жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қоштасу ертеңгілігі
Перде жабық.
Теңіздің шуылы, құстардың дыбыс естіледі.
Дауыс:
«Бегім ана» айдынында
Асыр салып ойнаған
Алғаш білім нәрін алып
Көкке қанат самғаған
Түлектері «Ақжелкеннің»
Жұлдыздайын жайнаған!
Сахна ашылады. Кеме капитаны шығады. Жан-жағына қарайды. Ысқырады.
Балалар өз реттіліктерімен орындарына тұрып би билейді
«Көңілді балалар биі» (твист)
Би соңында балалар жарты шеңберге тұрады.
Екі бала ортаға шығады.
Мінекей өсті біраз бойымызда
Ақылға ақыл ой қостық ойымызға
Қош келдіңіз апайлар, ата –аналар
Бүгінгідей дүбірлі тойымызға!
Тәрбиеші:
Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Бақшасымен балалар
мақтанады
«Бегім ана» әнұранын шырқатады.
«Бегім ана» әнұраны
1 бала:
Той дегенің қуаныш
Сыйлар барлық адамға
Құттықтаусыз сірә да,
Тойдың сәні бола ма?!
Мектепке бастар жол алдында балабақшамыздың меңгерушісі Жанат Муханбетқалиқызының лебізін тыңдағымыз келеді.
1 бала: ................ , мен әлі сене алар емеспін. Шынымен де бүгін сүйікті бақшамызбен қоштасамыз ба?
2 бала: Әрине. Біз енді есейіп қалған жоқпыз ба?
1 бала: Бірақ, әлі менің есімде, күні кеше ғана сен балабақшаға әр келген сайын жылап, мазамызды алатын едің ғой.
2 бала: .........................., сен кімге күлгендейсің. Өзің ғой сол кездері балабақшадан қайтқанда «мені арқала, өзім жүргім келмейд» деп атаңның мойнына мініп алатыныңды білесің бе?
1 бала бұртиып тұрып қалады.
2 бала: ................... менікі әзіл ғой. Ренжімеші, екеуміз дос едік қой.
1 бала: Жарайды.
Арман қуып бала кезден
Сендім қиял, ертегіге.
Көз жүгіртіп көрейікші
Кеше, бүгін, ертеңіме.
2 бала: Біз кеше қандай едік?
1 бала: Біз кеше бал иісіміз кетпеген, тіліміз балдай, кіп-кішкентай, тәй-тәй басқан сәби едік қой.
Ортаға қолдарына ойыншықтар ұстаған балалар шығып билейді.
«Тентегім» биі
1 бала:
Ойыншығым ақ қоян,
Сүйкімді де, әдемі.
Бөбектерге қалдырам
Оқушымын мен енді.
2 бала: Қоңыр досым қонжығым,
Балды жақсы көресің.
Қош есен бол, енді сен
Бөбектермен өсесің.
3 бала: Менің күлкім сияқты
Сылдырмақтар сыңғыры
Бөбектер де ойнасын
Жарасып үні, былдыры.
4 бала: Сенсеңіздер жан сырым,
Қуыршағым құрбымдай
Көңілді жан досымды
Толқып тұрмын мен қимай.
Бәрі бірге:
Ойыншықтарды жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз!
Қолдарындағы ойыншықтарын арнайы сыйлық белгісі бар қорапқа салады.
-
Балабақша есігін
Сәби кезде ашқанбыз.
Балапандай мәпедеп
Өсірді бізді бақшамыз.
Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
-
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты.
Бұл құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы
Мұнда жақын дос таптық
Мұнда жақын туыстық.
-
Досвидания садик мой
Самый лучший и родной
Мне пора учится в школе
Расстаемся мы с тобой.
-
Не грусти и не скучай
Малышей опять встречай
Береги их милый садик
И за шалости прощай!
1 жүргізуші: Ал, ...................... менің енді екінші сұрағыма не дейсің?
2 жүргізуші: Қандай сұрақ болса да менің жауабым дайын. Құлағым сенде.
1 жүргізуші: Біз бүгін қандаймыз?
Біз бүгін әріп танитын, санды санай алатын, ән де салатын, би десе ішкен жерге қоятын........
2 жүргізуші: Осы жерден тоқтай ғой, құрбым. Айта берсек кеш батып кетер.
Өнерліміз дарамыз
Біз білімпаз баламыз!
1-жүрг: Қане, достар! «Сөз жаз, көп жаз!» ойынын ойнап не білетінімізді
ортаға салайық.
2-жүрг: Бұл ойынды Сәнімкүл Жақсыбайқызы жүргізеді.
Ойын «Сөз жаз, көп жаз»
Сәнімкүл апай: Ойынды бастамас бұрын көмекшілерім ортаға көңілді текшелерді әкелсін. Балалар, бұл текшелер әріптерге толы. Ойын шарты бойынша ортаға шыққан ойыншылар балабақшамыздың атын, яғни «БЕГІМ АНА» сөзін құрастыруы керек. Ең алдымен ортаға бес ойыншыны шақырамын, ................................................................................. келе қойыңдар. Сендер қазір көңілді әуен қосылысымен текшелермен би билейсіңдер. Музыка аяқталысымен текшелерден БЕГІМ сөзіне сәйкес әріптерді тауып, сөзді тез жазуларың керек.
Ойын шарты түсінікті ме? Ойынға дайынбыз ба? Олай болса, бастаймыз!
/БЕГІМ сөзін құрастырады/
Сәнім : Құрметті ата-аналар, балаларымыз сөзді дұрыс құрастырды ма?
Сәнім: Келесі сөзді жазу үшін ортаға үш текше әкелінсін! Енді бұл
ойынға Әділет, Азиз, Мадиярды шақырамын. Ойын шарты
бойынша текшелермен би билеп, музыка аяқталысымен сендер
АНА сөзін құрастыруларың керек.
Сәнім: Ата-аналар , АНА сөзі дұрыс жазылды ма? Екі сөзді қосқанда қандай сөз пайда болды? (БЕГІМ ана)
Сәнім: Осы әріптер жайында біздің әнші бүлдіршіндеріміз не дейді екен.
Тыңдап көріңіздер.
«Тілашар» әні
1 бала:
Жаңалыққа жаны құмар баламыз
Үйреткенді бірден қағып аламыз.
Есепке де жүйрік, озық санамыз
Талапты да, өнер қуған дарамыз!
«Математика туралы миниатюра»
1-бала: Математика сабағында! ( балалар партаға жайғасқандай отыра
қалады) Нұрдос
2-бала (мұғалім): Қане, балалар, сабаққа дайынбыз ба?
Балалар: Иә!Дайынбыз!
Мұғалім бала: Мақсат, орныңнан тұра ғой. Сенде екі алма, бөпеңде бір алма
қосқанда барлығын болады неше алма?
3 бала: Барлығы 3 алма болады.
Мұғалім: Ой, молодес! Ал, Бекзат енді сен айт.Сымда отыр бір торғай, келді
ұшып бір торғай. Сымда барлығы неше торғай болды.
4 бала: 1торғай, тағы бір торғай( ойланып) 2 торғай болды.
Мұғалім: Отыра ғой, саған бес. Енді Арманов айта қойшы, сенің қолыңда
бір қояның бар. Мен саған қазір екі қоян берсем, сонда қояндарың
нешеу болады?
Арманов: Төртеу болады, ағай!
Мұғалім: Қалайша? Сенде бір қоян болса, мен екеу берсем үш қоян болмай
ма?
Арманов: Ағай, үйде бір қояным бар ғой, сонымен төртеу болмай ма?!
Ән «Жұлдыз болам менде»
(КВН-ге қатысқан ұлдар тобы)
Тәрбиеші: Жұлдызы жарық, білімге құштар, білуге ынтық ақ жүректерім менің! Ілім-білім әлемі шегі жоқ шартарап, түбі жоқ тұңғиық. Десе де, білікті бірді, білімді мыңды жығатынын есте ұстайық.
1 бала: Иә, дұрыс айтасыз, апай! Ал, дүниеде бәрін білу мүмкін бе?
Тәрбиеші: Әрине! Балалар осы жолдан таймаңдар! Білімге деген құштарлықтарың ортаймасын! Мен сендердің өздеріңді жеке қалдырамын. Өздерің қалып, «мен кім боламын» деген сұраққа жауап іздеп көріңіздерші...
Тәрбиеші шығып кетеді.
1 бала: Шынымен біз өскенде кім боламыз? Ойланып көрейікші...
2 бала: Біз ертең үлкен болғанда Тоқтар ағамыздай ғарышкер болғымыз келеді!
Ғарышқа ұшқандай кейіп танытып, шағын ырғақты қимылдар жасайды.
Барлығы: Ден қойсаңдар білімге
Даңқың жетер әлемге!
Муслима: Ал, мен Мадина апамдай әнші болғым келеді!
Жібек пен Айзере: Біз де әнші болғымыз келеді!
Үшеуі бірге: Туған елге еркелеп
Ән шырқайық, би билеп!
«Биле» әні
Барлығы: Ән салып сахна төрінде
Самғаңдар өнер көгінде!
3 қыз: Ал, бізге дәрігер болған ұнайды. Біз барлық адам «дені сау болсын» деп тілейміз.
Ән «Мен дәрігер боламын»
Барлығы: Дерт шипасын табыңдар
Ел алғысын алыңдар!
1 бала: Тың жаңалық ашатын
Ғалым болғым келеді!
Академик ағаның
Жолын қуғым келеді!
Музыка әуенімен сюжетті көрініс орындалады.
Басқа балалар таңқалысын білдіреді.
Барлығы: Жаңалықққа жаның сондай құмарсың
Сен ертең-ақ ғалым болып шығарсың!
Ханшайым мен Нұрсая:
Тал шыбықтай иілген
Боламыз биші өскенде
Мың бұралып билейміз
Мерекелік кештерде!
Би Этюд
Барлығы: Билерің сондай әдемі
Биші болыңдар әйгілі!
Сәулетшілер:
Арманы бар бір ғана
Талабы зор баламыз.
Үйлері бар көрікті
Қалада әсем тұрамыз.
Астанаға бой түзеп
Зәулім үйлер саламыз.
Еңселі етіп әр үйді
Елге сый ғып тартамыз!
Біз сәулетші боламыз!
«Сәулетшілер» биі
Барлығы: Сәулетті үйлер көп болсын,
Армандарға жет, досым!
Тәрбиеші: Керемет, балалар! Ризамын сендерге!
Мамандықтың түрі көп
Іздеп танып алғанға
Алсаң соның бірі боп
Лайықсың сен заманға!
Жүргізуші: Мінекей, достар «Біз ертең кім боламыз» деген сұрақтың жауабы осы болды.
Биік ұшып, талмай қанат қағамыз
Жүректерден арман отын
жағамыз.
Жақсы оқып алтын ұя
мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табамыз!
«Оқып, біліп, үйренеміз» хор
Қарашы бүгінгі күн қандай
Қалайша қаласың нұрланбай
Вальске ілескен біздермен
Жер шары айналып тұрғандай!
«Қоштасу вальсі»
1-бала: Қуанышымызға бірге қуанып,
2-бала: Қиындығымызға төзе білген,
3-бала: Бар мейірімі мен ақ тілегін арнаған,
4-бала: Қамқор да жанашыр жандар - аяулы апайлар!
Бәрі бірге: Мың алғыс сіздерге! (Бәрі бас иеді)
2-жүрг: Бүгінгі күні бізден де артық толқып, қуаныш пен тебіреніске бөленіп отырған тағы бір жанымызға жақын, аяулы жандар бар. Олар – біздің...
Бәрі бірге: Ата-аналарымыз!
5-бала: Біз сіздерді жақсы көреміз!
6-бала: Тентек болмауға, мектепте үздік оқуға уәде береміз!
7-бала: Үміттеріңізді ақтап, жақсы азамат болып өсеміз!
8-бала: Бәрі-бәрі үшін.................
Бәрі бірге: Көп рахмет!
1-жүрг: Күліп, ойнап алаңсыз
Қуандық біз баршамыз
Ризамыз сүйікті
«Бегім Ана» балабақшамыз !
«Қош бол, балабақша» хор
1-тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған
күлкіні
Жүздеріңде әрдайым да нұр
тұнды
Бүгін міне көзді
ашып-жұмғанша
Өздеріңмен қоштасатын күн
туды
Биік ұшып, талмай қанат
қағындар
Жүректерден арман отын
жағындар
Жақсы оқып алтын ұя
мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын
табыңдар!
Бәрі бірге: Рахмет!
Тәрбиеші: Бүгінгі мереке әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Ата-аналардың лебізі
Түлектерді марапаттау
Тәрбиеші: «Ақжелкенді» кемеге отырайық
«Мектеп» атты айдынға асығайық!
Балалар «В порту» әуенімен, жүріп кемеге барады. Қол бұлғайды.

