Материалдар / "Қош келдің Жаңа жылым, ауылыма" жаңа жылдық ертеңгңлңкке арналған сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош келдің Жаңа жылым, ауылыма" жаңа жылдық ертеңгңлңкке арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар үшін жаңа жылдық ертеңгіліктерді қызықты етіп дайындауға көмегі зор.Ұстаздар үшін дайын тәрбиелік шара материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
693
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің Жаңа жылым, ауылыма»

( Ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден Ақ қоян, шыршаны айнала жүгіріп шығады да әр жерге тығылады.)

Қоян: -Ой, ой. Балалар...балалар... Мені тез жасырыңдар... Қасқыр келе жатыр...Мен... мен қорқамын...Қайда тығылсам екен...Тезірек жасырыңдаршы...

(Осы кезде ортаға Қасқыр жүгіріп келеді.Олар бір бірін қуалап жүреді.)

Қасқыр: - Ой, Қоянжан, тоқташы, сені қуамын деп жүріп, шаршап кеттім ғой... Ақ қоян тоқташы енді ... саған бір нәрсе айтуым керек... Тоқта ...тоқта дедім ғой..

Қоян: -Жо...жо ..жоқ!Саған сенуге болмайды... Сен алдап тұрсың...Сене алмаймын саған....

Қасқыр:-Қоянжан...шын айтып тұрмын...Біз шынымен де сөйлесуіміз керек...Тыңдашы енді...

Қоян: -Жарайды... жарайды... Қасеке... Ия.. не айтасыз...

Қасқыр: Қоянжан...Биылғы жылы патшамыз жаңадан жарлық шығарыпты...Ендігі жерде ормандағы бааар жан жануарлар тату босын, дос болсын - депті. Енді ... мына біз екеуміз де... дос болуымыз керек...Сондықтан... кел екеуміз қол алысып достасайық...


Қоян:- Алақай ... біздің патшамыз қааандай керемет... Қандай жақсы болды...Енді мен ешкімнен қорықпайтын болдым... Алақай... алақай...Керемет...қандай тамаша...патшамыз жасасын...Жасасын патшамыз...


Қасқыр: -Жарайды ендеше, әкел қолды...Дос боламыз ба...

Қоян: -Ия ,ия әрине... әрине...Біз достармыз... біз достармыз!!!

(Бір бірімен достасып, қол алысады.)

Қасқыр: -Қоянжан ал... мына балалар неге жиналған. Бәрі де әдемі киініп, құлпырып кетіпті ғой , қандай тамаша...

Қоян: -Ау ...Қасеке сен білмеуші ме едің... Бізге жаңа жыл келеді. Балалар бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналған...Бәрі де көңілді, бәрі де әдемі..қарашы өзің...Сәлеметсіздер ме балалар

Қасқыр: -Сәлеметсіздер ме балақайлар...Ал... ендеше не тұрыс...Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастайық...

Қоян: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.


Қасқыр:

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.


Қоян: Құтты болсын Жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа,шаттыққа тамсанайық

.Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!


Қасқыр: Бүгінгі Жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі Сіздер үшін ұйымдастырылған мерекеге белсене араласып, әсем ән, көңілді би билеп көңіл көтерелік...

(Осы кезде ортаға музыкамен Аю келеді)

Аю: Саламат сау барсыңдар ма балалар!!.Аң патшасының жарлығын естіп... осында жеткенше асықтым...Патшамыз жақсы шешім шығарған екен... Неге қолдамасқа... «Төртеу түгел болса төбедегі келер деген...» аузымыз бір болса, алмайтын қамалымыз жоқ қой...Ал... менің Маша қызымды көрмедіңдер ме... Жаңа аулада ойнап жүр еді...

(Осы кезде Маша келеді.Көңілді күлкімен секіріп шыршаны айналады.)

Маша: - Сәлем достар!..Жаңа жыл құтты болсын!!! Ой..ой..ой.. Шыршаларың қандай әдемі...қандай сұлу... Кереметін-аий...

Аю: -Ау... Маша қызым... келдің бе...Мен сені іздеп жүр едім...

Маша: - Миша...Миша... маған мына шыршаны алып берші...Мен осы шыршаны алғым келеді...алғым келеді...Алып бер...Беріңдерші...

( Маша Шыршаны жұлмалап , әрекет жасайды Аю тоқтатып әлек болады)

Аю: -Қой... Машажан... мұның не... Бұл балалардың шыршасы...Мұнда ертеңгілік болады... Тоқтат Маша...

