Бекітемін:-----------------------
Келісемін--------------------
«15 орта мектебі» директордың
тәрбие ісі жөнінде
ММ директоры
орынбасары
Д.С. Сапанова
З.А.Қойтбаева
«-------»-----------------2016ж
«-------»-----------------2016 ж
«Күз-береке,молшылық!»
ертеңгілігінің
сценарийі
мектепалды даярлық «А»
сыныбы
Тәрбиеші:Нургалиева
С.М
2015-2016 оқу
жылы
Тақырыбы: «Күз-береке,молшылық!»
1.Мақсаты:балаларға күз мезгілінің
ерекшеліктерін бақылай отырып,түсініктерін кеңейту,өлеңдерді көркем
әдеби тілде айтқызу,балаларды ойын арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту,жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, табиғатты
аялауға,әсемдікті көре білуге,еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу.
2.Көрнекілік:
Жыл мезгілдерінің суреті,
жеміс - жидектер, көкөністер. Күзге арналған нақыл сөздер, түрлі
жапырақтар, шарлар ілінген.
3.Оқушылар жеміс-жидек болып
киінеді.
4.Жүргізуші:тәрбиеші
5.Ертеңгіліктің
жоспары:
1.Ұйымдастыру
кезең
2.Шағын
тақпақтар
3.Көрініс:
*Түлкішек*Орындайтындар:Қожахмет Ханым мен Тайғара
Ұлағат
4.
Тақпақтар
5 Би:*Ақ көгершін*.Қыздар
тобы
6.Ән:*Қошақаным*
Хор
7.Ойын:*Күзгі
жапырақтар*
8.Мақал
–мәтелдер
9.Жұмбақтар
жасыру
10.Ойын:*Кім жылдам?*
/Ата-аналар арасында жарыс
11.Қорытынды
Өту
барысы:
Музыка ойнап тұрады.Балалар
залға музыка желісімен кіреді.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбері:
Кел балалар ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қайырлы таң, Көк - аспан,
Қайырлы таң, Жер - Ана.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Армысыздар,халайық!
Күзгі тойын жұп
жазбай
Жылда қарсы
алайық
Еліміздің несібесі көп
болсын!-дей отыра бүгінгі ертеңгілікті ашуға рұқсат
етіңіздер.
Тәрбиеші: Күз халқымның ежелден
берекесі,
Жерде ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз бізде бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мейрамың,
Қәнекей, балалар,барлығымыз қонақтармен
амандасайық.
Құстар қайтты, күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гүл солып,
Қыс ызғары басталды.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденген халқымыз.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Алтын, сары жасыл, көк.
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр, әне, жапырақ.
Көрініс:
«Түлкішек»
Қожахмет Ханым мен Тайғара
Ұлағат
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға иілді,
Алтын астық алтын тау.
Ой,
балалар, балалар!
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ салыпты,
Ел егінін алыпты.
Көрініп еліне
Күндері береке,
Келді ғой желбіреп
Күз деген мереке.
Біздің дала - бай дала.
Алтын астық айнала.
Ашық дала сәулеті,
Ашық отан дәулеті.
Көктемде егін егетін.
Күзде жиып беретін.
Біздің дала - бай дала,
Алтын астық айнала.
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып
үлгермей.
БИ: «Ақ
көгершін»
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гулдей жүріңдер.
Келіңдер күз тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Құстар қайтып күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп күз болып
Қыс ызғары басталды
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген
Алатаудың
аясында
Алама терді
Алмагүл
Алуан бала
арасында
Артта қалмай алда
жүр
Апорт деген
алмасынан
Ал тәттісін таңдап
бір
Өзен бойын
жағалап
Өскен бақты
жинастық
Өркенге өрік
жинастық
Өзіміз жеп
шамалап
Ән:
«Қошақаным»
Нан ардақты адал
ас
Кәрі-жас одан
аттамас
Ақ дастархан
үстінде
Қол жумай оны
ұстамас
Жау-жау жаңбыр жау
жаңбыр
Арық суы мол
болсын!
Өсімдіктер көп
болсын!
Жауған жерің шөп
болсын!
Ойын:*Күзгі жапырақтар*
жапырақтарды жинап санау,кері
санау.
Күттіріп келген күз
басы
Бізбенен бірге
жырлашы
Дастарханына
елімнің
Береке-ырыс
сыйлашы.
Ата-бабам
тойлаған
Алтын күзім
армысың
Қызыққа еш
тоймаған
Дархан дала ,қарлы
шың.
Әуенімен мың
түрлі
Әсем бақтар
нұрланды
Әсер алар
адамдар
Әнге салды,жыр
қылды.
Күзде қандай құбылыстар
болады?
- Жаңбыр жауады.
- Жемістер - көкөністер, дәнді дақылдар піседі.
- Дұрыс айтасыңдар, күзде тынымсыз жұмыс басталады. Егін ору, бау -
бақшада жеміс - жидектер мен көкөністерді жинау басталады.
Күзгі бақта күз байлығы көп екен.
*Күзгі жапырақтар жинау*: Оқушылар жапырақты жинап алып тура және
кері санау.
Балалар еңбек туралы қандай
мақал - мәтелдер білесіңдер?
1 бала: Еңбек етсең
ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2 бала: Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
3 бала: Еңбек барлығын жеңбек.
Балалар ,енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып
көріңдерші.
Жұмбақтар
Жауап жаңбыр, Жазда тұрып
жоғары
Жер сабыр Күзде жерге түседі.
(Жапырақ)
Шөп, жапырақ солады.
Бұл қай кезде болады. (Күзде)
Ал енді біздің ертеңгілікке
келген қонақтардың көңілін көтеріп
жіберейік.
Ол үшін екі ата-анадан төрт
ата-ана шығуы керек. *Кім
жылдам*жарыс.
Қорытынды:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай
жарысқан
Балалар біздің күзгі бақтан,
балабақшаға оралатын уақытымыз болып
қалыпты.
Сендерге бүгінгі *Күз
–береке,молшылық!* атты ертеңгілігіміз ұнады
ма?
-Қандай әсер
алдыңдар?
Ата-аналарға,қатысқан
балаларға алғыс айту.