Қош келдің,жаңа жылым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош келдің,жаңа жылым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің,жаңа жылым!

(Ән қош келдің,жаңа жылым, 11 сынып оқушылары)

1 жүргізуші:

  1. Армысыздар,құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

  2. Көк шыршаға шамнан алқа тағайын,

Қуанышқа толтырайын маңайын

Көргендерде,көрмегенде арманда,

Жаңа жылын құтты болсын ағайын.

2 жүргізуші:

Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Ит жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді би мен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. Жаңа жыл тек қана бақыт,қуаныш әкелсін дей отырып,бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: Дюсюпова Жанар Слямбекқызын ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:

Аяз атаны ортаға шақырмас бұрын 2 сайқы мазақ шығады:

Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады).

Ильнур: Міне, міне мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? (Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)

Қыдырбек:Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық. Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

  1. Сайқымазақ:

Қане біздің қонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңдар!

Бізге қарай жақындап

Қызық күлкі тыңдаңдар!

  1. Сайқымазақ:

Барлығыңыз білетіндей шыршада

Өте қызық болады.

Өлең айтып,би билеп

Қызық думан болады

Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!

2 жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамасаңындар

Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар,

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.

1 жүргізуші:

Аяз ата мен Ақшақарды өлең қосып ортаға шақырамыз.

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық:

Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата сөзі: Амансыңдарма, балалар,ұстаздар,ата – аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарын құтты болсын. Ит жылы табыс жылы, береке,бірлік әкелсін. Дендерің сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 пен 5 ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып,естіген бойда жолға шығып,сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар сөзі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік – ау сендерге! Қандай әдемі,неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата сөзі: Қараңдаршы жаңа жылдық мерекеге қанша балалар келген. Кім билесе, кім өлең айтса бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?

Өнерлеріңді ортаға салыңдар.

2 жүргізуші:

О, халайық, жараңдар.

Қилы – қилы заман бар.

Тауық жылы жылыстап,

Кетті міне, қараңдар.

О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық.

1 жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Тауық жылын шығарып салайық.

Тауық: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

Келесі жыл бастауын итке беремін. (Сахнаға ит шығады).

2 жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!

Бар бол, Жаңа жыл.

Қадамың құтты болсын

Бейбітшілік жылы бол.

Құт – береке жылы бол, Жаңа жылым.

Ит сөзі: Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

1 жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

2 жүргізуші: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кенейсің.

Ортақ ойы, арманы

Жақсы дәстүр көбейсін – дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді биыл алғаш қатысып отырған 8 сынып оқушыларынан бастайық.

1 кезең: 8 сынып оқушыларының топты таныстыруы.

2 жүргізуші: 9 – 10 сынып оқушыларының топты таныстыруы.

1 жүргізуші: 11 сынып оқушыларының топты таныстыруы.

2 кезең:

2 жүргізуші: Қуанышпен шаттыққа кенелейік.

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Төрлет,төрлет халқымның құтты жылы

Бәріміз дөңгелене би билейік дей келе ортаға

8 сынып оқушыларының биін тамашалайық.

9 – 10 сынып оқушыларының биін тамашалайық.

11 сынып оқушыларының биін тамашалайық.

1 жүргізуші:

3 кезең: Ал, халайық, тұрмайық

Әндеттейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық! – дей келе әр сынып оқушыларының пародияларын тамашалайық.

8 сынып оқушыларының пародиялары.

9 – 10 сынып оқушыларының пародиялары.

11 сынып оқушыларының пародиялары.

2 жүргізуші:

4 кезең: Абай көңілімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырсақ,қалай болады?

1 жүргізуші: Жалғастырсақ жалғастырайық бізбен бірге Аяз атамызды да қатысады.

2 жүргізуші:

1 – ойын. Сізге салфеткадан снежинка қию керек,кім бірінші сол жеңімпаз.

Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.

2 – ойын. Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады.Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап,қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек,және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз.Шарды жарып болған соң,қағаздағы тапсырманы орындайсыз.Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.

Ойын шарттары:

  1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.

  2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз / жігіттің біреуін таңдап,жылы сөздер йту керек.

  3. 7 санының көбейту кестесін айтыңыз.

  4. Иттің қимылын келтіріңіз.

(Ойын біткен соң)

Ортаға _____________________________________________

1 жүргізуші:

3 – ойын. Мына сандықта әр түрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет ретімен ән айтып және би билейсіздер. Сонында көрермендердің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады.

Ән: 1. Жаңа жыл. 2. Мектеп. 3. Қар.

Би: 1. Қара жорға. 2. Грузин. 3. Шығыс би. 4. Флешмоб би.

Жеңімпаз сыныпты қошеметтеу.

2 жүргізуші: Ендігі кезекте Жаңа – 2018 – ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кезде келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Қай сыныптың жапсырмасы көп сол жеңімпаз атанады. Ал қазір жапсырманы тарата берейік.

1 жүргізуші: Сонымен бұл кештің Ханшайымы мен Ханзадасы атаймыз. Қане қошемет білдірейік.

2 жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізді жалғастырайық.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі