1 – Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды,
Бізден ұшып қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік,
Құтты болсын қадамдарын аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
2 – Жүргізуші:
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін
Мерекең құтты болсын түлектерім,
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін-деп сүйікті балабақшаларымен қоштасатын балаларымызды ортаға шақырамыз.
Әуенмен балалар шармен кіреді. Билейді.
Вальс «Шармен»
1 – Жүргізуші:
Мінеки, жаңа ғасыр перзенттері
Көшбасшы, керемет кемеңгері
Болашақ президент, министрлер
Шығады қазағымның төрелері.
Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізге тағы да бір қол соғып қоялық!
-
Бала :
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
2. Бала :
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
3. Бала :
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
4. Бала:
Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын
Тәрбиешілер мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым,
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Біз мектепке барамыз.
5. Бала :
Сезімнен туған баламыз
Оянды ақыл санамыз,
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
6. Бала :
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,
Тәтті әуені ән думан
Мектепке кетіп барамыз
Білім алған бақшадан
Бала:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,
Қош келіпсіз ардақты ата-аналар
Бақшамен қоштасу тойымызға.
Бала:
Мерекеде сызылтып ән саламыз
Ән айтып би де билеп жан саламыз
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Қане, бәріміз бірге әнді шырқайық!
Ән. «Мектебім» (отырады)
Жүргізуші: Балалар, болашақта сендерді не күтіп тұрғанын білгілерің келеді ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Олай болса, сендерге ол жайында Жұлдызшы айтып береді, мұқият тыңдаңдар! (экран)
Дауыс: Мен сендердің болашақтарыңды анық көріп тұрмын. Сендердің
болашақтарыңда бәрі жақсы болады. Бірақ біраз еңбектенуге тура
келеді. Ол үшін көп оқып, іздену керек. Алдарыңда сендерді
ұзақ жол күтіп тұр. Сол жолмен жүрсеңдер , көп нәрсені білетін
боласыңдар! Ал енді ,Мен сендерді аспан әлеміне саяхат жасауға
шақырамын.
Жүргізуші: Балалар, жұлдызшы біздерді аспан әлеміндегі әртүрлі планеталарға саяхат жасауға шақырып отыр. Әр планетеда бізді өзінің сыйлықтары күтіп тұр екен. Олар – мейірімділік жұлдызы, білім жұлдызы, достық жұлдызы және сәттілік жұлдызы екен.
Олай болса балалар, осы жұлдыздарды табу үшін космос әлеміне саяхатқа шығайық.
Жүргізуші: Сонда ол жаққа немен барамыз?
Дауыс: Мен сендерге көмектесемін. Мына сыйқырлы звездолетті сыйға тартамын. Еш уайымдамай сапарға аттаныңдар. Жолдарың болсын!
Би: «Жұлдызшалар»
Жүргізуші: Балалар, жайғасып отырыңдар, ұшуға дайындалыңдар! Дайынбыз ба: 1,2,3,4,5 ұштық
Міне балалар, темірқазық жұлдызының үстінен өтіп бара жатырмыз. Планетаны көріп тұрмын. Осы жерге қонсақ қалай болар екен...Кішкентай балаларды көріп тұрмын. Бұл деген балалық шақ планетасы ғой, яғни мейірімділік планетасы болу керек.. (кішкентай топ балалары апайымен кіреді)
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме? Біз сендердің жұлдыз іздеп жүргендеріңді білеміз. Бұл жұлдыз бізге алыс жақтан ұшып келді. Міне сендердің іздеп жүрген жұлдыздарың - мейірімділік жұлдызы. Алыңдар.
Біздің мына кішкентай балаларымыз, сендердің мектепке бара жатқандарыңды естіп, сендерге сәт – сапар айтуға келдік.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа сендер жеттіңдер
Барсыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл ойларын
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларын
Би: «Кішкентайлар биі»
Жүргізуші: Рахмет сендерге кішкентай бүлдіршіндер. Сендер де біз сияқты үлкен болып өсіп, мектепке барыңдар. Сау болыдар! (Чупа - чупс)
Экран
Екінші жұлдызды табу үшін саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Тағы бір планетаны көріп тұрмын. Осы жерге қонып көрейік.
Бұл жерде ешкім жоқ сияқты. Бұл қандай планета болды екен?
Робот: Бұл Роботтар планетасы. Темір - планетасы деп аталады. Қауіп төнді, Қауіп төнді. Тағы да космос қарақшылары ұшып келді. Дабыл қағыңдар, дабыл қағыңдар!
Жүргізуші: Жоқ, біз қарақшылар емеспіз. Біз Жер – планетасының балаларымыз.