Қасқыр: -Ой..ой..ой Маша.. мұның не... бұлай болмайды ғой... Қойсаңшы енді...

Қоян: -Маша... оданда сен бізге қосыл, балалармен ән саласың, би билейсің... Бізде өте көңілді...Қарашы айналаға...Керемет емес пе..?

Маша: -Жарайды онда... Мен сендермен біргемін балалар...Миша... кел балалармен би билейік... ән айтайық...

(Балалармен би билейді. Биден кейін жарық сөніп, қорқынышты музыка ойнайды. Залға Мұз ханшайымы кіреді.)

 Мұз ханшайымы

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай - дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Мен жақсылық атаулыны жек көремін...жек көремін. Ешқандай той болмасын! Болдырмаймын да... Ха.. ха.. ха..Хи.. хи..хи.. ..Соқ, соқ боран.... қаттырақ соқ...


(Фонында суық жел естіліп тұрады)

Қасқыр: -Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы, қош келдіңіз...жаңа жылыңызбен! Айналаға қараңызшы балалар қандай әдемі, шыршамыз да жарқырап тұр. Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес сірә...Бізге қонақ болыңыз....Балалармен бірге той тойлаңыз...

Қоян: - Кәне, балалар бәріміз Мұз ханшайымынан өтініп сұрайықшы. Қатты соққан боранды тоқтатып, біздің мерекеміздің қадірлі қонағы болсыншы... Ия.. біз сізден өтініп, сұраймыз. ..Боранды тоқтатыңызшы...

(Қол шапалақпен бәрі сұрайды, боран тоқтайды)

Мұз ханшайымы : - Ал...ол үшін сендер маған не бересіңдер..?

Қоян: - Мұз ханшайымы...патшамыз жаңадан жарлық шығарды... Бұдан былай барлық аңдар, барлық жандар, дос, жолдас, тату болсын деген..Ендеше... достығымыздың белгісі ретінде сізге ұялы телефон сыйлаймыз...Сіз сол телефон арқылы әрқашан ауа райын реттеп отырасыз... солай емес пе...Ол сізге өте қажетті... Ал,қазір ... балалармен бірге бір би билеңіз, көңіліңіз көтерілсін..!

Мұзханшайымы: -Уау...рахмет балалар...рахмет...не деген сыйлық...Ал...жарайды онда ...мен сендермен билесем, билейін. Билемегеніме де біраз болып еді...Кәне..


(Бәрі ортада көңілді би билейді. Мұз ханшайымының телефоны шырылдайды.)

Мұз ханшайымы:  - Ау мына телефон шырылдап жатыр ғой... Е.. е.. е.. Желаяқ досым екен ғой... Алло... Алло.. ия....Не дедің..?. Аяз атаның күймесі бұзылды дейсің бе...? Қа а ап..әттеген-ай... Енді қайттік ..? Балалардың жаңа жылдық мерекесі Аяз Атасыз болмайды ғой...Уақыт та таяп қалды..Е..е..е.е таптым...таптым. Қазір біз Роботбекті көмекке шақырайық...Оның қолынан келмейтіні жоқ қой...

Қасқыр: -Кәне.. балалар бәріміз Роботбекті шақырайықшы...Роботбек... Роботбек...

(Осы кезде музыка ойналып Роботбек гидроскутермен келеді)

Қоян: -Сәлем Роботбек!

Роботбек: -Сәлем...Сәлем...Сәлем...

Қасқыр:- Роботбек,... бізге сенің көмегің қажет...Орманда Аяз Атаның күймесі бұзылып қалыпты... Енді соны тез арада жөндеу керек...Сен техника тілін жақсы білуші ең ғой...Солай емес пе?..Көмектесші бізге...

(Сол кезде шам сөніп, светамузыка ойнап, жарқ жүрқ етіп, оңға -солға бұрылады.)

Роботбек: -Әрине...әрине... Жөндейміз... Жөндейміз...Бір... екі... үш... Қашықтықтан жөндеу...қашықтықтан жөндеу.. жөндеу....үш...екі... бір... Жөнделді... Күйме жөнделді...жөнделді...

Қоян: -Алақай ... Балалар Аяз Ата келетін болды...Күймесі жөнделді... Роботбек саған көп-көп рахмет!!!

Қасқыр:- Ой... балалар ... ендеше не тұрыс... көптен күткен Аяз Атамыз қарсы алайық...

