Қош келдің
Наурыз!
Мақсаты: «Наурыз мейрамын» ұйымдастыру
мен өткізу, шығыстың жаңа жылы – Наурызды
тойлау барысында ұлттық
салт-дәстүрлерді жағымды қабылдауға жағдай
жасау.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар,
ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: Ұлыс оң болсын, ақ мол
болсын!
Наурыз мейрамы құтты
болсын!
1-жүргізуші: Наурыз – көктем
мерекесі.
Наурыз – жыл
басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа
леп.
2-жүргізуші: Наурыз – қуаныш
мерекесі.
Бақыт пен шаттық
мерекесі.
1-жүргізуші: Уа, жарандар,
жарандар,
Бәрің бері
қараңдар!
Наурыз – думан
басталды,
Бір сәт зейін
салыңдар.
Ұштасқан оймен
мәңгілік
Біздерде бар сан
ғұрып,
Ғасырлардан
ғасырға
Келе жатқан
жаңғырып.
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың
ұлы күні құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ
даласына жер әлемді жайнатып, әнші құсты сайратып, Наурыз тойын
тойлатып жаңа жыл келді! Той құтты болсын! Ұлыс оң
болсын!
Оқушылар: Мерекелеріңіз құтты
болсын!
2-жүргізуші: Наурызбен ұласып көктен
жеткен,
Үлкен – кіші көлін көкке
өрлеткен.
Жан- жануар табиғатты
түрлетіп,
Ескі жылмен реніш, өкпем
кеткен.
Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық –
деп ортаға «Балбөбек» балаларын шақырамыз. (ән, би, тақпақ) даярлық
тобы.
1-жүргізуші: Аңсарым, асыл
Наурызым,
Биікке біткен
жалбызым.
Көзайым болған, жалғызым
–
Қош келдің, ардақ Наурызым! –
деп ортаға 1-2 сынып оқушыларын шақырамыз. (тақпақ,
ән)
Ән:
«Шілдехана»
2-жүргізуші: Ұлттық спорт ойындарын
тамашалайық! (қол күрес, әтеш күресі, теңге
алу)
1-жүргізуші: Наурыз тойың, Наурыз
тойың,
Құтты болсын,
халайық!
Күй төгілсін, күй
төгілсін,
Шырқап әнге
салайық.
Ән:
«Дастархан» орындайтын Жасдауренқызы
Айлана.
2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар,
халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым
бар.
Кең даладай жиналмаған
шалғайы,
Өлеңім бар, жыр- шумағын
арнайтын,- деп ортаға 3-4 сынып оқушыларын
шақырамыз.
1-жүргізуші: Бүгіндей Наурыз
тойда,
Тамашалап
өнерді.
Қыздарымыз
ортада,
Ұлттық биді
билейді!
«Асатаяқ» биі
биленеді.
2-жүргізуші: - Балалар, бізге Қызыр баба
қонаққа келіпті.
Қызыр
баба: Ау, аман
ба,жарандар!
Алтын таңға
қарандар.
Ерте жайнап атты
таң,
Естіліп жүр шаттық
ән.
Аманбысың, ардақты халқым
менің!
Ардақта Наурыз тойын салтыңды
елім.
Мереке басы болсын
берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің
жегін!
1-жүргізуші: Оу, халайық,
халайық,
Ұлттық биге
қарайық.
Наурыз тойында
көңілді,
Әсем әнге
салайық.
«Қаражорға»
биі
Қызыр
баба: -Ой, бәрекелді! Көп жасаңдар,
айналайындар! Жастарың айтса айтқандай
өнерлі
екен. Жан-жоралғыдан да
қаражаяу емес көрінеді. Енді, рұқсат
болса,
бұрынғының жолымен мен енді
балалардың зерделері мен ой-өрістерін
біраз
пайымдап
көрсем.
-Киіз үйдің жабдықтарын
ата.
-Ұлттық тағамдарды
ата.
-Ұлттық киімдерді
ата.
-Ұлттық ойындарды
ата.
Қызыр
баба: Жарайсыңдар, балалар!
Ризамын.
2-жүргізуші: -Қызыр баба, енді сіз
дәстүріміз бойынша бата берсеңіз!
Қызыр
баба: Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын,
Қайда барсақ, жол
болсын,
Төрт құбыла тең
болсын.
Ұлыс бақты
болсын.
Төрт түлік ақты
болсын,
Ұлыс береке
әкелсін,
Наурыз құтты
болсын!
Әумин!
1-жүргізуші: Ұйып тыңдар құстар да ну
орманда,
Тамылжытып бұлбұл құс ән
салғанда.
Ал енді қошеметтеп қарсы
алайық,
Әншілерді көктемгі той
болғанда.
Ән: «Әсем
ән»
2-жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Жандарыңыз шаттыққа кенелсін, өрістеріңіз кеңейе берсін! Той тойға
ұлассын!