Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік концерт сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік концерт сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры м.а:

М.Б.Найманбаев.

_______________

«____»______2017ж.









Shape1



Shape2


Мерзімі: 18.03.2017 жыл.


Жүргізушілер: Аман Арай

Алпысбай Аружан


















«Қош келдің, Наурыз!»

мерекелік концерт.


Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

 

2-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

 

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

 


2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.


1-жүргізуші:

Қадірлі ағайын, 2015 жыл табалдырықтан аттап, Қой жылы жайғаса бастады. Бұл жылдың Қазақ Елі үшін ерекшелігі қандай? Әрине, данышпан қазақ халқы жыл қайыру барысында әрбір жылдан тек жақсылық пен құт-берекеге үміттеніп, болжам жасағанда да тек жағымды жорамал келтіріп отырған. Мәселен, еліміздің дария данышпандары жыл санаудағы Тышқан жылы - тыныштық, Сиыр жылы - сыйлық, Барыс жылы - байлық, Қоян жылы - құт-береке, Жылан жылы - жайлы жыл, Жылқы жылы - жұтсыз жыл, Қой жылы - құтты жыл, Мешін жылы - мерейлі, Тауық жылы - татулық пен  табыс жылы, Ит жылы - игілік көп, Доңыз жылы - дүниелі боламыз дейтіні бар. Яғни, қазақ әр жылдан тек жақсылықтан үміттеніп, ниетті де соған қарай қайырады. Бұнысының қырым кетпейтініне де мысалдар көп. Соның ішінде табалдырықтан аттап, енді ғана жайғасып жатқан Қой жылына келсек, ең әуелі тұғырлы Тәуелсіздігіміздің өзі осы жылдың еншісінде жатқанын еске  салсақ та жеткілікті.

2-жүргізуші:

Ал биылғы жылдан жұрт нендей жағымды жаңалықтар күтеді? Бұл жылдың ерекшелігіне келсек, ең алдымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бұл жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялағанын алдыға тарта отырып, биылды еншісінде елімізде үлкен мерейтойлар жатқызылатынын айтқымыз келеді.

1-жүргізуші:

Ассамблея жылымен қатар ағымдағы жыл Конституцияның 20 жылдық мерейтойы арнайы атап өтіледі. Осыған орай біз бүгінгі мерекелік кешімізді ерекше өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда әр сынып өз өнерлерін көрсетеді. Яғни, әр сынып салтанат құрып ән, би және салт дәстүр сахналап көрсетеді.

2-жүргізуші:

Сонымен қатар Биылғы жылдың айтулы даталарының бірі - Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жер-жерлерде шаралар өтілуде. Біздің мектебімізде де осы мерекеге байланысты көптеген іс-шаралар өтілуде.



1-жүргізуші: 

Және де Қой жылындағы айрықша датаның бірі - Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығы. «Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді, біз қазірден бастап оған тыңғылықты дайындалуымыз керек. Бұл мерейлі дата аясындағы мектебімізде де бір қатар шаралар өтіліп жатыр.

1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үлкен аталарымыздан, ағайларымыздың жылы лебіздерін тыңдап алайық.


Ендеше алғашқы құттықтау сөзді ауыл әкімі Аян Аманжолұлына береміз.

Келесі құттықтау сөз мектеп директоры Махмут Боқайұлына беріледі.

Келесі құттықтау сөзді ардақты ұстаз, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ерғали Балғараұлына береміз.


Ал енді бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:


Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!



 

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызға «Наурыз думан» биімен Балдәурен бишілер тобын шақырамыз.

 

Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық дей келе әр сыныптың өнерін тамашалайық, ағайын.


1-жүргізуші: Әрбір сынып өздері дайындағын көріністерін ортаға салса дейміз. Алғашқы сыныбымызды ортаға шақырайық. Бірінші кезекте 4-сынып. Ал өнерлеріңді көрсете қойыңдар

  1. Көрініс.

  2. Ән

  3. Би

 

2-жүргізуші:

Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезекті 5-сынып оқушыларына береміз. Өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық:

Ән: «Наурыз көктем»

Би: «Батырлар биін» қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

 







2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

 

1-жүргізуші. Сыныптарымыз өз өнерлерін көрсетуде. Келесі кезекте 6-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді! Бірге тамашалайық!


2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

  

2-жүргізуші: Келесі кезекте 7-сынып оқушыларына береміз. Қошеметпен қарсы алыңыздар.

 

1-жүргізуші: 

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

 

Кезек 8-сынып оқушыларына да келіп жетті. Оқушылар қандай қайындықпен келген екен. Тамашалайық!


2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!


Ендігі кезек 9-сынып оқушыларында. 9-сынып қандай дайындықпен келген екен тамашалайық!!!







 1 – жүргізуші:

- Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Келесі кезекті биге берсек. «Көк толқын» бишілер тобының орындауында «Наурыз» биін, қабыл алыңыздар!


2 – жүргізуші:

- Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке. Дей келе осымен біздің Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламамыз аяқталды.

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

























Биылғы жылды ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялағанын алдыға тарта отырып, биылдың еншісінде елімізде үлкен мерейтойлар жатқызылатынын айтқымыз келеді.

1-жүргізуші:

Ассамблея жылымен қатар ағымдағы жыл Конституцияның 20 жылдық мерейтойы арнайы атап өтіледі. 

2-жүргізуші:

Сонымен қатар Биылғы жылдың айтулы даталарының бірі - Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жер-жерлерде шаралар өтілуде.

1-жүргізуші: 

Және де бұл жылдың айрықша датаның бірі - Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығы. Бүгінгі концерттік бағдарламамыз да осы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.

Ашық аспан, бейбіт өмір аясында бүгінгі ұрпақ қазіргі Тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. Осынау ұлы мерекеге орай Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ауылымыздың елді мекендерінде концерттік бағдарламалар қткізілуде.

Отан деген ұлы есім аясында бірігіп, сын сағатта ел намысын қорғаған ардагер ағалар мен абзал аналарымыздың құрметіне Тасарал елді мекенінен біз де концерттік бағдарламамызды ала келдік. Қабыл алыңыздар!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
2744
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12