Сайқымазақтар кезектесіп: Балалар, сүйінші... сүйінші... Аяз ата мен Ақшақар да келіп қалды... Қарсы алайық... Қанекей, қарсы алайық!!!

Қоян: Жарайсыңдар достар! Жарайсыңдар!Ендеше, тойды тойға ұластырайық...

Қасқыр:-Олай болса, ортаға негізгі кейіпкеріміз, жаңа жылдың символы Аяз та мен Ақшақарды шақырайық! Балалар кәне, дауыстап шақыралық...

Бәрі бірге: АЯЗ АТА ! АҚШАҚАР ! АЯЗ АТА ! АҚШАҚАР !

Балалар: -Аяз Ата, Ақшақар. Аяз Ата, Ақшақар.

Қоян: Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Қуанышқа бөлеген барша жанды.

Жаңа жылдың хабаршысы, жаршысы,

Қарсы алайық Аяз Ата, Ақшақарды

(Музыка ойналып залға Аяз Ата мен Ақшақар келеді.)

Аяз ата:-Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел.Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Қасқыр: - Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз ата:-Уағалейкумассалаум, балам!

Асулардан асып,

Аппақ қарды басып,

Жеттік міне сендерге

Сағынышты басып.

Ақшақар: -Саламатсыздар ма балалар! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап, құлпырып отырсыңдар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Сіздермен бірге мерекені қарсы алып, ойнап-билеп, күлуге келдік балалар!

-Ал, халайық,халайық!

Кәне қарап тұрмайық .

Жаңа жылды қарсы алып,

Әндетейік, жырлайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Қоян:-Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.

Аяз ата:- Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?

Қасқыр: -Ортаймаған қазаны, қазыналы Қазалыға келдіңіз, Ата.

Аяз ата: -Бәрекелді, балам! Уақыт қандай жылдам десеңші, балам! Сіздермен кездеспегелі бір жыл уақыт өтіпті. Енді міне Жаңа жыл да таяп қалды.

Қоян: -Дұрыс айтасыз Аяз Ата! Балалар Жаңа жылды асыға күтуде. Балалар ендеше ескі жылмен қош айтысайық.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық .

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық. – деп ескі ит жылын шығарып салайық.

(Ортаға музыкамен ескі Доңыз жылы келеді)

Ескі жыл: -Менің жылымда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Шәкірттеріміз биылғы жылы білім олимпиадаларының,түрлі байқаулардың, халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары атанды. Білімді шәкірттер саны көбейді.Ел аман, жұрт тыныш болды.

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгінге ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Жаңа жыл саған аманат

Қош сау болыңдар балалар!

Қоян: -Ал, балалар ескі жылға рахмет айтып шығарып салайық.

Балалар хормен: -Рахметсаған,ескіжыл! Қош сау бол, ескі жыл!

Аяз ата: -Жарайсын балам! Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен де жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын. Бір жыл бұрын Доңыз жылына үлкен үміт артып, сеніммен сендердің алдарыңа келген едім. Шүкір, немерелерімнің бағындырған белесі, шыққан шыңы, алған асуы аз емес екен. Ескі жылға ризамын. Елімізде бейбітшілік, тыныштық болды. Осының өзіне тәуба дейміз. Енді қасыма ілестіріп, жылдың басы атанған, елді бірлікке, тоқшылыққа, молшылыққа шақыратын Тышқан жылын әкеліп тұрмын. Бұл баламнан да үлкен үміт күтемін.

Жаңа – Тышқан жылы:

Мен – дағы қонақпын.

Он екі жылда оралар,

Үлкендерден ақ ниет,

Тілек айтсын балалар.

Саламатсындар ма балалар!

Қоян:-Ар бол Жаңа Жыл,бар бол Жаңа Жыл!

Балалармен бірге: -Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!

«Шырша жыры» орындалып, балалар шыршаны айналады.

(Балалар Аяз Атаға өз өнерлерін көрсетеді.Сыйлық алады.)

Аяз ата: -Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Бәрің де ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Көңілім бір марқайып қалды.

Қоян: -Ал енді, балалар, Аяз Атаны бізден басқа да балалар күтіп отыр екен. Сондықтан Атамызға ақ жол тілейік.

Аяз Ата: -Балалар біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Балалар: Қош сау болыңыз!



Зарипова Бақытгул

Қызылорда облысы,

Қазалы аудандық оқушылар үйі

бұқаралық бөлім меңгерушісі
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!