Робот: Жер деген не? Бала деген не? Неге келдіңдер?
Жүргізуші: Жер деген өте әдемі планета. Ол жерде біздің үйіміз және Қазақстан деген еліміз бар. Біздің жеріміз жылдың барлық мезгілінде де өте әдемі, сұлу. Біз мектепке баратын балалармыз. Сәттілік жұлдызын іздеп жүрміз.
Робот: Жақында бізге бір жұлдыз ұшып келген. Егер сол болса сендерге берерміз. Қандай өнерлерің бар.
Жүргізуші: Қазір біздің балалар саған өздерінің көңілді биін билеп береді. Қарсы емессің бе?
Робот: Би,би. Көрейік, көрейік.
Би: «Мамбо»
Робот: Түсінікті. Өте тамаша. Олай болса мен сендерге өзіміздің роботтар планетасын көрсетейін. Біздер өте күштіміз, батылмыз, мықтымыз және бәрін жасай аламыз. Бізбен осында қалыңдар. Сендерді де роботқа айналдырамыз. Біз сияқты боласыңдар. Достасып бірге ойнап, билейміз.
Билейді.
Би: «Роботтар»
Жүргізуші: Жоқ, рахмет. Біздің балалардан робот жасаудың қажеті жоқ. Дос болуға әзірміз, сендерді өз планетамызда күтеміз.
Ән: « Қоштасу әні »
Робот: Танысқанымызға қуаныштымыз. Сендер іздеп жүрген Сәттілік жұлдызы мынау болса ала қойыңдар. Сау болыңдар. (кетеді)
Жүргізуші: Балалар, екі жұлдызды таптық енді екеуін іздейік. Саяхатымызды жалғастырамыз. Дайындаламыз. Ұштық! Қонады.
Қайда келіп қодық екен?
Фиксики: «Фиксики »билейді.
Ф: Оқығым келмейді. Оқымаймын. Мазамды алмаңдаршы.
Н: Болмайды. Дымбілмес болып қаласың. Оқу керек. (балаларды көріп қалады) . Ой, бізге балалар ұшып келіпті. Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерді Білім планетасында көргеніме өте қуаныштымын. Сендер қай планетадан келдіңдер?
Жүргізуші: Жер деген планетадан келдік.
Ф: Сендер де мектепке барасыңдар ма?
Балалар: Ия
Н: Міне көрдің бе Фиксик. Балалар да мектепке барады. Олар мектепке баруға дайын сияқты. Қазір оны тексеріп көреміз.
Ойын: «Сандармен»
Дөңгеленіп тұрады. Жердегі сандарды айналып жүріп, әуен тоқтағанда алады да атайды. 3,5,6,12,18.
Н: Көрдің бе Фикси. Балалар сандарды жақсы біледі екен. Сен болсаң оқымаймын дейсің.
Ф: Жарайды, пысықтар. «4»пен «5» ке оқи беріңдер. Осы бағаларды алу үшін қаншама тер төгу керек. Не қызық бар мектепте. Партада отыру керек, дәптерге жазу керек, сабақ оқу керек. Ал менің ойнағым келетін шығар, немесе жатқым келетін шығар.
Жүргізуші: Біздің балалар бәріне де үлгереді. Ойнайды да сабақ та оқиды. Ән де айтып, би де билейді. Тыңдағыларың келеді ме?
Ән: «Тәуелсіздік ұраны»
Ф: Жарайды. Көндірдіңдер мені. Оқысам оқиын.
Жүргізуші: Біз жұлдыз іздеп жүр едік. Сендер көрген жоқсыңдар ма?
Н: Ия, бір жұлдыз ұшып келген. Мынау емес пе? (береді)
Жүргізуші: рахмет. Осы жұлдыз. Бұл Білім жұлдызы. Рахмет сендерге.
Әрі қарай ұшайық та соңғы жұлдызды табайық. Орындарыңа отырыңдар.
Подзорный трубадан қарайды. Алдымыздан бір белгісіз планета көрінді.
.......
Ертегілер елі.
Шапокляк: Ә, келдіңдер ме ақыры. Мен сендерді сондай жақсы көремін. Менің кішкентай балақайларым. Мені таныдыңдар ма? Мен сендердің жақсы көретін Шакопляк деген әжелерің боламын.
Жүргізуші: Әрине біз сізді таныдық. Біз жұлдыз іздеп жүр едік. Сіз көрген жоқсыз ба?
Ш: Я, бір достық жұлдызы ұшып келген. Маған дос болудың қажеті жоқ. Жалғыз өзіме де қызық.
Жүргізуші: Онда оны бізге берсеңізші. Ол жұлдыз бізге өте қажет.
Ш: Тағы не дейсіңдер? Мен өте қатыгез кемпірмін. Ешқашанда бермеймін. Байқаймын сендер мектепке барсыңдар ғой деймін. Жақсы оқитын да боларсыңдар. Мен жақсы оқитындарды жақсы көрмеймін. Мен жалқауларды, бұзықтарды, тіл алмайтындарды жақсы көремін.
Жүргізуші: Біздің балалар ондай емес. Керісінше, олар өте ақылды, білімді, күшті. Қазір олар қандай екендерін көрсетеді.
Ш: Қандай тамаша ән. Олай болса, мен сендерге сыйлып берейін. Ондай сыйлық ешкімде жоқ.
Рагатка – құстарды атасыңдар
Пистолет – бір – біріңді қорқытасыңдар
Тас – терезені сындырасыңдар
Таяқ - ... менің сыйлықтарым ұнады ма? Жоооқ
Жүргізуші: Ешқандайда қызық емес. Өзіңіз қайтып алыңыз. Бұл ешқандай сыйлық емес. Жаман заттар. Біздің балаларға қажет емес. Бізге одан да жұлдызды беріңзші. Біздің балалар қазір көңіліңізді көтеріп ойын ойнап берсін.
Ойын: «Таңғы жиын» (шар, букет, портфель) береді,кетеді.
Жүргізуші: Мінекей балалар, балабақшаға қайтатын уақыт болды. Өзімізге қажетті жұлдыздарды жинадық. Орнымызға жайғасып, елімізге қайтайық.
Бақшамызда үлкен той
Қоштасу той біліп қой
Сондықтан да тұрмайық
Рахметімізді айтайық
9. Бала : Меңгеруші
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Жеткіземіз біз ертең
Болашаққа даңқыңды
Біздің Ләззат апайға
Бар баланың алғысы!
10. Бала : Әдіскер
Гүлденсін деп бақшамыз,
Күн сайын тыным таппаған,
Әдіскер Роза апайым
Аямас жанын бақшадан
Сізге рахмет айтамыз!
11. Бала : Дәрігер
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайға мың рахмет
12. Бала: Хореограф
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен апайларға мың алғыс
14. Бала : Аспазшы
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Азпазшы апайлар
Сіздерге де мың алғыс
15. Бала: Тәрбиеші
Қызық-қызық ертегі
Бізге оқып береді,
Жылауық та, тентекте
Сол апайға көнеді.
Тәрбиешілер күлімдеп
Үйретіп бізді келеді.
16. Бала: Бухалтер
Есеп-қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін
Есепші Айнұр апайым
Сізге де мың алғыс!
17. Бала : Күтуші
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Қымбат апайымызға көп рахмет
18. Бала: Қоймашы
Шекер қосып бал берген,
Тәтті –тәтті дәм берген апайымыз қоймашы,
Бибігүл апай сізге де, Мың рахмет айтамыз.
-деп қолдарындағы шоқ гүлдерін сыйлайды.
Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Біз ертеңгі ақынбыз,
Біз ертеңгі батырмыз,
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз.
Өзіңменен достастым
Бауыр баса бастаппын
Сіздерменен мейірімді
Келмей тұр менің қоштасқым
Сүйкімді балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке енді барасың
Бал күндерді қиялдап
Сағынармыз әлі біз
Құщағында жарқылдап
Өтті сәби күндерің
Би биледің, ән тыңдап
Алаңдауды білмедің
Гүлге толып жан – жағың
Асыр салып жүгірдің
Өсті талап талғамың
Көп нәрсені ұғындың
Біз балауса баламыз
Жетелеп ой санамыз
Қош бол балабақшамыз
Қимай кетіп барамыз
Тәрбиеші:Құрметті балалар, осы балабақшада көңілді де қуанышты, қызықты мерекелерді бірге өткіздік. Ал бүгін сендер үшін бақшадағы соңғы күн. Сендерге тілейтініміз, талаптарың таудай болып, қанаттарың талмай биіктерге самғай беріңдер!
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Сөз кезегін б/б меңгерушісі Л.Ш.Әбілдаеваға береміз.
Жүргізуші.
Ал құрметті, ата - аналар, балаларыңыздың алғашқы қадамдары құтты болсын. Ұрпағымыз сіздер мен біздің алдымызда гүлденіп, өз ана тілдерін құрметтеп, Қазақстанымыздың үлкен азаматы болып өсе берсін!
Жүргізүші:Бұгінгі той бәрімізге құтты болсын
Деніміз сау аман-есен мықты болсын
Мектеп есігі әрқашан да ашық болсын
Мектепке барган жолдарың құтты болсын.
Сау болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қоштасу

шағым қалдыра аласыз