Ересек «Бота» тобының
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Нұр-Сұлтан
қаласы
№23 «Алтын
бесік»
Балабақшасы
Тәрбиеші: Бохай
Р
«Таным »
білім беру саласының
ұйымдастырылған оқу қызметі.
ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Айналамыздағы өсімдіктер»
Тақырыбы: азайту. Азайту амалын көрне-кілік негізінде
түсіндіру. Жиын. Элемент. Топ. Белгілі бір белгісі бойынша жиынның
бөлігін бөліп алу. «-» таңбасы.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Тәртіпке, реттілікке үйрету.
Дамытушылық: Балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен
есте сақтау қабілетін дамыту;
Оқыту: Азайту амалының мәнін ашу, таңбаны қолданысқа
енгізу;
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын
технологиясы, денсаулық технологиясы; Восьмерка технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлестірмелі материалдар; суреттер, дәптерлер,
презентация
Билингвалдық
компонент: Азайту-минус;
1.
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің
барысы:
Балалар кім маған айтады неше жыл мезгілі
бар?
Дұрыс төрт. Тақтаға қарап не көріп тұрсыңдар? Дұрыс сандар. Оларды
санай аламыз ба?
1-5
ке дейін сандарды тура және кері
санау.
2.Негізгі
бөлім
Ой қозғау
«Сан
тастамақ» ойыны.
Тура және кері санау
0,1,2,3,4.
4, 3, 2, 1,
0
Үш тілде санайықшы.
Жарайсыңдар.
Балалар тақтаға назар аударайықшы. Бұл қандай таңба?
Дұрыс ол «+» таңбасы. Бұл таңба туралы не білеміз? Оны жаза аламыз ба?
Жарайсыңдар.
1-тапсырма:
Санамақтар
сыры
Ал, санайық, санамақ
Саусақтарға
қарап – ап
Қане, барің
саналық,
Санын біліп
алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы
саусағым
нешеу?(5)
2-тапсырма: Жаңа
оқу
қызметі «-» таңбасымен таныстыру.
Суретпен жұмыс.
Тақтаға суреттер іледі, бірнеше балалардан
суретте не көріп тұрғанын сұрайды.
Яғни бұдан қорта айтқанда, мынадай ұғым қалыптасады. Келді, қосылды, ұшып келді деген сөздерді «+» таңбасымен алмастырамыз.
Мысалы:
2+1=3
1+3=4
Ал ұшып кетті, түсіп қалды деген сөздерді «-» таңбасымен
алмастырамыз.
Мысалы: 5- 2=3
Сергіту
жаттығуы:
Кел санайық
санамақ
Саусақтарды даралап
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек кезекші
Шылдыр шүмек көмекші
Шынашағым балапан
Бәріне ортақ алақан
3-тапсырма:
Логикалық
тапсырмалар.
-Гүлдерге кеп
күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 4 туысын,
Ертіп ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара?
(5)
Алдында үш
балапан,
Артында екі
балапан,
Ақ тауық пен
балапан,
Айтшы санын,
балақан? (5)
Дәптермен
жұмыс.
3.Қорытынды
- Балалар біз бүгін қандай сандар туралы
айттық?
Қандай таңбамен таныстық?
-Қорытындылау. Балаларды мақтап-мадақтау. Көрме
жасау