Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Қош келдің,Жаңа жыл!”

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа үйрету, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр қарлармен би қимылдарын жасап кіреді,билеп болған соң жарты шеңбер болып, шыршаның қасына барып   тұрады.

Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Жүргізуші:- Балалар, қараңдаршы, біздің бөлмеміз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа- жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті, шыршаға әдемі ойыншықтар ілініпті.

Жүргізуші:-Балақайлар, қараңдаршы шыршамызда қаншама ойыншықтар, тәтті кәмпиттер ілінген. Осы әсем шыршамызға әдемі әнімізді тарту етеміз.

Ән: «Қысқы ән»

Арғы жақтан есік қағылады.

Жүргізуші:- Балалар мерекемізге қонаққа келген сияқты.

Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.

Аяз- Ата: Амансыңдар ма, балалар?

 Сәлеметсіңдер ме, қонақтар?

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулықтарың!

Ақшақар:- Балалар, мені таныдыңдар ма? Мен Аяз атаның немересі Ақшақармын!

Аяз-ата- Ой, балалар шыршаларың қандай әдемі, керемет!

Ақшақар:қандай керемет менің ұлпадай әппақ сіңілілерім келіп қалыпты,сендермен би билегім келіп тұр. Келіңдер ортаға билейік. 

Жүргізуші:аяз ата сіз ұзақ жолдан шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз. Ал, ақшақар біздің аппақ қыздарымызбен би билеп көңіл көтерсін.

Би: «Бақыт құсы» 

Жүргізуші: Қане балалар енді әдемі,әсем шыршамызға әнімізді арнайық.

Ән хоровод: «Кішкентай шыршамыз»

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақтар: тәрбиеші өзі табады

Аяла:

Шырша жасыл, әдемі,

Ойыншықтар керемет.

Аяз ата келді ғой,

Сыйлық берді көп-көптеп.

Айдын:

Ақшақар мен Аяз ата,

Келді бізге жаңа сапарға.

Ән айтып біз қуандық,

Жаңа жылды тойладық.

Саида:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Айбат:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Алижан:
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Еркеназ:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ақшақар- Балалар   айтыңдаршы Аяз-ата сендерге не беруі керек?

Балалар- Сыйлықтар!!!

Ақшақар:Ой, тәтті қыз өзің тоңыпта қалыпсың,тәтті кәмпиттеріңде тоңып қалған болар, сен мерекеден адаспадың дұрыс тауып келгенсің, мереке осы жерде болып жатыр. Кел біздің  балалармен жылынып, көңілді кәмпиттер биін бірге би билеңдер.

Би: «Көңілді Санталар» биі

Аяз ата: Тәтті қыз қызым, жылынып, көңілің көтерілдіме?

Тәтті қыз: Рахмет, аяз ата ия көңілім көтеріліп, жылынып, мерекеге келгеніме сондай қуанып тұрмын.

Аяз ата: міне енді дұрыс болдыБіздің балалар өте зерек, қонақжай. Олай болса, қане Ақшақар қызым, енді шыршаның түбіндегі сыйлықты алып келе қойшы.Ақшақар шыршаның түбінде жатқан үлкен сыйлықты алып келеді.

Ақшақар:- Қараңдаршы балалар, Аяз ата сендерге қандай керемет сыйлықтар алып келген. Жаңа жыл деген таңғажайыпқа толы мереке ғой!  Барлық адамдар бұл мерекені жақсы көреді. қапшықтың ішін ашады, сыйлықтар шығады. 

Аяз ата- Ал,кәне,балалар,

               Сендерге сыйлығым бар,

              Аталарыңның сыйлығын

              Қуанып қабыл алыңдар!     

Жүргізуші:- Біз өнерлі баламыз,

Ертең-ақ өсіп толамыз.

Атамыздың сыйлығын,

Рахмет айтып аламыз.

Бәрі бірге: РАХМЕТ!

Аяз ата- Ал, балаларым тағыда Жаңа жыл құтты болсын.Енді біздіңде қайтатын уақытымызда болып қалды.Себебі, өздерің секілді балалар өнерлерін дайындап, сыйлықтарын алуға асығып отырған болар. Келесі жылы кездескенше қош сау болыңдар!

Балалар- сау болыңыздар!

Жүргізуші:- Би-биледік,жыр-жырладық,

           Қызығына тоймадық.

Достарменен ойнадық,

Жаңа жылды думандатып тойладық!  Ал, құрметті қонақтар осымен мерекелік ертеңгілігімізді  «Шыршаға бардық»- әнімізбен аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше қош-сау болыңыздар!

Ән: «Шыршаға бардық»






















« Балаби» балабақшасы ЖШС











Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа жыл! »

«Сұңқар» мектепалды тобы







Өткізген:Жұматаева Г.Қ







2025-2026 оқу жылы





























3b61a3cb-a1bd-4bbc-9e61-17df60d93c2e.JPG

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12