400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің,Алтын күз!».

Материал туралы қысқаша түсінік
Келді міне алтын күз, Сары шашты жарқын жүз. Мол өнімді ісімен Таңдандырып халқын күз. Армысыздар ағайын!Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған«Қош келдің, Алтын күз!»атты мерекемізге қош келдіңіздер! Мерекеміздің құрметті қонағы болып, балаларымыздың дайындаған өнелерін тамашалауға шақырамын. Тәрбиеші: - Қараңдаршы, балалар, залдың іші әдемі болып безендіріліпті. Бүін бізде қандай мереке? Жарайсыңдар балалар! Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күз бояуы»

Білім беру саласы: Шығармашылық, Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет, көркем әдебиет

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, күзгі табиғат ерекшеліктерін тани білуге, оларды ажыратып табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Күз суреттері, әртүрлі дидактикалық ойындар, пішіндер.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші : - Балалар бүгін біздің топта ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Қане келіңдер біз оларға өзіміздің әдепті жақсы білімді балалар екенімізді көрсетейік.

Шаттық шеңбері:

Армысың, Әлем!

 

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

 

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

 

Армысың, менің досым!



-Қайырлы күн құрметті қонақтар. Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

Тәрбиеші:

- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде қандай табиғат өзгерістері болады?

(балалардың жауаптары)

Күз мезгілі туралы тақпақтар:

1.Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

2. Сарғайды тоғай

Сап – сары маңай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Осы кезде топқа сиқыршы келеді. Ол өзінің қара бояуларын шаша бастайды.\

Тәрбиеші: - Тоқтаңыз сіз не істеп жатырсыз?сіз кімсіз?

Сиқыршы: -Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сиқыршымын. Мен әдемі сары түстерді суық түске өзгертіп жатырмын.

Тәрбиеші: -Тоқтаңыз қүздің өз түстері өзінде қалсын.

Сиқыршы: - олай болса сендер менің тапсырмамды орындаңдар. Сонда ғана мен күздің өз бояуларын күз мезгілінде қалдырамын.

Тәрбиеші: - Балалар сиқыршының тапсырмасын бірге орындаймыз ба?

Сиқыршы: -Менің бояу салған құтымда тапсырмаларым бар.

Тәрбиеші құтыны алып тапсырманы оқиды.

Үй жануарлары және олардың төлдерін атаңдар.

Д/о «Кім нені жақсы көреді?»

Көкөністер мен жемістерді ажырату.

Сергіту сәті:

Торғай торғай торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда торғай тоңбайсың

4.Д/ о «Не артық?»

Сиқыршы: - Балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді мен сендерге күздің сары алтын түсті бояуларын қайтарамын. Бірақ мен жапырақтарды бояп үлгере алмай жатырмын. Маған көмектесіп жіберіңдерші.

Ұжымдық жұмыс:

«Жапырақтарды бояу»

Сиқыршы: - Балалар сендер өте өнерлі және ақылды балалар екенсіңдер. Міне мен сендерге күздің сары алтын түсті бояуларын қайтардым. Қош сау болыңдар! Мен енді күз бояуларына тиіспеймін.

Қорытынды: Сұрақ – жауап алмасу арқылы сабақты қорытындылайды.

Балаларды мақтап, мадақтау.







































Тексерілді

5 «Балбөбек» балабақшасы

МКҚК әдіскері

___________ Досанова М .Т.







4 «Балдырған» II кіші сәбилер тобы

«Күз бояуы»

Шығармашылық оқу қызметі


Тәрбиеші:Кетебаева.М










2017– 2018оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі