жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің, Наурыз! меркесі
Қош келдің, Наурыз!
Топ мерекеге сай безендірілген. Бір бұрышта қазақы киіз үй керегесі, киіз үй жабдықтарымен орналасқан. Төбеде шаңырақ, шашақтармен көмкерілген.
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту және маңызын түсіндіру, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, әдет ғұрпымен таныстыру.
Тәрбиелік : Ұлттық тұрмысқа, мәдениетке деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Фархат:
Сүйінші жамағат, сүйінші Наурыз келді!
Қыс өтті сонарлатып, алаулатып,
Келді көктем сәуірді дәуірлетіп.
Қыл қызыл қызғалдақпен жалаулатып
Күн күркіреп, оятты тіршілікті.
Сан алуан гүл шығып, үн шығыпты,
Өссін деп бәйтерек қып ырым қылып
Тіктім мен қаламшалап мың шыбықты.
Саламат:
Құт береке Наурыз айы келді деп
Жер түледі, жасыл желекті желбіреп
Айналайын атамекен кең далам
Толықсиды нұрға батып елжіреп
Аспанда ақша бұлттар ойнайды
Наурыз тойы көңілімді баурайды
Тебіренген табиғатта, мәз мейрам
Аңқылдаған қазағымнана аумайды.
Лаззат:
Елімізге бейбіт шілік, жерімізге тыныштық бер. Тәу, тәу жерімді ырысқа толтыр, қамбаны асқа толтыр. Қойнауымды байлыққа толтыр. Тәу, тәу Оңымнан ай, солымнан күн туып, ұрпақты үрімпұтақты қылғай. Тәу, тәу .Әділжайтағыннан тайдырма, әз халықты бағыннан айырма тәу,тәу.
Гүльвира: Ұлыстын ұлы күні ауыл елді. Бүкіл жамандық атауынан тазартып аластауымыз тиіс. Аналарымыз қане. Ауыл елді аластатып шығарындар қарақтарым.
Лаззат:
Алас, алас тіл көзден алас
Шарпыған оттай жел сөзден алас
Алас, алас жаладан алас
Ұрпағыма келер наладан алас
Қыдыр ата: Серік
Арымысындар балаларым!
Байқаймын былтырғы жылға қарағанда ауылдарын көріктеніп, көркейіп, ажары ашылып Тұрғындардың әл ауқаты артып тұмыстары жақсарып келеді. Жақсының жүрегі ел деп соғады деген еліммізде елім деген азаматтар молайсын. Ау қарақтарым қолдарынды жайындар, бата берейін
Қымбатты халдайық,
Қадірменді ағайын.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жала жерге енсін
Әр дайым осындай той береке берсін
Ұлыстын ұлы күніңде
Қызын қияға қонсын
Қыруар малын өріске толсын
Дәулетінді асыр сын
Дұш паның басылсын
Ұлысын бақытты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Тұлпар бапты болсын
Ісін нақты болсын
Өмірін шатты болсын
Сапарын сәтті болсын
Аумин
Ән: «Наурыз – думан»
Ортаға 2-жүргізуші шығады
Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Тыңданыздар, тыңданыздар,
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық
Би билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаhарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқанды кеңге салшы, уа
халайық!
Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін Ранай апайымызды ортаға
шақырамыз
1-жүргізуші:
Күн мен Түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
«Көгерсің» деп халқымыз.
Күн мен түннің теңелу биі
1-жүргізуші
Армысың, Наурыз,
Қуаныш боп кір, төрлет.
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый- құрмет.
Тойбастар биі
2-жүргізуші:
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
«Қазақтын бір салты» деп
Тақпақтан шашу шашайық.
Тақпақтар.
Бекзат:
Уа, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Нұрай:
Көктем келді бүгін,
Күнде төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Нуру:
Бір аспанның астында ,
Бір дастархан басында
«Береке-бірлік» болсын деп
Той тойлайық тамаша!
Нұрғазы:
Наурыз тойы құтты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Осы кезде Алдар көсе кіріп келеді.
Алдар көсе: Сәлеметсіндер ме! Уа халайық, амансындар ма!
1-жүргізуші: Амансыз ба , Алдар ата ! Кімді іздеп жүрсіз ?
Алдар көсе: Алдайтын адам іздеп жүрмін . Ә-ә, таптым-таптым (қолын уқалап ). Балаларды алдайын.
Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын
Ренжіген сәбиді
Тентектерден қорғаймын.
А-а-а-а-а-а-айй!
Құтты болсын, Наурызым,
Айналайын балалар!
Қоржыным толы күлкіге,
Ойындарым тағы бар.
Қызық үшін сендерге
Өтірік өлең айтамын.
Ауылыма кетерде
Тышқанға мініп қайтамын.
А-а-а-а-а-айй!
2-жүргізуші: Алдар ата, сіздің балаларға алып келген қандай сый- сияпатыңыз бар?
Алдар көсе: Менің мына қоржынымда ойындар бар.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Қожанасыр: «Ассалаумағалейкум халайық!»
Алдар көсе: Амансын ба, Қожеке.
Қожанасыр: Ия аманбыз, шүкір. Қандай қызық болып жатыр деп келсем, ойын ойнап жатыр екенсіңдер ғой. Бұл балалардың қайсысы мықты екенің білгім келіп тұр. Келіңдер бір күрес өткізейік қызықты.
«Қазақша күрес»
2-жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Бишіні кім сүймеген
Қарандаршы қыздарға
«Апалар» биін билеген
Би: «Апалар» биі
Дінмұхамед:
Наурыз келді тамаша,
Ән саламыз таласа.
Бар табиғат күлімдеп
Жадырады балаша.
Руслана:
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Наргиза:
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш әкеп еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
Би : «Ат шабыс»
Алдар көсе: Мына жігіттер өнерлі екен, маған балалардың өңерлері қатты ұнады. Мен енді сендерді алдамаймын, одан да мына жақтағы байларды алдайын. (деп шығып кетеді)
Сезім:
Алақай, ауылда,
Наурыз,
Күлімдеп келіп тұр.
Бәріне базарлық беріп тұр,
Бақшаға береке еңіп тұр.
Мадина:
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Бидай, тары, күріш бар
Айран, құрты тағы бар.
Бақта бұлбұл сайрасын,
Наурызды әлем тойласын!
«Қазақы дастарханым» Барлық қызметкерлер
Қазақтың дастарханы.
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.
Ей,
менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілмен,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас-ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
Ей,
менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Дәм
татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын.
1-жүргізуші:
Көтеріліп еліміздің көсегесін
Халықтың несібесі еселенсін.
Жасқа жас, басымызға бас қосылып,
Сәбилер күліп ойнап өсе берсін!
Құттықтау сөзді ата аналардан апайымызға береміз
Осымен Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Наурыз» мерекеміз өз мәресәне де жетті. Келесі Наурызға амандықпен жетейік.
Бекзат:
Уа, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Нұрай:
Көктем келді бүгін,
Күнде төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Нуру:
Бір аспанның астында ,
Бір дастархан басында
«Береке-бірлік» болсын деп
Той тойлайық тамаша!
Нұрғазы:
Наурыз тойы құтты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Дінмұхамед:
Наурыз келді тамаша,
Ән саламыз таласа.
Бар табиғат күлімдеп
Жадырады балаша.
Руслана:
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Наргиза:
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш әкеп еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
Сезім:
Алақай, ауылда,
Наурыз,
Күлімдеп келіп тұр.
Бәріне базарлық беріп тұр,
Бақшаға береке еңіп тұр.
Мадйна:
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Бидай, тары, күріш бар
Айран, құрты тағы бар.
Бақта бұлбұл сайрасын,
Наурызды әлем тойласын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген