Материалдар / "Қош келдің,Жаңа жыл!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош келдің,Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық жандар бір білікке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той деп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, Жаңа жыл»
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән
1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)
1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)
1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.
Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды.
(аржағынан биші қыздар шыға келеді.)
Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылан жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылқы жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Би
(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)
Жылқы жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын қойға берем
(Сақнаға қой шығады,)
Қой: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Жылқы жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, жылқы, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән «Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)
Би
Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Жылқы; Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жаңа жылдық би
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
( аязата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)
Ән:
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......
Ән
Би
1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.
Соңы.





Жаңа жылдық сценарий.2015-2016

«Жаңа жыл» әні орындалады(Дәрібаевтар әні)

Жаңа жыл иелері кіреді (2-4 сынып оқушылыры маймыл костюмін киген). Би «Көнілді маймылдар» музыка «Самый маленький ребенок»

Жүргізуші:

Қош келдің,Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

Жаңа-жыл:(оқушылар 2 сынып)

 Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын.



Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін.



Тағат таппай күткенің

Бұл маймыл жылы еді,



Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

(оқушылар 2 сынып)

Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.



Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!-

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.



Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

  • Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

Жүргізуші: . Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты.

Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды? 

Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

( Шырша жыры)

Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

Кетіп қалады

Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уа,алайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ: -олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз « буги буги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.

(көнілді би)

Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.

Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша: балалар мен қарға батпай жылдам жүрудің амалын таптым. Мен 2 топ құрамын. 1-і менің тобым, 2-сі аюдың тобы. Аяғымызға жүзу құралы құс табанды киіп, секірп жүруден жарыс.

  1. (Ойын « шаңғымен жүру»)

  2. (Ойын « кар лақтыру»)

  3. (Ойын « шана тебу»)

Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.

Сахнадан түлкі көрінеді. Әндетіп шыршалардың астына үңіліп, бірдеңе іздеп жүргендей қимыл жасайды.

Түлкі: Сәлеметсізбе аю паң, қалайсын Маша. Көңілдісіңдер ғой. Мені де шақырмадыңдар ма мерекеге? Мен мерекенің шырайын кіргізіп, ғажайып өнерлерімді көрсетер едім ғой.

Аю: Амансыңба түлкі. Біз мына балалардың жаңа жыл тойлау кешіне Аяз ата мен Ақшақардың келе жатқанын айтуға келгенбіз. Маша ойнаймын, билеймін дегесін қалдым. Өзің қайдан жүрсің?

Түлкі: Менбе ,мен(қарнын сипап, аю паң құлағына сыбырлап)қарным ашты, қояндар , тышқандар барма, жолдан кездесер ме, деп шығып едім.(жан-жағына қарап) Аю паң, мында толып жүр екен а, маған айтпай несіне жасырып тұрсыз.

( Қоян,тышқан киімін киген балаларға жабысады.)

Аю түлкіні тоқтатып, басын шайқап болмайтынын білдіреді.

Жүргізуші: Түлкі мырза қош келдіңіз. Бұл қоян болып, тышқан болып киінген балалар. Олар жаңа-жылын тойлауға келген. Біздің мерекені өз өнеріңізбен жалғастырып жіберіңізші.Бізбен бірге болыңыз. Аяз ата мен Ақшақарды күтіңіз. Өнеріңізге сыйлық та ұсынар.

Түлкі: Жарайды бар өнерімді жасырып қайтемін. Балалар менімен бірге «Ганнамстайлге» билейік. Мен биді қатырамын.

Жүргізуші: Жарайсын түлкі өнерің тамаша екен. Сыйлығыңызды аяз атадан келгенде аларсыз. Балалар көңіл күйлерің қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма?

Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.

Жүргізуші:

Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Аяз ата әні орындалады.

Аяз ата: 

Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

 Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.

«Шыршаны безендіру» ойыны

«Қаппен жарысу» ойыны

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сайқымазақ: 

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

( көңілді би)

Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

Жүргізуші:

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

Кетті біздің сүйікті де, сүйкімді

Енді қалай келтіресің ұйқыңды.

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр,

Біз білмейміз одан өткен сиқырды.

Музыка ойналып мыстан келеді.

Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАИ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым. Ооо Аяз ата мен Ақшақарда мында екен го . Мен сіздерді келесі мектептегі жаңа-жыл мерекесіне алып кетпекші едім. Жүріңіз. (Мыстан Аяз ата мен Ақшақарды қолынан ұстап кетпекші болады. Сол кезде жүргізуші кеп алып кетеді)

Жүргізуші: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды , Солайма балалар.

Мыстан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым мына шарды ішке үрлеп ,жылдам жаңа жылға тілек не тақпақ айтамыз. Сонда бір қызық болады. 8 шар. 4 баладан 2 топ.

