Қощ бол алтын ұя мектебім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қощ бол алтын ұя мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылының аяқталғанын білдірген Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз! Бұл күн оқу жылын табысты аяқтап отырған орта буын оқушылары үшін алаңсыз жайдарлы жаздың жарқын күндерін өткізер қызықты сәт!
Материалдың қысқаша нұсқасы

25.02.2017ж

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі

Бағдал А

1-жүргізуші:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Мұхтар негізгі орта мектебі Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынға шақырады!



2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар, қонақтар!



1-жүргізуші:

Думанды дүбір ән жырлы

Жайқалған өмір жас бағы

Мінеки, тағы бір жылды

Сырғытып артқа тастады

Ұстаздардың - жаны нұр

Шаттық күйін бөліскен

Аяқталды тағы бір

Оқу жылы жеміспен!



2-жүргізуші: Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылының аяқталғанын білдірген Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз! Бұл күн оқу жылын табысты аяқтап отырған орта буын оқушылары үшін алаңсыз жайдарлы жаздың жарқын күндерін өткізер қызықты сәт!



2-жүргізуші: Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруге:

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін!

-Бұл жыл біздің мемлекет үшін ерекше жыл болды.

-Бұл жылы мемлекетімізде 2017 ІХ қысқы Универсиада өтті.

- Бұл жылы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.

1-жүргізуші:

Сыңғырла, сыңғырла асыға,

Үн қосқан қиядан асуға

Білімге құмартып жас өссін

Өрлесін биік шың басына

1-жүргізуші: 5-9 сыныптарға арналған салтанатты жиынды осы сыныптардағы оқу үздіктерінің салтанатты шеруінен бастаймыз.



Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Сакен Сайран Керімұлына беріледі.
1-жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға

Ізгілік те, мейірім бәрі осында

Өмірге қанат қақты жас өрендер

Асыл арман гүл атып санасында

Ән "Мектебім" орындайтын Әбіл Аружан

1-жүргізуші:

Жолдайды мектеп мүдірі

Түлектерге ақ   тілек 

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

2-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз ата-аналарға беріледі.

1-жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып

4 сынып оқушыларының биі «Вальс»

2-жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына- деп

жас түлектердің ұстаздарына сөз беріледі.

Ән "Ұстазым" орындайтын Рахымбек Азамат қарсы алыңыздар.



2-жүргізуші:

Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды!

Соңғы қоңырау! Күміс қоңырау күмбірі! Алғашқы қоңырау білімге шақырған күмбірге толы шаттық вальсі болса, соңғы қоңырау 3 ай жазғы демалысты хабарлаған қуанышты үн! Тағы бір мектеп өмірінің оқу жылын тәмамдағанын білдіретін қоңырау үнін салтанатпен тыңдайық!

1-жүргізуші: Қоңырау соғу салтанатына:

- 9 -сыныбынан: Айболат Жандос мекебіміздің қызыл атесстатқа үміткер. Жасұлан ұйымының ұлан басы

- 1-сыныбынан: Мұхтарова Жансая- оқу үздігі.

.2-жүргізуші:

Сыңғаырла, сыңғырла, сыңғырла,

Тынбастан сыңғырла, сыңғырла

Біз үшін бітпейтін бүгінде,

Естиміз таусылмас үніңді.



2-жүргізуші:

Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түсірілсін!

1-жүргізуші:

Жас түлектердің биі «Вальс+флешмоб » 5-9 сынып оқушылары

Осымен соңғы қоңырау салтанаты аяқталды, келесі оқу жылына дейін аман - есен болыңыздар, жазғы демалысты жақсы өткізіп, жаңа оқу жылына амандықпен жолыққанша күн жақсы болсын, ағайын



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
652
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі