400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қош келдің,Жарқын күз (сценарий)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге күз мерекесіне қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қош келдің, Жомарт күз! (Ортаңғы топ үшін)
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші: -Құрметті апайлар,қонақтар! "Қош келдің, жомарт күз" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, баршаңыз.

Күзгі тойды жұп жазбай,

бірге қарсы алайық!

Сары жібек көйлегін желбіретіп,

жапырағын ағаштардың селбіретіп.

тойға бөлеп елімізді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп. !

Ән:"Алтын күз" Хор

-Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын күз

Сары алтынға малынған Жетті міне қоңыр күз

(Музыкамен Күз ханшайымы келеді) Күз Ханшайымы:

Сәлем, өрен достарым,

алақанды тос бәрің.

Қызығыма қаныңдар,

Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Жүргізуші:-Қош келдің,Күз ханшайымы,төрлет.Балалардың сізге арнаған жыр шумақтары бар.

1 - бала: Қуаныштың ағайын /Еркенұр/
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
2 - бала: Айнала сары ала /Назерке/
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!

3-бала Архимед

Алақай,алақай. Шаттанды балақай.

Күз түсті, дән пісті. Айтамыз алғысты.

Жер берді жемісті, Күз келді келісті..

Күз байлық, береке, Алтын күз -мереке!

4 - бала: Ендеше не тұрыс /Айбар/
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

5-бала: Ал балалар, тұрмайық, Қол соғайық ұрайық../ Ықылас/

Күзгі тойда бүгінгі, шырқап әнге салайық.

Би:"Жапырақтар биі"Қыздар тобы


 

Күз ханшайымы жұмбақ жасырады: ағайынды бәрі,шықса жасыл,түссе сары, ол не?
Жүргізуші:

-Күз ханшайымы,біздің балдар, күз туралы өлеңдер біледі Сіз тамашалаңыз..

6-бала: Берекесін сыйлауға, /Елдос/

өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

шақырады біздерді.

7-бала Саягүл: Ой,балалар,балалар, Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты

8-бала: Сарғайды тоғай,сап-сары маңай. /Мейіржан/

Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып..

9-бала:Қарашы күз келді, күз келді, /Ибрахим/

Жапырақ жауыпты іздерді .

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді..

10-бала: Жайдары күз, жарқын күз. /Даниар/

аяулы күз, алтын күз

дәнге толы кең далам,

алтын астық айналам..

11-бала Әй,алақай, тамаша.,Шашу шашты жапырақ.. /Нұрфат/

Бақтың іші-алаша, Аунар ма еді, жатып ап.

12-бала: Алтын,сары ,қызыл көк, /Амина/

Алуан,алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап..

13-бала: Гүл жайнаған даланың, /Аңсар/

жапырағы солыпты.

таңырқадым, қарадым,

танымастай болыпты.

14-бала: Келді міне, күз..Айнала сары түс./ІнжуСерікқызы/

Керемет, тамаша, Қандай әсем Күз!!!

15-бала: Сары теңге жапырақ, бояған ба көл бетін, /Асылхан/

тоңазыпты топырақ, ызғарлы екен желде тым..

16-бала:Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге, қызық көп күзде. /Айкөркем/

17-бала: Айнала жым-жырт, Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда.. Трактор қырда /Төрәлі/

18-бала: Ұшты талдан жапырақ, сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерге секірді.. /Дарын/

Би:"Шуақты күз" Бишілер тобы

/Еркенұр-Еңлік, Ықылас-Жансәуле, Дарын-Назерке, Айбар-Саягүл, Мейіржан-Інжу.Ш)


19-бала:Құстар қайтты ән салып, бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып, күзгі суық басталды /Дастан/

Жүргізуші:

-Ой, балалар, біреулердің дауысы шыға ма?

Дауласып жатқан кімдер болды екен?!

20-бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой. /
Еркенұр/
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!

Жүргізуші:- Ал, ендеше, қол соғып қонақтарды қарсы алайық.

Көрініс:"Жемістер мен көкөністер дауы"(Ортаға жемістер мен көкөністер шығады)
Алма: Мен - алмамын, алмамын /Жансәуле/

Таңдай татар бал дәмім,

Мына тәтті бал дәмді,

Дастарханға арнадым..

Құлпынай: Жапырақта тасалап, /Айша/

Өскен жері бақша-бақ,

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты-Құлпынай.


Жүзім: Мені бәрі жүзім дер Нұрай
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие: Мен шиемін, шиемін /Інжу/
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр: Мен қиярмын, сәндімін /Ықылас/
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!

Асқабақ: Таңдандырар бәрін /Елдос/
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп: Мен картоппын, картоппын /Расул/
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ: Менің атым - қызанақ, Тұзды сеуіп молырақ /Еңілік/
Банкілерге салыңыз, Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын. Қыста тәбет ашамын.
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала Тойлайық енді шаттана!

Хор:"Кап-Кап, тук-тук" Қыздар тобы

Ертегі:"Алма ертегісі" / Рөлдегілер: Қоян- Архимед, Қарға- Дастан, Кірпі-Елдос, Аю- Данияр/
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)
- көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)
- әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
- бір - бірімізге жақсы тілек тілейік
Тәрбиеші: Қане онда.....
Қызықтайық бірге, сүйінелік,

Хор:"Күз келді"

"Бал балалық" Інжу Ш

(Ән аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті,
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?»

Күз ханшайымы:- Рахмет балалар, маған өнерлерің қатты ұнады, енді мен орманға қайтайын,уақыт та біраз болыпты
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып...





2019 жылдың 28 қазанда балабақшада Ортаңғы "Шұғыла"тобында "Қош келдің , Жомарт күз!"атта ертеңгілік өтті. Балалар күз туралы өлең,тақпақтар айтып, би биледі. Күз ханшайымы келіп, жұмбақ жасырып, ойын ойнатты.

Балалар "Алма"ертегісін қойып, кішкентай болса да әртістік қабілеттерін байқатты.

Күз тақырыбына орай бір апта бұрын ата-аналарға көрме ұйымдастырғанбыз.

Мақсат: ата-анамен бала, балабақша арасындағы байланысты байқау, өнерлерін көпшілікке үлгі ету, табиғи және қағаз, мата тб материалдардан,жапырақтан бұйым жасап әкелу

"Күзгі гүл шоғы" атты көрмеге топ ата-аналары түгелдей атсалысты. Әсіресе майлы бояумен күз көріністерін ерекше шеберлікпен салған, түрлі түсті қағаздан гүл шоқтарын,кәрзеңкелер, орман,ондағы кірпіні мүсіндеген.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі