15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қоштасу кеші: "Аттандық бала шақтан, болашаққа"
Күні: 19.05.2017жыл.
Келісілді:
Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Молдашева М.Т.
Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан, болашаққа».
Мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерін ата-аналарына көрсету, бір-біріне деген сыйластық сезімге тәрбиелеу.
Жүру барысы:
Зал әсем шарлармен, ойыншықтарман және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.
Тәрбиеші: Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, кішкене бүлдіршіндер! Бүгін міне мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, даярлық тобына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке. Ендеше 4 – жастық шағын орталық тобының «Аттандық бала шақтан, болашаққа» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Айдын: Арнұрзат:
Құрметті қонақтар, армысыздар Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Бәріңіз де есен-сау бармысыздар, Қоштасатын кешімізді бастайық
Таусылмастай ағытып ой-арманның, Жүздеріңнен көрем шаттық арайың
Ал достарым, ақ жол тілеп сөз бастағын. Болсын солай әр бір күнің, айың.
Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар даярлыққа,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Қуанышты бүгінгі,
Құтты болсын тойларың.
Айдын:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жар салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: «Бала тілегі». Орындайтын: Қайратқызы Асылай.
Айсұлтан:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғанышы,
Балғын сәби жастықтың.
Ұлданай:
Қуанамыз, сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін,
Мақсат:
Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Хор: «Қош бол, әсем бақшамыз».
Жанел:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар,
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын.
Қуанышбек:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Шағынменен қоштасып,
Даярлыққа барамыз.
Спандияр:
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Тәрбиеші: Балалар қалай қарайсыздар, ойын ойнасақ қайтеді. Ендеше «Йә, жоқ» ойынын ойнап көрейік.
-
Даярлыққа барамыз ба?
-
Кілең бестік аламыз ба?
-
Айтқан тілді аламыз ба?
-
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
-
Ақылды бала боламыз ба?
-
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
-
Ертеңгісін ерте тұрамыз ба?
-
Ойыншықтар мен ойнаймыз ба?
-
Сабаққа бармаймын деп жылаймыз ба?
-
Ұқыпты оқушы боламыз ба?
Жарайсыңдар балалар! Келесі кезекте әсем биді тамашалайық.
Топ балаларының орындауында: «Көңілді би».
Көрініс: «Жаңа сөмке»
Тәрбиеші:
Биік те, емес аласа,
Бір сөмке тұр жараса.
Қызыққандар кіре алмай,
Сыртында жүр таласа.
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған,
Құлпын ашып көрейік,
Нелер барын білейік.
Тук, тук, тук
Кіруіме бола ма?
Әлде біреу тұра ма?
Әрине ешкім тұрмайды,
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді,
Сөзімді сол жалғайды.
Мұхамедияр: (пенал)
Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай сөмке емес тегінде,
Болса болар тек қана
ертегілер елінде.
Жақынырақ барайын,
Ішіне көз салайын,
Кім тұрады бұл жерде,
Жайын біліп алайын.
Тук, тук, тук
Бола ма екен кіруге?
Кім тұрады білуге,
Жауапсыз қалды сұрағым,
Онда өзім тұрамын.
Тәрбиеші:
Енді сауат ашу келеді
Жаңа сөмкені көреді.
Асылай: (Сауат ашу)
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін,
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер,
Бірге өмір сүрейін.
Тәрбиеші:
Есікті ашып осы сәт,
Пенал шықты ақылды.
Сауат ашуды өзімен,
Бір тұруға шақырды.
Мұхамедияр: (пенал)
Кел кітабым, бас қосайық,
Бірге тұрып достасайық.
Тәрбиеші:
Жүгіріп дәптер келді де,
Кіргісі келіп ішіне,
Қарайды ол да телміре.
Нұрлыбек: (дәптер)
Жазу жазар болса кім,
Онда мен де керекпін.
Кіргізіңдер мені де,
Бір тұрайық демекпін.
Тәрбиеші:
Сауат ашу жөн көрген
Адал досты.
Қатарына дәптерді жедел қосты.
Түрлендіріп бір-бірін,
Достарды күтіп алыңдар,
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі-түсті қаламдар.
Пайда болды «4»-тік те,
Көп ұзамай «5»-тік те,
Айтып жатты жарысып,
Өз ойларын естірте.
Нұрдәулет:
Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде.
Көңіл сиса сиямыз,
Тар болса да ұямыз.
Ерхан:
Оқушының бәрі де,
Мені жақсы көреді,
Сөмкенің дәл төрінен,
Маған орын береді.
Арнұрзат:
Жақсы оқитын балалар,
«4»пен «5» -ті алады.
Ұқыпты, өзі ынталы,
Тәрбиелі болады.
Тәрбиеші:
Міне осылай сөмкенің,
Лезде іші толып кетті.
Арттарынан жүгіріп,
«2»-лік те келіп жетті.
Айдын:
Сөмкем мені қалдырмай,
Кіргізіп ал ішіңе,
Жалқауларға жайлымын,
Жалынбаймын үшіңе.
Тәрбиеші:
Сұрланып босағадан пенал шықты
Ұрысып екіні жерге жықты.
Мұхамедияр: (пенал)
Сөздеріңді жөн көретін,
Бізді ақымақ деп пе едің.
Балалардың досы мықты,
Сендерсіз-ақ күн көретін.
Тәрбиеші:
Кіргізбей екіні,
Сарт етіп есік жабылды.
Оқушы екен иесі,
Міне өзі де табылды.
Ықылас: (оқушы)
Мен іздеген сөмке,
Іздеп жүрсем алыстан,
Шыға келді алдымнан.
Ант беремін уәде айтып,
Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Тәрбиеші:
Оқушы қарап түсінді
Сөмкесінің мән-жайын.
Кішірейіп бала қолыңды,
Жүгіруге тұр дап-дайын.
Барлығы бірге:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Ән: «Домбырасыз ән қайда» Орындайтын: Абилхайр Мұхамедияр.
Тәрбиеші:
Келесі кезекте бүлдіршіндеріміз тобымызға келіп бізге жақсы көңіл-күй сыйлап жүрген ағай-апайларына ризашылықтарын білдіреді.
Жазира:
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай,
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер
Алма апайға мың алғыс!
Аңсар:
Жайдарлы жүз ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап,
Тобымызға жиі кеп,
Мерекеде құттықтап,
Ақыл айтып тұратын,
Әлия апайға мың алғыс!
Айдын:
Үйренгенбіз біз өнер,
Шетімізден шеберміз,
Бал татыған әндерді,
Мың бұралған билерді
Үйреткен ағайға мың алғыс!
Хор: «Тәрбиеші апай».
Тәрбиеші: Ендігі кезекте балалар, біздер осы екі жыл ішінде алған білімдерімізді тексеріп көрейік.
Ол үшін бізге мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері бірнеше тапсырмалар ала келіпті. Кәне орындап көрейік. Шарларды жарып, берілген тапсырмаларды орындайды.
Бибигул апай:
І-тапсырма: Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Призедентіміз кім?
ІІ – тапсырма: Елордамыз қай қала?
ІІІ - тапсырма: Рәміздерімізді ата?
IV – тапсырма: Өзің тұратын мекен жайыңды ата?
V – тапсырма: Өткен тақырыптарыңнан бір өлең шумағын оқып бер?
VІ- Жылдың неше мезгілі бар және әр жыл мезгілі неше айдан тұрады?
Айдана:
Бес қонжық орманда
Бара жатты қорбаңдап
Бірі олардың шаршады
Әрі қарай бармады.
Жауабын қане, тез айтшы,
Қанша қонжық кетті алда?
Ұлпа жүнін қыздырып
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына,
Келді тағы төрт күшік
Нешеу болды, сен сана
Екі бірден көп ал бір...
Сен аяғыңмен жүресің, ал затты немен ұстайсың...
Тышқан мысықтан кіші болса, онда мысық тышқаннан...
Егер үстел орындықтан биік болса, орындық үстелден...
Тас мақтадан ауыр болса, мақта тастан...
Кітап қалың болса, ал дәптер...
Жарайсыңдар балалар! Ендеше кім маған 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап береді?
Тәрбиешілер рахметін айтып қоштасады.
Келесі кезекте «Қоштасу вальсі».
Осымен шағын орталық 4-жастық тобының қоштасу кешін аяқтаймыз. Сәт
сапар, бүлдіршін!
Назарларыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген