жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қоштасу ертеңгілігі "Балабақшамен қоштасу"
«Шұғыла» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ЕРТЕҢГІЛІК
Тақырыбы:
«Балабақшамен қоштасу»

Дайындаған: Орынбаева. А
|
Қош бол сүйікті балабақшаІ |
|
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді. Барлығы: Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз. Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді) Даниал:
Құрметті қонақтар армысыздар Жанерке: Ақ
тілекті ағытып бір тастайық Ортаға екі тәрбиеші шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады Сәлем гүлдей
жайнаған балғындарым Күлерсіңдер әрқашан
шаттаныңдар Қайырмасы. Кілең беске оқыңдар жарқындарым 1-Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер 2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық. 1- Тәрбиеші:
Мерекеде сызылтып ән салады Ән. «Біз мектепке барамыз» Мектепке енді барамыз Біз оқушы боламыз Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз Қайырмасы: Ән салайық бас қоса Бақшаменен қоштаса Қалам, дәптер, өшіргіш Кітаптармен достаса Ойыншықты жинаймыз Бөбектерге сыйлаймыз Үлкен болып өссекте Бақшамызды қимаймыз Қайырмасы: Біз мектепке барамыз Қолға қалам аламыз Кітапты да оқимыз Суретті де саламыз. 2-Тәрбиеші:
Алдыңдағы балалар Ағаш рет оқимыз Тәрбиеден тәлім алып Санамыздан тоқимыз. Ернұр: Біздің келер шамамыз 5-тен 3-ті аламыз 4-ті бөліп 2-ге Жауабын тез табамыз Аяна:Өзіңнен көп дос таптым Бауыр баса бастаппын Тәрбиешілер мейірбан Келмей тұр енді қоштасқым Айгерім:Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып бала бақшамен Даярлыққа барамыз Жансерік: Бір – бірімен сыйласып Тату жүрміз бәріміз Бала достықпен өнеге Біздің бала бақшамыз. Нариман:Көңілді өскен баламыз Шырқатып әнге саламыз Тойымызға сән берер Биде билеп аламыз Бекзат:Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын табамыз Бақшамызбен қоштасып Біз мектепке барамыз Айару: Ана тілін ардақтап Ата салтын біз көрдік Сурет салып ән жаттап Оқып, жазып үйрендік. Нұрай:Сүйгендей өз қыз өз ұлын «Бөбегім» деп аянбай Бала - бақшам өз үйім Апай болды анамдай Айару:Ойлы ұстаз бастайды ұлы мұратқа Сағынамын бір сәт жүрсем жырақта Арман қуып аттанармыз әр жаққа Сенің бейнең ұмытылмайды бірақ та Жүрегімде тұрар мәңгі жаңғырып Ұстазымды өтемін мен ән қылып Көк қанаттар түлеп сенің алдыңнан Ұшадығой бұлақтан мейір қондырып. Тәрбиеші:Бишілерде өнер көп, Билейді биді мәнерлеп Тамашалап көріңдер Мына биді өнер қып. Би: Балалар биі «Флешмоб» Тәрбиеші: ҚҰлпырған гүл тұнған Қаламыз, даламыз Ойлаймыз тойлаймыз Тақпақтап ән саламыз. Шерхан:Менде кітап аламын Менде оқуға барамын Жаман бала дегізбей Жақсы оқитын боламыз. Айбар:Жас көңілге егін еккен Ақыл, Білім дәнін секкен Қараңғы ойға сәуле төккен Сенің ықылас құштарымыз Ақылщымыз ұстазымыз Нұркелді:Әр қадамын Әр ойын Өсіргендей шәкірт ойын Кең ашылған құшақ қойып Өту қиын ұқсам шынын Бар еңбегі ұстазымның Жансая:Үлкен сенім жүктеп алып Мектепке кетіп барамыз Тәрбиешім өзіңменен Қоштасу әнін саламыз Даниел:Бала бақша есігін Үшке тола ашқанбыз Едік аппақ нәресте Көп – көп бөбек көргенде Жұбанғаным есімде.
Ортаға
«Білгішбек» келеді Сол кезде
велосипедпен Жалқаубек келеді 2-Тәрбиеші: Ау,
Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл
мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын,
сенде талпынуың керек емспе? 1-Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің. Білгішбек: Апай
мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба: 2-Тәрбиеші : Ал
Жалқаубек қалай екен біздің балалар? Жалқаубек: Ой
балалар енді менде жалқау болмаймын сендермен мектепке баруға
дайындалайын?
Би: «Жалқаубек»
1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар. Тәрбиеші: Ән мен күйді төгілтіп Інжу маржан шашайық Қонақтарды тамсандырып Өнерден шашу шашайық Ән: «Көңілді күн»
2-Тәрбиеші:Айтысты сіздер көріңіз Өнерге баға беріңіз.Бекзат пен Аянаны қошеметпен ортаға шақырамыз.
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген