Материалдар / «Қош келдің,жаңа жыл!»

«Қош келдің,жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге жаңа жылда керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2019
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің

жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Әбілханова Сая Жұмагелдіқызы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қош келдің,жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру,шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне,балалардың Аязатаның,Ақшақардың киімдеріне назар аударту.Көңілді ойындар ойнату,достық қарым-қатынасты ояту.

Музыкамен балалар залға кіреді

Жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ит жылын
Ұзатып сап Тауықты.

Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, балалар, ата — аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, шаттық отбастарыңызға бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер сән құрып тұрып,қол ұстасып жүріп ән салайық.

Хор: «Шырша жыры»

Би: Буратино

Тақпақтар

Балалар шыршамыздың шамы жанбай тұр Шырша шамын жағу үшін ортаға Аяз атаны шақырайық. Қане бәріміз Аяз ата деп үш рет айқайлайық. Аяз атаның құлағы естімейді қаттырақ айқайлаймыз. Залға Аяз ата кіреді.

Аяз ата:

Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар:

Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата — аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.

Би: Шыршалар

Тақпақтар
Жүргізуші: Аяз ата сиқырлы таяқшаңызбен шырша шамын жағып беріңізші. Балалар бәріміз сиқырлы сөзді айтайық

Шырша бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Шырша шамы жанады Балалар аяз атаға тақпақтарын өз өнерлерін көрсетеді.

Би: Ха-фа-на-на

Жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы — қилы заман бар.
Тауық жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
Тауық:

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Итке беремін.
Жүргізуші:

Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт — береке жылы бол, Жаңа жыл.
Ит: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – сақтығы мен жүйріктігім. Ит:

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Балалар-барлығы: Қош бол, Тауық жылы, Қош бол!

Би:Қуыршақтар

Тақпақтар
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: — Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып — қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
— Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Хормен шыршаны айнала « Шыршаға бардық» әні орындалады

Би: Ақшақар
Аяз ата:
 

Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Балалар-барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші:!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!..

Жүргізуші:Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін-дегім келеді!Құрметті қонақтар,ата-аналар «Кел,жаңа жыл,жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік кешімізді жабық деп жарялаймыз.
Таңғы да сіздерді  Жаңа-2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа 2018 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңзға баянды бақыт пен бақ-береке келсін демекпіз!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!