15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қос сөздер
Идрисова Динара Исмайловна
№184 негізгі мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қожакент ауылы
Күні: 14.12.2017ж
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер 34-40 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Қос сөздердің мағынасын білуі керек.Сөздердің түрлерін ажыратып, жазылуын білуі қажет.
Сабақтың міндеттері: 1. Қос сөздердің түрлерімен таныстыру, жазылу ерекшеліктерін түсіндіру.Қос сөздер және түрлері туралы кеңінен мағұлмат беру.
2. Танымдық қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын байыту. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Әдемілікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :бекіту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың әдісі: СТО,бағалау,кері байланыс,оқытудың жаңа технологиялары.
Көрнекіліктер: белсенді тақта, суреттер, бағалау парағы, кері байланыс, стикер, бағалау түрлері, плакат.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу: 1-топ: «Біріккен сөз», 2-топ: «Қос сөз», 3-топ: «Қысқарған сөз», 4-топ: «Тіркесті сөз» (әр топ өздерінің топ аттарына сипаттама береді)
Үй тапсырмасын сұрау.
33- жаттығу. Бағыттау белгісі бойынша бір әріп тастап оқысаң, ішінде қос сөзі бар мақал шығады.
Баланың бас ұстазы-ата-анасы.
(Өтілген материалдар бойынша сұрақ қою)
Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: мая-мая, әке-шеше, көре-көре, құрал-сайман.
Жаңа сабақ.
Жұптық жұмыс. 34-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз
Мекендеп құз-қияны,
Шыңға салар ұяны.
Қыран тасқа қонса да,
Мұқалмайды тұяғы.
Ереже: Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады: айта-айта, кезек-кезек, ар-ұят, киім-кешек, сарт-сұрт.
Топтық жұмыс. 36-жаттығу. Қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
1-топқа үлгі-өнеге, 2-топқа ойлай-ойлай, 3-топқа жалт-жұлт, 4-топқа топ-топ сөздері беріледі.
Қарағым, үлкендерден үлгі-өнеге алған дұрыс. Балам сені ойлай-ойлай уайымдап қажыдым. Қыста жауған қар күн көзімен жалт-жұлт етеді. Күзде құстар топ-топ боп, жылы жаққа ұшады.
Сергіту жаттығуы
Жеке жұмыс. 37-жаттығу. Мәтінді оқып, қос сөздерді тап. Қос сөздердің жасалуын түсіндір.
Осынау мөп-мөлдір болып жататын әдемі көлдің Айнагүл аталуы тегін емес. Оның тап-таза тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды. Түбіндегі алтындай сап-сары құмы мен мап-майда малта тастары ап-анық көрініп жатады. Айнала қоршаған найзадай тіп-тік қамыстар жел лебінен судыр-судыр етеді.
Ереже: Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады: қып-қызыл, тап-тар, түп-түзу.
Топтық жұмыс. 38-жаттығу. (ауызша)
1-топ: 2-топ: 3-топ:
|
Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер |
Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер |
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер |
|
Кезек-кезек Күте-күте Қырқа-қырқа
|
Ата-баба Тау-тас Быт-шыт Іркес-тіркес Салдыр-гүлдір |
Тап-таза Тып-тыныш Үп-үлкен |
4-топ сұрақтарға жауап береді.
РАФТ әдісі бойынша 1 шумақ өлең шығару.
Р-рөл- жас ақын
А-аудитория-сынып
Ф-форма-өлең
Т-тақырып-«Тәуелсіздік жыр-әнім» (кез-келген тақырыпта)
39-жаттығу. Қос сөздері бар паравозға көптік, тәуелдік жалғаулары бар вагондарды тіркеп көр. Қос сөздердің бәріне көптік, тәуелдік жалғаулары жалғана ма? Дәлелде.
Көптік жалғаулар: Тәуелдік жалғаулар:
Әке-шешелер Әке-шешем
Сарт-сұрттар Сарт-сұртым
Әп-әдемілер Әп-әдемім
Ескі-құсқылар Ескі-құсқыларым
Әке-шеше,
сарт-сұрт,
әп-әдемі,
ескі-құсқы
Тәуелдік жалғаулар
Көптік жалғаулар
40-жаттығу. Екеуара сұхбатқа түс.
Шалқар: -Дархан, сен білесің бе? Менің ағам Түркияға ұшпақшы.
Дархан: -Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой?
Шалқар: -Ол не?
Дархан: -Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын басқосу. Онда мал сойылып, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.
Шалқар: -Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. Сен менің нағыз досымсың ғой.
Дархан: -Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл-жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
Үйге тапсырма:
35-жаттығу. Жаңылтпаштағы қос сөздердің арасына дефис қойып, оларды теріп жаз.
Омар, Жұман
Ұмар-жұмар алысады,
Үйме-жүйме,
Ілгек, түйме тағы ұшады.
Кері байланыс:

Бағалау. Бағалау көрсеткіші:
14-15 балл: «5»
10-13 балл: «4»
7-9 балл: «3»
|
Р/с |
Оқушылардың аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жұптық жұмыс |
Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Қорытынды балы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
Қорытынды. Сабақты аяқтау.
|
Р/с |
Оқушылардың аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жұптық жұмыс |
Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Қорытынды балы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
Р/с |
Оқушылардың аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жұптық жұмыс |
Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Қорытынды балы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
Р/с |
Оқушылардың аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жұптық жұмыс |
Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Қорытынды балы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
Р/с |
Оқушылардың аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жұптық жұмыс |
Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Қорытынды балы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|

Жеке жұмыс. 37-жаттығу. Мәтінді оқып, қос сөздерді тап. Қос сөздердің жасалуын түсіндір.
Осынау мөп-мөлдір болып жататын әдемі көлдің Айнагүл аталуы тегін емес. Оның тап-таза тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды. Түбіндегі алтындай сап-сары құмы мен мап-майда малта тастары ап-анық көрініп жатады. Айнала қоршаған найзадай тіп-тік қамыстар жел лебінен судыр-судыр етеді.
(Қос сөздерді теріп жазып,бірінші сыңарларының тұлғасына назар аудар.)

36-жаттығу 36-жаттығу 36-жаттығу 36-жаттығу
Үлгі-өнеге Ойлай-ойлай Жалт-жұлт Топ-топ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген