400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің,Әз-Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
наурыз мерекесі туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

І жүргізуші: Дәстүрімізге арналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ
даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап дендеріңізге табыс тілейміз.Ұлы мереке тек сіздерге тек бақыт сыйласын

ІІ жүргізуші. Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
той бастаған қадамың құтты болсын
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім
Қанекей қарсы алайық жылдың басын
Қосылып жасқа жасың басқа басың
Барайық төрт көз түгел келер жылға
Аманбоп алыс, жақын кәрі жасың-
деп құрметті ата-аналар, балалар. Наурыз мерекесі құтты болсын, құт береке, ырыс-ынтымақ мықты денсаулық әкелсін. Бүгінгі «Айгөлек» ортаңғы тобының «Жыл басы-Наурыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Құттықтау сөз балабақша директоры Сулейменова М.С беріледі.

І жүргізуші: Көңілімнен кең дархан
Жайылды ақ дастархан
Наурыз көже құйылды
Жеті түрлі дәм салған
Балқаймақ бар талқан құрт
Дәм татуда келген жұрт
Молайсын деп ырыс –құт

Хор: «Әжемнің шайы.

Шаттық бірге ,Шалқып тасқынымен
Жолықсың қариялар жас күнімен
Үлгі алсын, жас ұрпақтар той бастайық
ата- баба дәстүрімен
ІІ жүргізуші
: ұл қыздарымыздың тақпақтарына кезек берейік

Айару: Мен келдім міне ағылды жұрт
Амандық саулық тілеп баршаңызға
Денсаулық берсін деймін баршаңызға
Жеткенше аман-есен келер жылға

Ильяс: Әнімде саған,биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде наурыз күлімде

Айзере: Көктем келді наурыз келді
Жер көгерді ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан

Бауыржан Уа, ағайын туыскан
Наурыз күн туды шығыстан
Сол тойға келдім шақырып
Ат терлетіп алыстан

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген куйі еді
Аман ба? Мал -жаның
бірін бірі құшақтасып сүйеді

ӘН «Тәй-тәй» Ыдырыс Қарақат

Нуртас : Арпа бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам

Айсара: Күттіріп,келген жыл басы
Бізбен бірге тойлашы
Дастарханыма көп-көп
Береке ырыс сыйлашы

Еркеназ: Наурық келді құт болып
Мына бізге сүт болып
аққа ауызың толады
Бар жақсылық болады
Абдурахим: Наурыз тойын әдейі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.

Жаннур: Канекей қарсы алайық жылдың басын
Қосылып жасқа жасың басқа басың
Барайық келер жылға төрт көз түгел
Аман боп алыс жақын кәрі жасың
І жүргізуші: Камзол киген қына бел
Толған ою өрнекке
Билесін деп сұрайды ел
өнерлерін көрмекке
қыздарымыздың биелерін тамашалаңыздар
БИ: «Аса таяқ»

Әйгілі айтыс ақыны Жамбыл атамыз, Біржан мен айтысқан Сара апайымыз емес пе? Олай болса бала бақшаның кіп- кішкентай айтыскер ақындарын ортаға шақырайық. Біржан ақындай Саулебай Бексұлтан ұлымызды, Сара ақындай Ыдырыс Даяна қызымызды ортаға шақырайық. ( Айару, Айбек, Қарақат, Әділ)
бірге: ау, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайы
Бексұлтан:
Меніменен айтысар
қыз құрбылар қайсың бар
Қолдан келсе әзіл деп
Маған сыңды айтыңдар
Даяна : Айтысуға өзінмен
шығып тұрмын алдыңа
Күн аттарын білмеушедің
Жаттап оны алдың ба?
Бексұлтан: Құрбым кімге күлесің
Өзің нені білесің
10 дейін қиналып
Санай алмай жүресің
Даяна: Бәтеңкенің бауында
Байлай алмай жүруші ең
Үйрендің бе? Жидеңді
Теріс карай киюші ең


Келесі айтыскерлерімізді ортаға шақырайық

Әділ :Халықтық мейрам тойында
кім айтысар менімен
айтыс, айтыс болады
Айтысканда теңімен
Қарақат : Айтыс айтыс болады
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Әділ: Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қоса алдың ба мән беріп
қанша болды санап көр
Қарақат: Бірге төрт бес болады
Оны бәрі білетін
Сендейсің бе? Саусағын
санай алмай жүретін
Бірге: Ұлы наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
тоқтатпасаң айтысты
сөз қалған ба? Ақыннан
Айбек:
Жылдың басы наурыз
Жырдың басы наурыз
Наурызға арналсын
Бүгінгі жыр әніміз

Айару:
Көптен күткен айымыз
Келген шақта наурыз
шараларға толғанда
наурыз көже бал уыз
Айбек: Қыздарға не болған
тоймаған ба көжеге
Сөйлегенде шиқылдап
Ұқсайды екен шөжеге
шөже,шөже шөжелер
Шөжелерге көже бер
Айару: Жамыраған қозыдай
Маңыраған қозыдай
Бірін –бірі тыңдамай
Ән салатын ұлдар-ай
көже берсе тап беріп
Бас салатын ұлдарай

Ислам Көктемнің төкті нұры
Көңілдің кетті нұры
Кел достар ән шырқайық
Ұлыстың ұлы куні

Инабат: Ақ түйе қарны жарылды
Наурызым елім сағынды
Асыққан сен де сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды

Наби: Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін
Аямас өнерпаздар ән мен биді
Тойлайық халық тойды наурызымды
Шуағын жерге төккен бақыт күнін

Даяна наурызға бүгін міне ағылды жұрт
Күттіріп бар жұртымды сағындырып,
Аттаған есігімді жаңа ғана
О тауық құтты келдің жоғары шық

ІІ жүргізуші: Қазақта сөз тапқанға қолқа жоқ дегендей «Бай мен Алдар көсенің көрінісін тамашалңыздар. Ортаға әндетіп Алдар шығады.

Алдар көсе: мен алдармын алдармын
мансур Бәріңді де алдармын
сенбесеңдер көріңдер
Байды да мен алдармын
Расында да алдармын (алдынан атқа мінген Бай шығады)
Нурдаулет Бай : Тоқта сен Алдармысың?

Алдар :Ассалаумағалейкум байеке, ия мен Алдармын ғой соныда білмеймісің. Ия не айтасыз құлағым сізде.

Бай : Ендеше сен мені алдашы, Әй бірақ алдай алмайсың гой?

Алдар; Жоқ мен қазір алдай алмаймын, алдайтын сиқырлы таяғым үйде қалып қойыпты.
Бай Нурдаулет: Онда менім атымды алып барып кел.
Алдар: киінеді, байеке атыңыз қамшысыз жүрмейді гой ей чу чу
Бай: міне қамшыны да ала ғой бар, бірақ тез кел жарай ма?
Алдар байды айналып шауып жүріп байды алдаған деген осылай болады.Сау болыңыз мен кеттім мына шапанның жылысынай қандай жақсы болды енді тоңбайтын болдым.
Бай: тоқта, тоқта, сені ма Алдар көсе қуа жөнеледі.
І жүргізуші:
Ұлыстың ұлы куні
Жаңғырды қазақ үні
Түрленді жер анамыз
Бүршігін жарып гүлі
Тігіліп киіз үйлер
Төгілді күміс күйлер
Ойналып ұлттық ойын
Орындалды әнмен күйлер

БИ: «Жігіттер»
Көптен күткен наурыз тойы арайлы
Нұрға бөліп міне жатыр маңайды
жан біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызға тарайды

Ойын: «Асық ату», «Күш сынасу»
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріміз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліміз

Айқын Уа халайық халайық
Мұнда назар салайық
Думандатып бақшада
наурыз тойын тойлайық
Айжан Күн мен түн теңелді
Күн шуаққа келеді
Наурыз тойы салтымыз
Соны тойлар ел енді
Мансур Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызың толады
Бар жақсылық болады

Наурыз шырайланған жырдың басы
адамның өлшенеді өмір жасы
Қазақтың пейіліне жарасады
Әр үйде дастарханға толған асы

Қазақ халқының ежелден салт дәстүріміз бала алыс сапарға аттанарда жасалатын жоралғы
«Тоқым қағар» рәсімін тамашалаңыздар
ӘН: «Тойға шашу»

Жүргізуші: Қолдан келсе үлкеннен бата алайық
Ықыласы үлкенің батасында- демекші ортаға Наби баламызды шақырайық.

Бата: Ниеттерің ақ болсын

Наурыздың қарындай

Бастарына бақ қонсың

Шаштарыңның санындай

Тыныш болсын даламыз

Түгел болсын ұлымыз

Таза болсын ауамыз

Тынық болсын суымыз.

Аумин.

Жүргізуші: Құрметті халайық! Осымен «Айгөлек» тобының Ұлыстын ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыныздар.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі