды даярлық тобының балалары сізге арнап өнерлерін дайындап келіп отыр.

ӘН: «Жаңа жыл» әні

БИ: «Көңілді би»

Ойын:  «Кім көп қар жинады»

Тақпақтар!

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!

Осы кезде әуен естіледі де  шыршаның артынан Сыйқыршы шыға келеді.

Сыйқыршы:  сәлеметсіңдерме балалар мен бүгін сіздерде мереке болатынын біліп келіп қалған жайым бар .Менің қолымда сыйқырлы саз сырнай бар .Осы сазсырнайымның көмегімен жаңа жылды ортаға шақырайық. Әуен ойналады.

Кілемше ішінен жылан шығды.

Жүргіуші: Жаңа жыл қош келдіңіз!

Жылан: Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін

Ой мына керемет әуенмен ұйқымнан оятып жібердіңіздер ғой.Қандай керемет жер мен қайдамын?

Жүргізуші: Сіз Күншуақ балабақшасындасыз   

Жүргізуші: «Жаңа жыл жарылқасын,ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

Осы кезде Ұлу келеді.

Ұлу: Сәлеметсіздер ме,балалар

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болдық шаттанып

Қандай тамаша мереке болып жатыр.Балалар менде мерекеде сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Аяз атаны ояту»

Ойынның шарты: Қане балалар қолымызды қатты соғып , аяғымызды топылдатайықшы Аяз ата ұйықтап қалыпты. Алақанымызбен қаттырақ соғайық . Ойын 3 рет қайталанады.

Аяз ата : (оянып кетеді)

Құттықтау сөзі:  Балабақша атқарушы директоры Гүлфариза Тұрлыбекқызына беріледі.

Жүргізуші: 

Би биледік, жыр жырладық ,

Қызығына тоймадық .

Достарменен ойнадық,

Жаңа жылды думандатып тойладық!

Ал құрметті қонақтар осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келесі мерекеде кездескенше қош сау болыңыздар!













мерекелік ертеңгілік:

«ҚОШ КЕЛДІҢ,ЖАҢА ЖЫЛ»



















Еркін ауылы,2024ж

17 Қаңтар 2025
164
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі