400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 7 орта тобының Қош келдің Наурыз конспектісі

Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар:
1.Ой, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Мөлдір
2.Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Бақдәулет:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.

Бекарыс
3.Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Аида
4.Бәйшешек гүл ашады

Мұздар сайға қашады

Суға толып өзен көл

Кемесінен асады

Жалғас

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Та
қпақтар:
1.Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Санжар
2.Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын

Аделя

Тәрбиеші: Әже, біздің балалар Наурыз мерекесіне арнап тақпақтарын айтқан болатын. Сізге ұнады ма? Олай болса, сіз де бізге «Бесікке салу» дәстүрінен үзінді көрсетсеңіз. Әже: Әрине, көрсетейін. Бөбектерім мұқият тыңдаңдар. «Бесікке салу» дәстүрі. Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы. Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан. Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан. Бесік түгел ағаштан жасалады. Оның құрылысы келіннің әнінде былай баяндалады. Түбегіңді, шүмегіңді салайын.
Денең таза болсын деп
Бас жастықша салайын
Басың жұмсақ болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел көрпеңді
салайын.
Сымбатты, сұлу өссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел, суық тимей қалсын деп.
Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Тыштыма үйлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды.

Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас

Отыз омыртқасынан алас, — деп пәле-жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады.

— Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.

— Баланы әкеліңдер бесікке бөлеп берейін.

 Мойынымдағы тұмарым
Тарқамайтын тұмарым
Тағдыр берген алсын деп
Ақ бесікке салсын деп
Мойынымдағы маржаным
Қорадағы мал-жаным,
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікке.

Тәрбиеші: Балалардың орындауында қабыл алыңыздар!
Ән: «Наурыз»
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Оқтау тарту»
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар. Ойынды сондай жақсы ойнайды екенсіңдер. Ал енді тақия кигізу ойынын ойнайық.
Ойын: «Түйілген орамал»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей әжемізден бата күтеміз.
Әже:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, әжелер және балалар. Осымен біздің «Қош келдің Әз Наурыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі