Материалдар / Қош келдіңіз, Наурыз!

Қош келдіңіз, Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру. Наурыз көктем мерекесі, татулық, достық, салт-даәстүр туралы балалардың ой-өрісін дамыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қош келдің, Жаңа жыл!

Зал іші әсем безендірілген. Ортада үлкен әсем көркемделген шырша тұр. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы қош келдіңіздер!

Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,

Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды.

«Мен келдім есіктерді ашыңдар» - деп,

Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын! – деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Хор: «Жасыл шырша маңында».

Жүргізуші: Балалар, Аязата мен Ақшақар келгенше «Ертегілер елінен келген» қонақтар бізге «Үйшік» ертегісін сахналайды. (Үйшік ертегісін сахнада педагогтар рөлге кіріп сахналайды.)

Би: «Балапандар»

Музыка әуенімен Тауық жылы келеді.

Тауық : Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен жаңа тауық жылымын ғой, сендердың мерекелеріңе қатты асығып келдім. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Білімдеріңді тексерейін.

Қыста ғана болады, Қолы жоқ, сурет салады,

Ұстасаң қолың тоңады. Тісі жоқ, тістеп алады.

Бұл не? Бұл не?

Балалар: Қар Балалар: Аяз

Жүргізуші: Тауық жылы, жаңа жыл меркемізге қош келдіңіз! Біздің балалар өз тілектерін сізге тақпақ арқылы жеткізеді.



Аян: Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

«Барлық бала бақытты

Болса екен» деп ойлайды.

Асима: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Тауық : Балалар, сендер өте білімді, тапқыр бала екенсіңдер! Мен басқада балабақшаға баруым керек. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Тауық жылымен қоштасады.

Жүргізуші: Балалар, қане қар сықырлайды тыңдайықшы. Балалар, Аяз ата келе жатыр , қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.

Балалар: Аууу-Аяз ата, Аууу-Аяз ата, Аууу-Аяз ата!

Аяз ата: Амансыңдар ма, балапандарым! Орман, тоғайды, үскірік аязды артқа тастап әйтеуір, жеттім-ау сендерге. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Жүргізуші: Рахмет, Аяз ата, келгеніңіз қандай жақсы болды.Өзіңізбен бірге Ақшақарды да келіпті, мерекені тойлап, би билейік. Қане,балалар Аяз ата мен бірге ән айтайық .

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Жаңа жылдарың құтты болсын!

Жүргізушы: Аяз ата мен Ақшақар сіздерге, біздің балалардың өте жақсы өнерлері бар. Балалардың тақпағын тамашалаңыз.

Аяла: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.



Омар: Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды,

Қарсы алуға келдік біз.

Жсамин: Сұлу сәнды шыршаға,

Көз тоймайды қарасаң .

Седер үшін орманнан,

Жіберіпті мырза атаң .

Медет: Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Рамазан: Жаңа жылда жаңаша,

Болсын қызық тамаша.

Билеп, ән сап атамызды,

Қуантайық балаша.

Ақшақар: Аяз ата, біз екуміз балаларға ойын ойнатсақ қалай болар екен?

Аяз ата: Бәрекелді, ойнатсақ ойнатайық.

Ойын шарты: Орындықты ортаға қойып, айналып жүгіреді, орындыққа тез отырып қалу керек.(Музыка әуені қосылып тұрады да, музыка тоқтағанда орындыққа тез отыру керек.)

Ақшақар: Ата, балалар өз өнерлерін аямай-ақ көрсетіп жатыр. Сіз сыйлық беруді ұмытып кеткен жоқсыз ба?

Аяз ата: Дұрыс айтасың қызым, ұмытып кеттіпін. Кел, маған көмектес екеулеп таратайық. Балапандарым рұқсат болса біз жүрейік. Біздің әліде баратын жерлеріміз бар, келесі жылы кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар келесі жылға дейін сау болыңыздар.

Осымен « Қош келдің, Жаңа жыл! » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сөзді

балабақша меңгерушісі Мөлдір Мухамеджановаға беріледі.













































Ақпарат



«Ер төстік» балалар бақшасының «Балапан» тобында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік 2016 жылы желтоқсанның жиырма сегізінде тәрбиеші: Әкия Тұрсынгүл мен Жасақбаева Жанардың ұйымдастыруымен өтті.

Ертеңгілік арқылы қыс мезгілі туралы түсінік қалыптастырып, қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктермен таныстыру. Қыстың тамаша табиғат көріністерін, табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу. Қыс мезгіліндегі мерекелерімен танысты. Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік қалыптасты.

Ата-аналар ертеңгілік арқылы балаларының іс-әрекетіне риза болды. Әр ата-ана балаларының қыс мезгілі туралы түсінік қалыптасып, эстетикалық талғамдарының дамып, өзіндік көзқарастар пайда болатынын атап айтты. «Ер Төстік» балалар бақшасының ұжымына өз алғыстарын айтты.







































13 Қаңтар 2022
554
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі