400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің жаз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне, сабаққа көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет қызметі


Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық, денсаулық, әлеумет.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Қош келдің жаз!»

Мақсаты: Жаз  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерту.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.

 Міндеттері:

Білімділік: Жаз мезгілі, жазғы ойындар, жазғы табиғат,жазғы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.

Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілік: Табиғатқа,  қоршаған  ортаға  деген сүйіспеншілігін   арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,топпен, көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы, мнемокесте, әңгіме құрау.

Көрнекіліктері:Суреттер, бояу, үнтаспа, сүлгі, карточкалар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер, төрлетіңіздер,Good morning!)

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман –есен болайық!

Бейбітшілік қалайық

Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

Суреттермен және мнемокесте мен жұмыс жасау.

- Жаз қандай болады

Жазда  бау-бақшада не өседі?

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

- Балалар, суретте не бейнеленген?

-  Бұл жылдың қай мезгілі?

 - Жазда қандай өзгерістер болады?

 - Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды?

Сегіту сәті: Үнтаспа қосып балаларға жаттығу жасатқызу.

Дидактикалық ойын: «Ойланып көр»!

Мақсаты: Суретте әр жыл мезгілдердің өз ерекшеліктерін тауып, дұрыс орналастыру.

Тақпақтар:

Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз

Күзде еккен егіндей

Көктемде өсіп өнеміз.


Жаз келді алақай!

Ойнаймыз далада

Қамалып отырмай

Жүріңдер балақай


Жаз келіпті қараңдар

Көлге үйрек қаз қонды

Асыр салып балалауға

Суға түсіп мәз болды.


Жаз келді жадырап

Ағаштар гүлдеді

Жаңбыр жауып нөсерлеп

Жер ана көкке бөленді.


Жаз жайдары алақай

Жатыр жайнап даламыз

Жүр қанекей балақай

Шомылуға барамыз.


Ауыл қонды жаулауға

Дала жатыр жадырап

Қой қаптады қойнауда

Қозы лақтар маңырап


Жазды ыстық сүйемін

Алма пісті дегесің

Бағымызда ендеше

Алма теру көбейсін


Жаз келді жадырап

Ағаштар гүлдеді

Жаңбыр жауып нөсерліп

Жер - ана көкке бөленді


Көбелектер би билеп

Еңбекші ара бал жинап

Балалар тоймай ойынға

Өтеді жаздың әр күні.


Жаздың бір кешінде

Сарыағаш бағы есімде

Дірілдеп аппақ саусағың

Келе алмай тұрдың шешімге.


Ән: «Көбелек»

Шығармашылық жұмыс: Балалар көз алдарына жаз мезгілін елестетіп, өздеріне ұнаған бір ғана ерекшелігін қағаз бетіне бояу арқылы салады.

- Балалардың жауабы:

- Ыстық

- Демалады

- Шомылады

- Күнге күйеді т.б.


- Жылдың төрт мезгілі бар: …, …, …, … .

 Бір жылда 3 ай бар.

Жаз айлары: …, …, … .

 Ең ыстық жыл мезгілі: … .

 - Қазір жаздың алғашқы айы

Иә білемін  айнала  гүлденіп,жап-жасыл  күйге енеді.

Ал біз болсақ, суға түсіп көңілді ойнаймыз.Саябаққа, орманға саяхаттаймыз.

- Жаттығуды қызыға орындайды.


- Алишер.


- Аяулым.


- Радмир





- Еркеназ




- Лавр, Лев.





- Ануар





- Динара





- Таисия





- Жансая






- Ералмаз





- Амина


- Ойынға белсене қатысады.

Рефлексиялық- түзетушілік

- Таңғажайып сәт: Қонаққа күн келеді!

- Балаларға сұрақтары бар күн сәулесін таратады.

- Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жаз мезгілінің айларын.

Игереді: әр түрлі гүлдерді.

Меңгереді: Жаз мезгілі туралы жалпы түсінікті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
3966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі