400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің,Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту; бірлескен ойындар ойнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту; бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар:Жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Қоян, Сиқыршы, балалар, ата-аналар, ұстаздар.

Музыка ойнап тұрады.

Айару.Ә: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады). Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады жаңа жылдық шырша той. Ән де бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады жаңа жылдық шырша той! Шырша тойына келген балғындарды қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі-екіден кіреді).

 Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Тәрбиеші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті.

Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:Жаңа жыл!

Тәрбиеші:Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық.

Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

Тәрбиеші:Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар:Шырша!

Тәрбиеші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар:Аяз ата, Ақшақар.

Тәрбиеші:Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар:Аяз ата. Аяз ата. (деп 2 рет айтқанда, есік ашыладыда Қоян кіріп келеді.)

Қоян: Ойбай түрлерін қара!Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Тәрбиеші:Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып аладаы дегенді білмейсің бе?

Қоян:Білсем бұйырмасын?

Тәрбиеші:Мұны тіпті мына бүлдіршіндерімізде біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?

Қоян:Жоқ.

Тәрбиеші:Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!

Қоян:Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?Аяз ата седерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым. Енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха.

Тәрбиеші:Сен неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Қоян:Ә, бәлем солай ме екен? (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның тығыла бастайды.)

Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.

Тәрбиеші:Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық.

Балалар:Аяз ата, Ақшақар!

Аяз Ата:Амансыңдар ма?

Балаларым балғыным,

Өмір гүлі шалғыным.

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығың.

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Сиқыршы:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Аяз ата бізге көмектесесіз бе?

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат. (3 рет айту керек).

Шырша жарқырайды.

Аяз ата: Қандай тамаша! Шыршамызда әр түрлі шамдар жанып тұр, балаларымыз өте көңілді.Балалар сендерге Қаршақыз екеуіміз әкелген сыйлықтарымыз бар,біз келместен бұрын кішкентай балғындар бізге не әзірледі екен соны көрейік.қане кімнің қандай өнерлері бар екен? кім бізге шыршаға арналған ән –би , тақпақтарды кім айтып береді екен?

Инабат:Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір,

Кел, Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Ерасыл:Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Санжар:Жылдың әсем бұл шағы,

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

Қызғалдақ:Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Қуандық:Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ерқанат:Қыс қызығы тамаша

Ойнаймыз біз таласа

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша!

Ән: «Шыршаға бардық» Нұржанқызы Аяулым

Әкежан. Қ:Келді міне, жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп, ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз.

Айару.Б:Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Дина :Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай,

Құттықтаймыз сіздерді.

Би «Орыс биі» орындайтын Айару Б.

Елжас:Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Бекзада:Әкелсін жыл, ырыс құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық тамаша

Би билейік жаңаша.

Әлижан:Аппақ қыстың бояуы,

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы,

Аяз шымшып даланы

Ақ құшағын жаяды.

Би «Айгөлек» қыздар тобы

Асылжан:Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Аяз ата:Бәрекелді, бәрекелді. Менің бүлдіршіндерім шеттерінен өнерлі екен.

Тәрбиеші:Жаңа жылды қарсы алмай тұрып, ескі жылмен қоштасайық.

Тауық жылы:Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 жыл қадам болсын

Гүлденіп, көркейе бер Қазақстан.

Келесі жыл бастауын ит жылына берем. (Сахнаға ит шығады.)

Ит жылы:Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба?! Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым. Уақытында жеттім бе?

Тәрбиеші:Мен білемін бір ойын,

Үйретейін сендерге

Мен бастайын ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап беріңдер!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр...

Балалар:Жаңа жыл!

Тәрбиеші:Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге...

Балалар:Аяз ата!

Ақшақар:Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі ...

Балалар:Әдемі!

Тәрбиеші:Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын.

Құтты болсын ...

Балалар:Жаңа жыл (3 рет)

Тәрбиеші:Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл:Кім десеңдер,мен жаңа жылмын. Ит жылымын .Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.

Ит жылы: Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.

Аяз ата:Бәрекелді, балалар тақпақтарын болса тағы да өнерлерің болса айтып берсін

Ән: «Жаңа жыл» орындайтын Қабимолла Инабат

Бекзат:Жаңа жылым мол болсын,

Басқа қадам мол болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Елназ:Бізбен бірге жайдары

Аяз ата жайнайды,

Жарқырайды шыршамыз

Ән айтамыз баршамыз.

Назерке: Жаңа жылым мол болсын!

Басқан қадам оң болсын!

Төрле, төрле Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Ата-аналармен ойын «Бәйпақ»

Ерасыл: «Жаңа жылға арнау

Дәулетбек:Көрдің бе, Аяз атаны

Аппақ екен шапаны

Аппаққ екен мұрты да

Аппақ екен сақалы.

Аяз ата:Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін алыс жерден шаршап келкелгенде бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе, қызым?!

Ақшақар:Әрине қандай сүйкімді балғындар.

Аяз ата:Жаңа жылда бақыт, мол болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын,

Ұлың назарлы, қызың ажарлы болсын! Әумин.

Тәрбиеші:Міне, біздің мереке аяқталуға таяп қалды. Кәне, балалар ортаға шығыңдар.

Барлығы:Жаңа жыл құтты болсын!

Аяз ата:Ақылды, өнерлі болыңдар. Ал, Ақшақар қызым, біз жолға шығайық.

Ақшақар:Кездескенше, балалар!

Аяз ата:Сау болыңдар, қарақтарым!

Балалар:Сау болыңыздар!

Тәрбиеші:Осымен жаңажылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі