400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, Жаз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі жас педагогтарға керек. Меркелердің өтілуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің Жаз»


Мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, балаларға эстетикалық тәрбие беру.

Мектепке дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыру.

Көрнекіліктер:

Шарлар, гүлдер, кәмпиттерден жасалған сюрприз, сюрприз ойыншықтар,сиқырлы сандық.

Музыка: «Баланың күлкісі» ойналады.

Би: «Балапан» Балауса тобы.

Жүргізуші:

Құрметті балалар, қонақтар!

«Қош келдің жаз!» мерекемізбен қатар, Балаларды қорғау күніне тұспа – тұс келіп отыр. Осы мерекемізге арналған іс - шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Музыка «Жазғы табиғаттың дауыстары» ойналады.

Жаз:

Жазды күні шілде де,

Жеміс пісіп толады.

Қызыл, жасыл гүлдерге,

Көбелектер қонады.

Сәлеметсіздерме, менің достарым!

Балалар, тыңдаңдаршы? Бұл қандай дыбыстар?Қай жыл мезгілінің дыбыстары?Музыка «Жазғы табиғаттың дауысы» ойналады.

Балалар:Жаз мезгілі.

Жаз:Дұрыс, балалар. Сіздер қандай зерек балаларсыңдар!

Мен сіздермен танысқаныма қуаныштымын!

Сіздер,қалай өсіп, үлкен болғансыңдар?

Сіздер мені, таныдыңдарма?

Балалар: Сенің атың Жаз.

Жаз: Жаз келгеніне қандай жақсы болды! Балалар жазғы демалысқа шықты!

Қазір жаздың бірінші айы,сондықтан, мен сіздерге қонаққа келдім! Кәне танысайық! Менің атым Жаз, ал сіздердің аттарың?

\Балалар өз аттарын айтады\ Тұра тұрыңдар, тұра тұрыңдар!Мен біріңіздің аттарыңызды есте сақтай алмаймын. Мен қазір сендермен бірге «Атыңды ата» деген ойын ойнаймын., «Қыздар» дегенде, қыздар өздерінің аттарыңды атаңдар, ал «Ұлдар» дегенде ұлдар өздерінің аттарын атаңдар, жарайды ма?

\Жаз балалармен «Атыңды ата деген ойын ойнайды.\

\Көңілді музыка ойналады.\

Жаз: Балалар, тыңдаңыздар, біреу, бізге есік қағып келіп тұрған сияқты?

\Есік қағылады, Мереке ханшайымы келеді.\

Жаз: Балалар, сіздер, таныдыңдарма?

\Балалар «Жоқ» деген жауап қайтарады.\

Жаз: Балалар бұл Мереке ханшайымы екен, бүгін балабақшамыздың туылған күні ғой, соған сонау алыс жол жүріп, сіздерге көптеген сыйлықтар, жеміс- жидектер, ойын сауықтар әкеліп сіздерге қуаныш, шаттық сыйлау үшін келіпті. Қане, балалар, қолымызды соғып, қарсы алайық»


\Балалар және Жаз қолдарын соғып, Мереке ханшайымын қарсв алады, оның қасында көмекшілері болады.\


Мереке ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар, апайлар, қонақтар! Жаздың алғашқы айында, балабақшаның туылған күні, сондықтан, мен сіздерге осы мерекені жақсы өткізуге келдім! Қане, балалар,бүгін осы сіздердің мерекелеріңізді жақсы өткіземізбе?

Балалар: Ия.

Мереке ханшайымы: Сіздермен бірге бірінші танысқым келіп тұр.

Менің атым Мереке ханшайымы, ал сендердің ше?\Балалар өздерінің аттарын айтады\

Тұра тұрыңдар, тұра тұрыңдар, мен бұлай сендерді тани алмаймын ғой, оданда мынандай ойын ойнайық.

Мереке ханшайымы: «Қәне танысайық» ойынын онайық.

Ойын: «Қәне танысайық»

Мереке ханшайымы неше түрлі аттарды айтады. Сол атаған аттары аттас болса ,балалар өздерінің қолдарын көтереді.


Мереке Ханшайымы: Балалар сендер «Ну погоди» мулътфилъмін көрген боларсыңдар?

Балалар: Ия, көрдік.

Мереке Ханшайымы: Онда, сендерге жұмбақ жасырайын, Қасқырдан қорқатын кім?

Балалар: Қоян.

\ «Ну погоди» мулътфилімінен музыка ойналады\

Мереке ханшайымы: Жарайсыңдар, онда осы мулътфилъмнің кейіпкері Қоянды қарсы алайық! Ол да біздің бүгінгі мейрамға қонаққа келді. Ол сендермен бірге билеуге келді.\

Жаз: Ең жақсы билегендерге сыйлық бар.


Барлық балалар бірге билейді. Фиона көрсетеді, балалар қайталайды.

Саусағынан бал тамған,

Сан түрлі бүгін күйші бар.

Бұрала басып билейтін,

Буынсыз сұлу биші бар –дей келе, ортада МДТ «Ұлан» тобы

Би: «Қазақ биі»


Мереке ханшайымы: Міне, балалар, біздер сендермен бірге таныстық, биледік, енді мен сендердің өнерлеріңді көргім келіп тұр. Қәне, балалар, маған жаз мезгілі туралы тақпақтарды айтып бересіңдерме?

Балалар: Ия айтып береміз..

\Осы жерде балалар тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетіп мереке ханшайымын таңқалдырады.\

Балалар тақпақтар айтады:

«Ертөстік» тақпақтар.

«Құлақтан кіріп бойды алар

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй» - демекші, сахнада ортаңғы топ бүлдіршіндерінің әнін тамашалайық.

Ән: «Чунга чанга»

Мереге ханшайым: Жарайсыңдар.

Ал, енді тағы да, билейікші балалар бірге.


Би: «Ұлдар биі» «Еркемай»

Жаз: Біздің даусымызды естіп тағыда қонақ келіпті. Ол кім екен балалар?

Балалар: Мики маусым

Мики маус: Сәлем достар, мен сендердің көңілді дауыстарыңды естіп келдім. Маған да өнерлеріңді көрсетіңдерші?

Тақпақтар: «Айгөлек,Балдырған» топтары.

Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан – демекші ортаға Еркемай тобын шақырамыз.

Ән: «Жаз»

Жүргізуші: Балалар, апайлар, қонақтар біздің балалармыз ән мен тақпақтарды айтып қана қоймай, спортты да жақсы көреді. Ендеше балаларымыздың спорттық ойынын тамашалаңыздар.

Спорттық ойындар: «Балбала, Тұлпар»

Жеңіске жеткен командаға дипломдар табыс етіледі. Сыйлықтар таратылады.

Мереке Ханшайымы: Балалар сендер өте дарынды балалар екенсіңдер!

Жаз: Ал, біздер балалар сандермен қоштаспаймыз, біздер әлі сіздермен кездесеміз, даз бойы сендермен доламыз. Көріскенше!

Мики маус , Қоянда да қоштасады.

Ән: «Алақай» МТД

Жүргізуші: Осымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
1047
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі