400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қош келдің,нұрлы мереке!» 7- сыныптар : «Желідегі қауіпті хобби (треш -стрим)»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру. •Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. •Оқушыларды бірлікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Қош келдің,нұрлы мереке!»


Күні: 17.03.2025ж.


Сынып жетекші:

М.Бекмуратова

Сынып: 7 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Қош келдің,нұрлы мереке!»

7- сыныптар : «Желідегі қауіпті хобби (треш -стрим)»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Оқушыларды бірлікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.


Қауіпсіздік сабағының мақсаты

желідегі қауіпті хоббилерді тануға және олардан аулақ болуға үйрету.

Оқушыларға интернеттегі қауіпті трендтер, әсіресе треш-стримдердің (өшпенділік, зорлық-зомбылық, қорлау көрсетілетін тікелей эфирлер) зияны туралы түсінік беру.

Мұндай контенттің заңдық және психологиялық салдарын түсіндіру.

Оқушыларды қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыруға шақыру.


Құндылықтар

тәуелсіздік және отаншылдық айы

Апта дәйек сөзі

Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр, аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамы!

Күн әкелген жыл көрім,

Күллі дүние жайдары.

Желкілдеген гүлдерін,

Жер – анамыз жайнайды.

Құрметті, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.












Компьютер














Сабақ басы (10 мин)












Тапсырмалар:

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ж: Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.


2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

Ж: Малды теппе,

Аяқты төкпе.


Отты шашпа,

Күлді баспа.


Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба.


Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.



Оқушылар жауап береді












Суреттер












Ортасы (15 мин)


3. Жеті атаңды ата.

Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.

5. Наурыз көже қалай жасалады?

Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.

6. Ұлттық ойындарды ата.

Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.

7. Жеті қазынаны ата.

Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

8. Үш алысты ата.

Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.


Оқушылар ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар туралы тапсырманы орындап, атауларын табады.






Ұлттық тағамдар

Қауіпсіздік сабағы (10 мин)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. "Сендер қандай интернет-трендтерді білесіңдер? Барлығы пайдалы ма?" деген сұрақ арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін анықтау.

"Бүгін біз интернеттегі қауіпті хоббилердің бірі – треш-стримдер туралы сөйлесеміз. Олар неге қауіпті және олардан қалай сақтану керек екенін үйренеміз."

Негізгі бөлім

1. Треш-стрим дегеніміз не? (10 минут)

✅ 1. Треш-стримнің негізгі белгілері:

Қатысушыларды кемсіту, мазақ ету.

Өзін немесе басқаларды қауіпке тігу (экстремалды әрекеттер, заңсыз әрекеттер).

Қоғамға қарсы немесе заңға қайшы әрекеттер жасау (бұзақылық, алдау, агрессия).

Көрермен жинау үшін әдейі арандатушылық жасау.


✅ 2. Неге адамдар треш-стримге қатысады?


Танымал болу және көп қаралым жинау.


Ақша табу (донаттар, демеушілер).

Эмоция үшін (экстремалды сезімдерге әуестік).


✅ 3. Треш-стримдердің негізгі қауіптілігі:

Психологиялық зиян: қатысушыларға және көрермендерге психологиялық қысым түсіреді.

Құқықтық жауапкершілік: зорлық-зомбылық, қорлау, арандатушылық заңға қайшы.

Шынайы өмірге әсері: агрессивті мінез-құлықты қалыптастыру, қорқыту, физикалық қауіп төндіру.

Интернеттегі қауіпсіздік және заңдық жауапкершілік

✅ 1. Мұндай әрекеттер үшін қандай жаза бар?

Кибербуллинг және қорлау – Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін

Қоғамдық тәртіпті бұзу – Айыппұл немесе қамауға алу қаупі бар.

Басқа адамның жеке өміріне қол сұғу – Жеке мәліметтерді тарату заңға қайшы.

✅ 2. Қауіпті интернет-контенттен қалай қорғануға болады?

Мұндай стримдерге қатыспау және оларды қарамау.

Өзіңе немесе таныстарыңа қысым жасалса, сенімді адамға немесе құқық қорғау органдарына хабарлау.

Интернеттегі өз әрекеттерің үшін жауапкершілікті түсіну.

✅ 3. Практикалық тапсырма: "Жағдайды талдау"

Оқушыларға екі түрлі жағдай ұсынылады:

1. Досың треш-стримге қатысқысы келеді, оған қандай кеңес бересің?

2. Бейтаныс адам саған қызықты, бірақ қауіпті челленджге қатысуды ұсынды. Не істейсің?

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талқылайды.

Қорытынды бөлім

1. Сұрақ-жауап

Треш-стрим деген не?

Неліктен мұндай стримдер қауіпті?

Оларға қатысудың қандай заңдық салдары болуы мүмкін?


Мұндай әрекеттерден қалай қорғануға болады. Қорытындылау, кеңес беру

"Интернетте танымал болу үшін өзіңді немесе басқаларды қауіпке тігу дұрыс емес."

"Желідегі әрбір әрекетіміз үшін жауаптымыз, сондықтан қауіпсіз интернет мәдениетін сақтау маңызды."

"Егер интернетте сен үшін қауіпті немесе ыңғайсыз жағдай туындаса, дереу сенімді адамға хабарла."

Үй тапсырмасы:

"Қауіпсіз интернет" тақырыбында шағын эссе жазу.

Отбасы мүшелерімен немесе достарыңмен интернеттегі қауіпсіздік туралы талқылау.

Оқушылар треш ағындары туралы толық мәлімет алады.

https://youtu.be/CzNjRdhY65E?si=d3gFGIZMzS2jjbUq

Соңы (5мин)






Күн мен айға әлемнің,

Бердің ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйеніп,

Сәлем бердік иіліп,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын бүгінгі,

Наурыз атты тойларың,

-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

Оқушы

Бата береді









Ұлттық киімдер



























н4.jfif н5.jfif

н7.jfif н3.jfif

н.jfif н1.jfif

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі