«ҚОШ КЕЛДІҢ,ЖАҢА ЖЫЛ» Ертеңгілік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«ҚОШ КЕЛДІҢ,ЖАҢА ЖЫЛ» Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. 2. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. 3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚОШ КЕЛДІҢ,ЖАҢА ЖЫЛ»


Ертеңгілікті тақпақтарымен ашу

Ерсұлтан:

Уа, халайық жарандар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп,шат болып,

Шаттық күліп тараңдар.

Бегім:

Кел балақай шырша дайын

Қол ұстасып ән салайық

Жаңа жылдың жарқын айын

Әнмен, бимен қарсы алайық.


Балалар қол ұстасып залға кіруі.

Жүргізуші:

Қош келдіңдер шыршаға,

Көңіл сыйлап баршаға.

Сүп-сүйкімді балалар,

Ардақты ата-аналар.

Асыға күткен жаңа жыл.

Төрімізге келеді.

Жаңа жылмен әр үйге,

Береке , бақыт енеді.

Жүргізуші: Сәлем-сәлем, балалар! Жылдың ең сиқырлы, ең көңілді мерекесі келіп жетті. Айналаның бәрі ақ ұлпа қарға малынып- мүлгіген шақта жанымызға ерекше жылулық, шаттық сыйлайтын

Жаңа Жылға арналған «Қош Келдің, Жаңа Жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын балабақша меңгерушісі Әсемкүл Кахарқызына құттықтау сөз кезегін берейік.

1.Хор: «Жаңа жыл» әні

Ортаға Короми ойнақтап жүгіріп шығады.

Короми : Мәссаған! Айнала неткен әдемі?! Достар, мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жылдық мереке болып жатыр.

Короми: Тамаша! Мереке деген күшті ғой. Жаңа жыл мерекесі тіпті керемет! Мен мерекені өте қатты жақсы көремін.

Жүргізуші:Ендеше мерекені көңілді өткізу үшін балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.




Залға көңілді сайқымазақ кіріп келеді.

-Ой, балалар жаңа жылды қарсы алуға барлықтарыңыз жиналыпсыздар ғой. Менде Жаңа жыл мерекесін сендермен бірге көңілді қарсы алғым келеді. Келісесіңдерме балалар?

Балалар: Ия

(Осы кезде қорап ішінен ысылдаған жыланның даусы естіледі.)

Жүргізуші мен Короми және сайқымазақ таңғалып жан-жағына қарайды.

Жүргізуші: жылан, саған не болды? Көңіл-күйің неліктен жабырқаулы?

Жылан : Көңіл-күйім жоқ. Мен енді бәріңмен қоштасқалы тұрмын.

Жүргізуші: Жылан жаңа жыл келгенше әлі де бізбен бірге болатын уақытың бар. Қане, балалардың өнерін тамашалап, көңіліңді көтер.

Жүргізуші:

Олай болса біздің балалармыздың керемет биін тамашалаңыздар.

Би: БҮЛДІРШІНДЕР БИІ

Жүргізуші:

Балалар, Жаңа Жыл мерекесін бастадық, би билеп, ән шырқадық.

Бірақ арамызда мерекеміздің ең басты кейіпкері жоқ. Ол кім?

Балалар: -Аяз Ата!

Жүргізуші: -Менің ойымша ол өте жақын арада. Қазір келіп қалатын шығар.

Музыка сүйемелдеуімен Жаңа жыл-Жылқы жылы ентігіп жүгіріп кіреді

Сәлем, сәлем, достарым

Сендерге өте асықтым,

Жолда құлапта қалдым!..

Жүргізуші:

Біз сені көргенімізге өте қуаныштымыз!

Төрлет, төрлет, Жаңа Жыл!

Ал Аяз Ата қайда екен?

Неге бірге келмеген?

Жаңа Жыл: Жылан

Аяз ата мен Ақшақар келіп қалады. Сәл күтейік.

Жылан: балалар мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Енді мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңыздар.


Сайқымазақ : Менің ішім пысты.Ойын ойнағым кеп тұр. Менің бір сүйікті ойыным бар,ата-аналармен ойын, ойынның аты «Кім жылдам» деп аталады.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты:Үрленген шарды жерге түсірмей балаларды киіндіру.

2.ӘН: ХОР «ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ» 1.2.3.4. әні

Короми: Көңілім көтеріліп қалды ғой. Балалармен бірге ойнаған расында да керемет екен. Бірақ балалар жаңа жылды неге сонша асыға күтеді?

Сайқымазақ: Себебі жаңа жылдық ертеңгіліктің басты кейіпкері бар. Ол кім, балалар?

Балалар: Аяз ата, Аяз ата. (хормен)

Короми: Аяз ата деген кім?

Жүргізуші: Аяз ата жаңа жылда келіп, жыл бойы ақылды, тәртіпті, жақсы болған балаларға сыйлық беретін кейіпкер.

Сайқымазақ :Сыйлық? Маған да сыйлық алған ұнайды.

Жүргізуші: Ендеше, балалар, ғажайып мерекемізге Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата. (хормен) 3рет

//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// АЯЗ АТА МЕН АҚША ҚАР КІРЕДІ//

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Ой, айналайындар, қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер, шыршаларың қандай әдемі?

Ақша қар: Балалар, біз сонау алыстан сендердің әндеріңді, өлең шумақтарыңды естіп келдік. Жаңа жыл мерекесін осылай қарсы алып жатқандарыңа өте қуаныштымыз.

Аяз ата:

Кездессем деп сендермен.

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар?

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма?!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Ақша қар: Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат (қолдарын шапалақтатады). Шырша жарқырайды.

Жүргізуші : Қош келдің аяз ата, төрлетіңіз, төрге еніңіз. Балалар сізді асыға күтті.

Балалардың сізге арнаған « ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ» әнін қабыл алыңыз.

3.ӘН: « ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ»

Келесі балаларды тақпақтарымен қарсы алайық.

ОРТАҒА БАЛАЛАР ШЫҒЫП, ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТАҚПАҚТАРЫН АЙТАДЫ.

Айзиля, Нұрсыйла, Әмина, Ақзере, Бегім, Хантөре, МАРЖАН

С.Ерсұлтан, Дильназ, Ерасыл, Елнұр, Мирас,Томирис, Жібек.

Би: «ТАНГО»

(Әдемі әсем әуенмен Мұз ханшайымы кіріп келеді)

Мұз ханшайымы:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Мен Мұз ханшайымымын.

Қар мен аяз елінен сендерге арнайы жаңа жылды бірге тойлауға келдім.


Жүргізуші: Сәлеметсізбе Мұз ханшайымы төрлетіңіз. Біздің балаларымыз барлығы өнерлі. Әндіде, биді де жақсы билейді.

Ортада биші балаларымыздың биін тамашалаңыз.


Мұз Ханшайымы:

Керемет, жақсы биледіңдер балақайлар.

Мен сендерге ақ ұлпа қарларыммен сиқырлы ойындарыммен келдім!


-Балалар, сендер қысты жақсы көресіңдер ме?

(Балалар жауап береді)

Онда мен сендерге бір ойын ала келдім.

Ойын: «Қолғаптармен сурет салу» ата-анамен балалар бірлесіп сурет салу

Шарты:Ана мен бала қолғап киіп жаңа жылдық сурет салу қажет ,ең әдемі салған топ жеңімпаз атанады

Жүргізуші: Аяз ата мен ақшақар біздің балаларымыздың өнері ұнап жатырма?

Біздің баларымыз сізге арнап тақпақттарында ала келіпті. Ортада

Мадияр Айсұлу Эмир Айғаным Адия Ұлжан Абдулхамит Сұлтанбек Алмир Бекзат Шуақ

БИ: «АҚШАҚАР»

ӘН: «АҚҚАЛА»

Аяз Ата:

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім шалғыным

Тілегендеріңді сендердің

Орындаймын мен бүгін

Хор: Шырша

Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді! Осындай жарқын жүзді, көңілді, бір-біріне жақсылық ойлаған өздеріңдей балапандарға сыйлық сыйлап, қуаныштарыңды еселегіміз келеді. Ала қойыңдар.

Сендер секілді бізді асыға күткен басқа балабақшалардың бүлдіршіндеріне жол тартқалы тұрмыз. Сондықтан келесі кездескенше сау болыңдар дейміз.

Ақша қар: Келесі кездескенше!

//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР АЯЗ АТА МЕН АҚША ҚАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛАДЫ//

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жыл мерекесіне ар-

налған ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Жаңа жыл құтты болсын, барлығыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Хормен: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!

Ән: Жаңа жыл











«Бекітемін»

«Баларман» бөбекжай

бақшасының меңгерушісі:

Шагирбаева.А.К.











ЕРТЕҢГІЛІК



«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ»

«Шаңырақ» мектепалды тобы















2025 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі