жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қошкелдің, Жаңажыл
Алматы қаласы Алатау ауданы №95 бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Ақылбекқызы Алтынай
Жетекші: Дуйсенбаева Зухра Жылқыбаевна
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Көбелек» тобында!
(балалар мерекелік әуенмен келіп шыршаны айналып тұрады)
Ән «Келді, міне, жаңа жыл!»
– Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Барлығы:
Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сіздерді сағындық
Тез келіңдер ортаға!
«Аяз ата, ақшақар» 3 – рет айтып шақырады.
(әуенмен бірге Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың!
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем.
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп.
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы.
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отырыңыз, ата, сәл дем ал.
Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Би «Аяз Ата».
Аяз Ата: -Жарайсыңдар, балалар! Қандай керемет би!
1.Аруна: Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Балдырғандар ойнайды.
2.А.Айлин: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
«Қыс» мезгілі келеді
Бізге қарай жылыстап.
3.Адия: Дала қандай тамаша
Ақ мамыққа оранған.
Ақ дастархан жапқандай
Көз тоймайды қарасаң.
4.Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
5.Алихан: Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязда шыңдалып
Шымыр болар денеміз.
6.Ерасыл: Аппақ, аппақ дала
Аппақ ауыл, қала.
Жапалақтап ақша
Жауа берсін, жауа.
Көңіліміз қаласа
Сыртқа шығып таласа.
Қар атысып ойнаймыз
Қыстың күні тамаша.
7.Жылда осылай келеді
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге
Ақ күмісін төгеді.
8.Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз Ата оралып.
Ән «Шырша, шырша, шыршамыз» балалар шыршаны айнала ән салады.
Жүргізуші: -Аяз Ата, Ақшақар, біздің қыздарымыз да өте өнерлі. «Қуыршақ» биін тамашалаңыздар!
«Қуыршақ» биі
Тосын сый: Қоян мен аққала балаларға тосын сый жасап, шыршаны айналып әуенмен залға кіріп келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз қайдамыз?
Балалар: Сәлеметсіздер ме! Сіздер балабақшадасыздар!
Аққала: Мұнда не болып жатыр? Қандай әдемі!
Балалар: Бізде Жаңа жыл ертеңгілігі болып жатыр. Бізбен бірге қызықтаңыздар!
Қоян мен Аққала: Рақмет, балалар!
9.Алтынай: Этот день мы ждали долго,
Ожидали целый год.
Запевай, звени под елкой
Новогодний хоровод.
10.Мирас: Ортамызда шыршамыз,
Би билейміз баршамыз.
Сонша әсем, сонша бай
Ағаш бар ма шыршадай?
11.Санжар: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Келді сұлу шыршамыз
Көптен күткен, сағынған.
12.Бейбіт Айлин: О, алақай тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Жаңа жылда бәріміз
Ән айтамыз жаңаша.
13.Ару: Сылдырлайды моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
Жаңа жылмен жайдары
Құттықтаймыз баршаны.
14.Абилхайыр хан: Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға:
Қуант бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
15.Нұрхан: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ән «Жаңадан тақпақ»
Би «Латино»
16.Еркеназ: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
17.Аңсар: Алар асу, шығар тау көп,
Еңбек думан маңайың.
Жаңа жылда денің сау боп
Бақытты бол ағайын.
18. Бекзат Айлин: Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
19.Яхия: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
20. Бақсұлтан: Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
21.Кәусар: Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
22. Алинұр:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
23. Сұлтанмұрат: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Аққала мен Қоян: -Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Біз сендермен ойын ойнағымыз келіп тұр. Бізбен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: -Иә.
Аққала мен Қоян: Ойынның аты «Қар жинау» деп аталады.
Ойынның шартын түсіндіріп өтед.
Балалар белсене ойын ойнайды.
Би «Сыған биі»
24. Әмірхан: Ёлочка-красавица
Деткам очень нравится!
Огоньки на ней блестят,
Сказку подарить хотят.
25.Асанали: Новый год стучит в окошко,
Ждать ещё чуть-чуть, немножко,
Пусть нам этот Новый год
Много счастья принесёт!
26. Айару: Снег кружится за окном.
Елочка горит.
Это значит, в каждый дом
Дед Мороз спешит.
Буду я его встречать
Песнями, стишками.
Я не дам ему скучать,
Чтоб остался с нами!
27. Мұқағали: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
Би «Жаңа жыл ойыншықтары»
Аяз ата: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып.
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
-Балалар, өнерлерің үстем болсын! Сендермен жаңа жылды қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз! Біз енді қайтайық. Бізді басқа балабақшадағы сендер сияқты бүлдіршіндер асыға күтіп отыр. Келесі жылы кездескенше аман-сау болыңдар!
Жүргізуші: -Аяз ата, Ақшақар, көп рақмет сіздерге! Біз сіздерді келесі жаңа жылда асыға күтетін боламыз! Сау болыңыздар! Осымен , «Көбелек» ересек тобының «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігі аяқталды. Жаңа жылдарыңызбен!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген