15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош келдің Көктем!"
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілінің басқа мезгілдерден өзгешелігін түсіндіру.Көктем табиғат көрінісіне, сурет бойынша әңгіме құрауға, өз ойларын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Бірден беске дейінгі сандарды санау және қосып алу, алыс, жақын, жоғары, төмен, оң, сол ұғымдарын түр-түстерді ажырата білуге тәрбиелеу. Өз ойларынан елестете отырып бәйшешек гүлін жапсыруға үйрету. Кеңістікті бағдарлап дұрыс пайдалана білуге үйрету. Қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: суреттер, көктем көрінісі.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Музыка әуенімен топқа кіру. Қонақтармен амандасу.
Шаттық шеңбер:
«Алпамыс» атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен қонақпен
Амандасып алады,
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде , не жөнінде болатынын сендер жұмбақтың шешуін тапқанда білесіңдер.
Жұмбақ:
Бұлтты айдап желдеткен
Нөсерлетіп желдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Көктем
Есік қағылады:Көктем кіріп балалармен амандасады.
Балалар мен сендерге тапсырма әкелдім.
Тәрбиеші: Балалар көктем бізге үш топқа тапсырма әкеліпті.
Балалар әр топ өз орындарына отырыңдар.
Тәрбиеші: Топтарды таныстыру.
Тәрбиеші: Ал енді көктемнің тапсырмасы тапсырмасын көрейік.
Бұл тапсырмалар әр топқа бөлінген екен.Ал енді балалар «Күнбағыс» тобының тапсырмасы «көктем суреті бойынша әңгіме құрастыру».
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауабы: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктем айларың атандаршы?
Қыс айлары: Наурыз,Сәуір,Мамыр
Көктемнің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Күн жылына бастайды, қарлар еріп су болады,құстар жылы жақтан ұшып келеді,Ағаштар бүрші жарады,Жерге гүлде шөптер өседі.
2.Тәрбиеші: Өте дұрыс жауап бердіңдер балалар.
Тәрбиеші: Ал, балалар енді көктем туралы тақпақ кім біледі?
Аяла : Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі түсті әйбат
Гүлдер шықты жайнап
Қызыл-жасыл аймақ
Қырға шықты ойнап.
Балжан:
Көктем,көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Айару:
Көктем келді күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп,
Бәшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Тәрбиеші: Өте жақсы айттыңдар. Енді табиғат туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ма?
Дамира:
Көшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін
Әсет:
Тамшыдан тама берсе
Дария болар.
Тау кезеңсіз болмас
Өлке өзенсіз болмас.
Өте тамаша жауап бердіңдер, балалар!
Тәрбиеші: Балалар, сендер тақпақты да мақал-мәтелді де бәрін біледі екенсіңдер. Өте жақсы жауап бердіңдер. Енді шаршаған боларсыңдар. Енді демалайық.
Сергіту сәті:
Шомылып нұрға атырап
Ағаштар жайды жапырақ,
Далаға бірдей таралды
Гүлдерден жұпар шашылды
Тәрбиеші: Ал, енді «Бәйшешек» тобының тапсырмасын көрейік. Бұл математика сабағы бойынша «сандық ұғымдарды айту». Балаларға тапсырманы ойын арқылы орындату.
Тәрбиеші:
1-ші тапсырма:
3. 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау. (екі тілде санау)
2-тапсырма:
Балалар енді санамақ білесіңдерме?
Айым:
1-дегенім бесік
Содан шықтық өстік
2-дегенім елім,
Өзен тауым көлім
3-дегенім үміт
Үміт артар жігіт
4-дегенім төзім
Төзе білем өзім
5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
3-Тапсырма:
Тәрбиеші: Сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Балалар: Ұшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,тіктөртбұрыш.
Тәрбиеші: Ұшбұрыш қандай заттарға ұқсайды?
Балалар: Үйдің шатырына,шыршаға,пирамидаға.т.б.
Тәрбиеші: Төртбұрыш неге ұқсайды?
Балалар: Үйдің қабырғасына,шкафтардың беттеріне,кітапқа.т.б.
Тәрбиеші: Дөңгелек қандай заттарға ұқсайды?
Балалар: Көліктердің дөңгелегіне,рульге,күнге, допқа, алмаға т.б
4-тапсырма:
Ағашта 5-құс отыр оның 2-уі ұшып кетті. Ағашта неше құс қалды?
5-тапсырма:Себетте екі алма,табақта 3-алма қосқанда неше алма?
Сергіту жаттығуы
(Музыкамен)
Тәрбиеші: Ал, енді «Қызғалдақ» тобына берілген тапсырманы көрейік. Қызғалдақ тобына «бәйшешек» гүлін жапсыруды тапсырыпты.
Ал,енді балалар біз Бәйшешек гүлін жапсыу үшін бізге қандай құрал-жабдықтар керек.Ақ қағаз,желім,Бәйшешек гүлінің үлгісі,сулы салфетка.
Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Қандай ойын түрлерін білдіңдер? Қаңдай математикалық ұғымдарды білдіңдер? Деген сұрақтар қою арқылы балаларды мақтап, мадақтап, сабақты қорытындылау.
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
-деп, қонақтармен қоштасайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген