жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қосу амалына берілген есептер
|
Пәні: математика |
Мектеп: «Қаржан» жалпы орта мектебі |
|||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
Жандарбаева Толкын Исаховна |
|||||
|
1 сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қосу амалына берілген есептер |
|||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары |
1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; есепті сызба, сурет, қысқаша жазбаша түрінде модельдеу |
|||||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: есептің құрылымын біледі |
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: есепті сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді және шығарады; |
||||||
|
Кейбір оқушылар: есептер құрастырады және шығарады, есепті шығару үшін тірек сызбасын таңдайды. |
||||||
|
Бағалау критерийі
|
Оқушылар: қосуға арналған есептерді талдауды және шығаруды меңгерту, есепті шығаруға арналған сызбаны таңдауды үйрету |
|||||
|
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: есеп, шарты, сұрағы , шешуі, жауабы |
|||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлеу дағдалары дамиды |
||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: 1) Есептің негізі бөліктерін ата 2) Белгісіз бүтінді табу үшін не істейміз?
|
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Рухани жаңғыру «Туған жер» жобасы
|
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, көркем еңбек |
|||||
|
АКТ қолдану |
Интербелсенді тақта |
|||||
|
Алдыңғы оқу Есептің құрылымын біледі, есепке сәйкес сызба сызады |
||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 10 мин |
Қызығушылығын ояту: Қол ұстасу арқылы психологиялық ахуал орнату Оқушыларды топқа бөлу 1 – топ «Теңдік» 2 – топ «Теңсіздік» 3 – топ «Теңдеу» Бізде қонақта «ТИІН» Оқушылардан тиін туралы не білетіндерін сұрау, пікірлерін, ойларын тыңдау «Миға шабуыл» әдісі: «Дұрыс, бұрыс» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу
|
«Математика» әдістемелігі |
||||
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
Мағынаны тану Сабақ есепті талдау мен шешуге бағытталған. Бұл сабақта оқушылардың есептің құрамдас бөліктерін, яғни шарты, сұрағы, шешуі және жауабы түсінігін бекітеді. Есепті шешу тәсілдері сызбалар негізінде құрылады.
«Кір жинау» әдісі. Оқушылар берілген суреттерді өздері таңдап, сол бойынша есептер құрастыру. Есептің шартын бірінші оқушы таңдап алынған суреттерге байланысты құрады. Екінші оқушы есептің сұрағын айтады және келесі оқушы есептің жауабын табады. Есептің сызбасын слайдты пайдалана отырып түсіндіру. Бүтінді табу үшін бірінші бөлік пен екінші бөлікті қосу арқылы табатынымызды ұғындыру
Топтық жұмыс. Берілген есеп бойынша сәйкес сызбаны тауып, есепті шығару. Нұргүл мен Самат қолдан бұйым жасау үшін қарағай бүршіктерін терді. Нұргүл 10 бүршік, ал Самат 8 бүршік терді. Балалар барлығы қанша бүршік терді? 1) Топтық жұмыста балалар қарағай бүршіктерін есептің шарты бойынша жапсыру тапсырмаларын орындайды. 2) Логикалық тапсырма. Осы есепті шарты бойынша 3 үлгі сызба берілген. Сол сызбаны дұрыс таңдап таба білу тапсырылады Сергіту сәтін өткізу Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. Дәптермен жұмыс Берілген есеп бойынша шешуін, жауабын табу және сәйкес сызбасын сызу
|
Оқулық Дәптер |
||||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
Жұптық жұмыс арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау, тиянақтау. Оқушылар жұппен бірлесіп, есепте берілген қатені тауып, есепті шығарады. Әлия тиіннің жемсалғышына алдымен 7 жаңғақ, артынан тағы да 10 жаңғақ салды. Әлияда қанша жаңғақ қалды? «Білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс жасау
|
|
||||
|
Саралау 1. Логикалық тапсырмалар 2. Деңгейлік тапсырмалар
|
Бағалау 1. Жұптық бағалау 2. Өзін-өзі бағалау 3. Мұғалімнің бағалауы |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 1. Сабақ үстінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері 2. Жеке бас гигиена ережелерін сақтау 3. Сергіту сәті |
||||
|
Рефлексия 1. Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? 2. Бүгін оқушылар нені үйренді? 3. Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? 4. Дифференциацияны жүзеге асыру қолынан келді ме? 5. Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? 6. Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
|
|||||
|
Қорытынды бағамдау: 1. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? - - 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(сабақ беру және оқытуға қатысты)? - - 3. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? - |
||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген