Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Қош, сүйікті Әліппем!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош, сүйікті Әліппем!» Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер Жүргізуші мұғалім: -Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларымыз өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! -Ендеше, «Қош бол, Әліппем!» атты мерекеміздің кейіпкерлерін 1 «А» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетіп, қарсы алайық! Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға , Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға, Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға Жүргізуші: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын.... Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не ? Оқушылар хормен: Ол сүйікті Әліппе!
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қош, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер


Жүргізуші мұғалім: 
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларымыз өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

-Ендеше, «Қош бол, Әліппем!» атты мерекеміздің кейіпкерлерін 1 «А» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетіп, қарсы алайық!


Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға ,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға

Жүргізуші: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар хормен: Ол сүйікті Әліппе!


Жүргізуші: Олай болса,бәрімізге ең қымбат сүйікті «Әліппемізді» ортаға шақырамыз.

Әліппе: ән шашу «Әліппе»

Әліппе: - Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, біздің ортамызға қош келіпсіз, кел тойымыздың төріне шық, біздің балаларымыздың сізге айтар алғысы мол, олай болса жайғасып отырып тыңдаңыз!

Мұғалім:Бала деген- болашақтың арайы.

Гимназиямыз –сол бастаудың сарайы.

Кіп- кішкентай бүлдіршіндер өнерін

Әліппенің әріпіне арнайды.

Ортада(Бақдәулет, Нұртілек, Алиасқар, Айша, Айару, Әбілмансұр, Жәнібек)





«Ұ»

Ұ дегенім ұлан,

Ауызында ұран,

Ту көтеріп тұрған

Ұлан нағыз қыран!

«С»

С дегенім сурет,

Көрдің бе сен бір рет,

Сонша неге тәтті,

Суреттегі сүр ет?!

«Т»

Т дегенім талап ,

Көңіліңмен қалап,

Талапты бол сен де,

Оқып жақсы сабақ!

«А»

А дегенім атаң,

Ақ тілекті батаң,

Ақыл сөзін тыңдап,

Ардақтай біл, ботам!

«З»

З дегенім зебр,

Тұяғы оның темір,

Шөп іздесе шөлде,

Кірмейді оған шөгір!


«Ы»

Ы дегенім ыдыс,

Шығарады дыбыс,

Ынтымақты үйде

Ыдыс тола ырыс!


«М»

М дегенім мектеп,

Кітабымды беттеп,

Мен өсемін оқып,

Мектебімде көктеп!



Мұғалім:

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті балаларымыздың « Мектебім, аяулы мектебім» әніне берейік.


Әліппеміздің әріптеріне арналған тақпақтарыызды ары қарай тамашалайық!

Ортада(Нұралы, Дархан, Азамат, Шамиль, Жантөре, Олжас, Алихан)


«Ғ»

Ғ дегенім ғарыш,

Болса дағы алыс,

Қазақ ұшып барған,

Ғарыш бізге таныс!

«Х»

Х дегенім халық,

Оқып, білім алып,

Халық үшін іс қыл,

Бар күшіңді салып!


«Д»

Д дегенім дәптер,

Дәптер тола ақ тор,

Дұрыс, таза жазып,

Төрт пен бесті ап кел!


«Ө»

Ө дегенім өзен,

Өзен бойын кезем,

Өзенде бар балық,

Өзім бірден сезем!


«Ш»

Ш дегенім шаршы,

Шаршыны тез салшы,

Шыны, шырша, шаштан,

Шы-ны тауып алшы!


«І»

І дегенім інім,

Бауырым ғой, күнім,

Қызықтаймыз оның,

Балдай тәтті тілін!


«О»

О дегенім орман,

Жан-жануар толған,

Жеміс,жидек теріп,

Орман кезу- арман!



Мұғалім: Жан иірімі біле білсең би деген,

Кімдер бар биді ұнатып сүймеген

Халқымыздың би өнерін паш етіп,

Алдымызда бишілер бар билеген- деп, ару қыздарымыздың «До Ре Ми биін тамашалайық.


Мұғалім: әріп тақпағымыздың кезегін ары қарай жалғастырайық!

Ортада Мұқағали, Ерасыл, Алмас, Ерболсын, Алинұр, Мирас

«П»

П дегенім пілім,

Көрсеңдер де түрін,

Қане, көрген кім бар,

Таудай пілдің тілін!?


«Р»

Р дегенде ретте,

Рет-ретімен бетте,

Дәптер, кітап, бәрін,

Ретсіз шашып кетпе!


«Н»

Н дегенім наным,

Нанмен бірге әнім,

Наным менің нәрім,

Әнім менің сәнім!



«К»

К дегенім кітап,

Көп оқыған ұтад,

Күшті болсаң, кәне,

Кітаптан тез К тап!


«М»

М дегенім мектеп,

Кітабымды беттеп,

Мен өсемін оқып,

Мектебімде көктеп!


«Э»

Э дегенді ізде,

Көріне ме көзге,

Элеватор, эпос ,

Бар ғой біраз сөзде!



Жүргізуші: Өнер десе өрілген,

Биіктерден көрінген,

Ұлдарымызды шақырсақ,

"Джентельмен" деген биімен

Мұғалім: Ару қыздарымыздың тақпақтарын тамашалайық

Ортада ( Інжу, Айнұр, Айша, Жанерке, Аружан, Дана)

«Л»

Л дегенім лағым,

Кезіп ауыл маңын,

Маңыраған кезде,

Бір тынбайды жағың!


«Ә»

Ә дегенім әжең ,

Әлдилеген анаң,

Әлпештеген әкең,

Әспеттей біл, балам!


«Б»

Б дегенім білім,

Білім- жарық күнің,

Ашып берер саған,

Бар әлемнің сырын!


«Г»

Г дегенім гүлім,

Көрдің неше түрін,

Гүлмен бірге сенің

Күлімдейді күнің!


«Ң»

Ң дегенім аңдар,

Аңдар інді таңдар,

Қарға түскен ізден,

Аңның жолын аңғар!


«И»

И дегенім ине,

Кіріп кетер, тиме,

Қадайды ғой әжең

Инеменен түйме!



Мұғалім: Ал олай болса құрметті әліппе сіздің құрметіңізге біздің балалардың өзіңізге арналған әнін қарсы алыңыз ән« Рахмет, саған әліппе»


Мұғалім: ортада Фатима, Аяла, Анель, Мадина, Ару қыздарымыздың тақпақтарын қбыл алыңыздар!

«В»

В дегенім вокзал,

Кісі толған көп зал,

Келіп қалса пойыз,

Вокзалдан тез қозғал!


«Қ»

Қ дегенім қала ,

Жан-жағыңа қара,

Қатар,қатар үйдің,

Қабаттарын сана!


«Щ»

Щ дегенді тапшы,

Кітабыңды ашшы,

Бір-біріне қарсы,

Тұщы менен ащы!


«Ү»

Ү дегенім үкі,

Үлпілдейді түлкі,

Үп дегенде үкі,

Түлкі болды күлкі

« Ж»

Ж дегенім жолда ,

Жаңғалақтау болма,

Жасыл жанса, жүгір ,

Қарап сол мен оңға!


Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті әліппе!
Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан «Еңбегі сіңген білімгер» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз. (фанфар)


Әліппе:
Рақмет, ризамын. Менде сендерге бұдан былай осы кітапты көп оқысын деген ниетпен, “Ана тілі” кітабын табыс етемін!

Бақдәулет:

Әліпемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Мұғалім:Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Олай болса кешіміздің төріне «Ана тілін» шақырайық! (фанфар)

Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен таныламын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2024
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12