400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош, сүйікті Әліппе !

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып әліппемен қоштасу кешіне тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жалпы білім беретін №39 орта мектеп

Сынып сағаты

Тақырыбы:

Қош, сүйікті Әліппе !



Сынып:1 «Ж»

Сынып жетекшісі: Кулшурина Э.Ж.

Мақсаты: Білімнің бастауы болған  әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін  тамашалау, білімдерінің артып сөз байлығының молайғанын саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын  құрметтеуге тәрбиелеу.  

Көрнекілігі:шарлар, әріптер, слайд  « Әліппе», «Ана тілі»

Мұғалім сөзі: Құрметті :ата-аналар , ұстаздар!

Бүгін сіздер  1 «Ж»сынып  оқушыларының  алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Әліппе қасиетті де қадірлі оқулық...

Осыдан 4-ай  бұрын мектеп табалдырығын  қысыла да, қызыға аттаған балаларыңыз өздерінің алғашқы оқулығы  Әліппемен қоштасқалы тұр.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып ,оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың дей отырып , Қош, сүйікті Әліппе ! атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!Олай болса 1 «Ж» сыныбының  оқушылары ортада.Ертеңгілігімізді әнұранды орындаумен бастаймыз.

ҚР әнұраны орындалады

Сынып жетекшісі:Кулшурина Эльвира

Диана

Ақылбек

Хор: «Үйретеді» әні

Кәусар

Аян

Аяулым

Сафина

Кәусар Диана: «Ұстаз ана» әні

Зарина

Адина

Би: «Қара жорға»\

Ансар

Ару

Қайсар

Ернар

Али

Бізді үйреткен оқуға

Бізді үйреткен әріпке,

Білім, ғылым бастауы

Мың рақмет, әліппе!

Орынбасар Асель

Әліппе:

Армысыңдар жас достар!

Армысыздар қонақтар,

Армысыздар ата - аналар

Болашаққа жол бастар,

Әліппе келді ортаңа..

Міне балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Менен не үйрендіңдер?



Енді сендердің жолдастарың «Ана тілі» болсын деп әліппе қол бұлғап шығып кетеді.

Қош болыңыз Әліппе!

Оқушылар  қол бұлғайды

Би: «Әріптер»

Айзия

Алмұрат Әсемай

Ана тілі

Алихан

Омар

Нарша

Сабырәлі

Мұстафа

Диана би

Нұрислам

Рахман

Туған тілдің бастауы,

Әріптерден тараған.

Әліппеден ең алғаш,

Білім алған бар адам

Хор: «Рахмет саған әліппе» әні







Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгін міне сүйікті Әліппемізбен қош айтыстық. Әліппе біздерге дара жолымызды айқындап берді.Енді ана тілі оқулығымен достасып , көптеген жаңа қызықты мағұлматтарды білетін боламыз.Осы жолда балалар сіздерге сәттілік, толағай табыстар тілеймін. Ата-аналар! Сізбен біздің үміттеріміз ақталсын,балаларыңыз тәуелсіз елдің мықты, білімді, тәрбиелі азаматтары болсын деймін

Осымен  1 «Ж» сыныбының  дайындаған  Қош, сүйікті әліпппе атты ертеңгілігі аяқталды. Оқушыларды құттықтау үшін сөз кезегін ата-аналарға беріледі.

(Оқушыларға  сыйлыққа тәттілер беріледі.)

Ата-аналармен суретке түсті

Сынып оқушыларымен бірге







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.01.2023
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12