Ойын. «Шарды ішке үрлеп жаңа жылдық тақпақ айту.

Мыстан: Аяз ата мен ақшақар кеттік енді балалар күтіп қалған болар-деп іздейді.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақша қар мана кетіп қалған.

Мыстан: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым, жаңа қащейге Ақшақарды алып келем деп сөз беріп едім. Жаңа жылда басын қосып үйлендірембе деп едім. Кап, қап

Енді мен сендермен бірге қала берейін, мен кащейге келер жылы барармын.

Жүргізуші:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!-

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын.



Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін



Тағат таппай күткенің

Бұл маймыл жылы еді



Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Сценарий  мақсаты: балаларда   мерекелік   көңіл –күй  тудыру; шыршаның   қалайәдемідесәндібезендірілгеніне, балалардың, Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдықкиімдеріне  назар   аударту;көңілді  ойындар   ойнату, достық  қарым-қатынасын  ояту, бірлескенойындар  ойнату, аудиторияға   мерекелік  көңіл –күйжасау.

Сценарий кейіпкерлері: Аяз ата, Ақшақар, Фея, Африкандықтар, швейцарлықтар, қытайлар, үнділер.

Оқушылар залға кіреді.

Музыка ойнап тұрады.

Фея:

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық маскарад,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады, жаңа жылдық маскарад!

Осы кезде 1 сынып оқушылары Жаңа жыл туралы өлеңдерін айтуға шығады.

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

 

Тамашатамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

 

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Феяға  бәpi қосылып:

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

Фея:

-         Жаңа жыл ерекше мейрам, оны тек қана балалар ғана емес ересектер де жыл бойы күтеді. Ол бір сиқырлы мереке. Бұл сиқырлы мерекеде ән айтамыз, би билейміз, ойын ойнап, көңіл көтереміз. Ал, Жаңа жылдың сиқырын көру үшін қандай ағашты безендіреміз? Шыршаны, дұрыс. Қане, балалар сұлу шыршамызға арнап дайындаған әндерімізді, оны айнала жүріп айтайық. Жаңа жылдық мерекемізді содан бастайық!

Хоровод. Маленькой елочке, в лесу родилась елочка минусовкалары қосылады. Jingl Bells өлеңі қосылған кезде барлығы шыршаны айнала билейді.

-         Балалар, шыршамыздың шамдарын жағу үшін оған тағы бір арнайы ән айтайық. Бәріміз бірге! Тауда туып, тауда өскен.....

Бәріміз бірге: Таңдат бізді таңырқат,

                        Шамдарыңды жарқырат,  3 рет айтылған кезде шырша шамдары жағылады.

Фея: Балалар, Жаңа жылда сендер кімді тосасыңдар? Сендерге сыйлық әкелетін кім? Оның немересінің аты қалай?

Бір кезде жарық өшеді, поезд жүрісінің дыбысы шығады. Жарық жанғанда поездден Почтальон Печкин келеді.

Фея: Қош келіпсіз, Печкин мырза.

Печкин: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер Аяз атаны тосып отырған шығарсыңдар. Ол сендерге осындай хат жазып жіберді.

Фея: - Құрметті балалар, біз немерем екеуміз Жаңа жылға қызу дайындықтамыз. Сендерге асыға келеміз.Бірақ менің бір өтінішім бар, маған көмектесіңдерші. Мені басқа елдерде қалай атайды? Қартайғандықтан есте сақтау қабілетім нашарлапты.

Ал, балалар, кездескенше. Немерем екеуміз сендерге асыға келеміз! – деп жазыпты Аяз ата. Аяз атаға көмектесеміз бе? Олай болса Жаңа жылдық планетамызды саяхаттауға аттануымыз керек. Бірақ алдымен саяхатқа дайындылайық. Ең алдымен шет елдерді еске түсірейік.

Проекторда Африка, Үндістан, Қытай, Швейцария елдерінің суреттері, тулары көрсетіледі. Балалар оларды айырып айту керек.

Фея: Қане, балалар, поезға отырып аттанайық.

Жарық сөнеді, поезддың жүрісі естіледі. Поезд тоқтаған кезде, жарық жағылып, үнді музыкасы ойнайды, проекторда Үндістаннның суреттері тұрады. Балаларды Үнді халқының өкілдері қарсы алады.

Үнділер: Үндістанда Жаңа жыл қарсаңында көптеген тәтті тағамдар дайындалады.Олар айналасын түрлі түсті гүлдермен, шамдармен безендіреді, сиыр жануарын пір тұтатындықтан оған да ас береді. Сонымен қатар биші қыздар би билеп, адамдар ең үздік бшіні таңдайды. Қане, сондай бірЖаңа жылдық биді біз сендерге көрсетейік.

Үнділердің орындауында би.

Ойын:   Досыңа дәм татқыз

2  ұл бала мен 2 қыз бала шақырылады. Қыз бала ұл балаға дәм татқызады. Кім тез жеп қойса, сол жеңеді.

Үнді халқының жаңа жылды қарсы алу дәстүрінен үзінді көрініс.

Фея: - Қане, балалар, жаңа үнділік достарыңмен қоштасып, ары-қарай барайық.

Балалар: - сау болыңдар! Жаңа жыл құтты болсын!

Балалар поездға отырады, жарық сөніп, поезд үні шығады. Поезд тоқтаған кезде, жарық жанып, балаларды африканша билеген Африка елінің өкілдері қарсы алады.

Африкандықтар: - Африка еліне қош келдіңдер! Біз сендерді Жаңа жылмен құттықтай отырып, сендерге біздің елде Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімізді айтып, кейбірін көрсеткіміз келеді.

Көрініс: Африканша Жаңа жыл

Би: Африканың Жаңа жылдық биі

Ойын: Африкалық би марафоны

Ойынға 4-6 бала қатысады. Жерге газеттер салынады, балалар музыка қосылған кезде газеттерді айнала жүгіреді. Музыка тоқтаған кезде бала газетке тұру қажет. Үлгермеген ойыннан шығады.

Фея: - Рахмет, сіздерге. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, өкінішке орай біз келесі елге баруымыз керек. Сау болыңыздар!

Балалар қоштасады.

Балалар поездға отырады, жарық сөніп, поезд үні шығады. Поезд тоқтаған кезде, жарық жанып, балаларды  билеген  Швейцария  елінің өкілдері қарсы алады.

Швейцария елінің өкілдері:  - Гутен таг! Біздің елге хош келіпсіздер! Швейцария елінде де Жаңа жыл ерекше тойланады. Бұл өте көңілді мейрам болғандықтан, ән айтылып, би биленеді, ойындар ойналады. Жаңа жыл, шырша туралы өлеңдерімізді сөздерге арнап орындаймыз.

Келесі әнді шыршаны айнала, бірге айтып көрейік.

В лесу родилась елочка әні неміс тілінде айтылады.

Ойын: Қапшықтағы жемістер.

2 оқушы ортаға шығады. Берілген қапшықтан балалар айтылған жемісті алып шығу керек.

Фея: Рахмет! Бізге сіздердің елдеріңізде өте ұнады. Бірақ кетуіміз керек.

Балалар қоштасады.

Балалар поездға отырады, жарық сөніп, поезд үні шығады. Поезд тоқтаған кезде, жарық жанып, балаларды  билеген  Қытай елінің өкілдері қарсы алады.

Қытайлықтар амандасып, өздерінің Жаңа жылды қарсы алу  дәстүрлері туралы айтып көрсетеді.

Қытай Жаңа жылдық биі.

Ойын:  Шарлар.

Ортаға екі топ бала шақырылады. Ең көп шар жарған топ жеңеді. Шарды отырып жару керек.

Фея: - Балалар, Қытай елімен қоштасатын кез келді. Сау болыңыздар!

Балалар қоштасады.

Фея: - О, міне балалар үйге де келіп жеттік. Балалар бұл кімнің дауысы?

Бұл кезде Аяз атаның әндеткен дауысы естіледі.

Аяз ата келіп: - Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Балалар маған жасаған көмектерің үшін үлкен рахмет.

Ақшақар: - Сәлеметсіздер ме? Жаңа жылдарың құтты болсын! Қандай әдемісіңдер! Аяз атаға арнап қандай өлеңдер дайындадыңдар.

Балалар өлең, тақпақ,әндерін айтады. Шырша жанында екі өлең айтады.

Аппақ-аппақ жапалақтап, в лесу родилась елочка әндері.

Фея: - Балалар, Аяз ата, Ақшақар,  ал сіздер білесіздер ме, келе жатқан Жаңа жыл қой жылы екен. Қой жылы біз үшін тиыш, момын болмақ. Бүгін біздің арамызда қой жылы туған балалар бар екен. Бұл балаларды ерекше құттықтап, арнайы кішкене сыйлық дайындап едік. Қане, келіңдер!

Ансар, Маржан, Азамат, Руслан, Дарина, Гүлдана марапатталады.

Ендігі кезекте балалар костюмдерін қорғайды.

Аяз ата, Ақшақар сыйлықтарын таратып, қоштасып кетеді.

Фея: Құрметті қонақтар, балалар! 2015-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!