400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау. Үш таңбалы сандарды, жазбаша қосу және азайту амалдарын орындату.
Дамытушылық
: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын дамыту . Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту. 
Тәрбиелік:балаларды адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа,отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері : топтастыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс істеу, бекіту. 
Сабақтың көрнекілігі: поезд, слайд,үлестірмелі дидактикалық материалдар. 
Жоспар: 
І. Ұйымдастыру кезеңі  5минут
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру  5минут
ІІІ. Жаңа сабақ 20минут
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту 5минут
Ү. Қорытындылау, бағалау 3минут
ҮІ. Үйге тапсырма 2минут
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Мен саған, сен маған» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. 
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. 
М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар? 
О: Шығайық 
М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма? 
О: Дайынбыз. 
М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар? 
О: Поезбен 
М: Тәуелсіздігімізге 26 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын. 
- Бірақ поездге міну үшін біздерге не қажет? 
О: Билет қажет 
М: Олай болса кассаға келіп билет алыңдар. Қандай нөмерлі билет алдыңдар сол нөмерлі вагонға барып отырыңдар 
Құрметті жолаушылар сіздерге : «Сәт сапар!» тілейміз. Жолаушы, азаматтар №11 орта мектептің бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы тұр,сақ болыңыздар!

Поезд «Іргетас» бекетіне келді.  «Іргетас» бекетінде берілген өлең жолдарын оқып көңіл-күйлеріңізді көтеріңіздер. 
Кел,балалар, ойнайық. 
Ойнайық та, ойлайық. 
Қандай есеп болса да. 
Шешпей оны қоймайық. 
Алға қарай самғайық, 
Екілікті алмайық. 
ІІІ.Жаңа сабақ 

1.Поезд жүріп «Қабырға» бекетіне келді. 
М: Балалар,бүгін қайталау сабағында үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындаймыз. 

№1 «Қосындының және айырманың мәнін тап»

«Қабырға» бекетінің тапсырмаларын орындайды.

Тақтамен жұмыс

234+625=859 214+429=643

859-234=625 643-214 =429


459+386=845 247+563=810

844-459=385 810-247=563


354+326=680 627-214=413

438+122=316 810-215=595

Дұрыс жауабын слайдтан тексеру. Оқушылар «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

М: Енді келесі бекетке жылжып көрелік. 
3.Поезд қозғалып келесі «Терезе» бекетіне келеді. 

№2 Топтық жұмыс

І-вагон 
а)Сенбіде балалар саябағына 427 адам, ал жексенбіде сенбіге қарағанда 153 адам артық келді. Демалыс күндері балалар саябағына неше адам келді?

Ш:
ІІ-вагон 
ә)Зообақта 119 тотықұс бар. 8 торда 7 тотықұстан және бірнеше торда 9 тотықұстан болды. Неше торда 9 тотықұстан болды?

Ш:
ІІІ-вагон 
б) Театр кассаларында балалар қойылымына 60 билет және үлкендер қойылымына 30 билет сатылды. Билеттерді 3 мектеп тең бөліп сатып алды. Әр мектепте неше билет алды?

Ш:

«Екі жұлдыз, бір тілек әдісі» арқылы бағалау

Сергіту сәті: «Пішіндер» әні
4.Поезд жүргелі тұр сақ болайық! Жолаушы азаматтар «Тәуелсіздік поезды» 
«Есік» бекетіне келіп тоқтады.

№3 «Жұптық жұмыс» әдісі

Тік төртбұрыш пішіндес айнаның ені 4 м, ал ұзындығы одан 2 есе артық. Айнаның периметрін және ауданын тап.

5. «Тәуелсіздік поезды» математика әлеміне саяхатты жалғастыруда. 
Поезд қозғалады келесі «Шатыр» бекетіне келеді.
№4 Есепте«Кім жылдам?» ойыны
1 – вагонға -----------------2-вагонға----------------3-вагонға . 

6*5-16/2*3+49=55 4*3+24/3+18/2*9=101 6*8+23-24/4=65

32/8*4+48/6/2*5=36 48/6*4+6*9-26=60 35/7*5+4*7-16=37

Әр оқушы (Жұлдызша) арқылы бағаланады

6.Поезд 1-ші жолдан қозғалғалы тұр сақ болыңыздар! «Тәуелсіздік поезды» «Құбыр» бекетіне келді.

№5 Логикалық тапсырмалар «Интервью әдісі»

1.Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? 3

2.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3

3.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұшжеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? 1

4.8 жұмыртқа 4 минутта піседі. 16 жұмыртқа неше минутта жұмсады?4

5. Таразы табақшасына екі аяғымен тұрғанда тырнаның массасы 6 кг болады. Тырна екі аяғымен тұрса, оның массасы қандай болар еді? 6кг



7.Поезд қозғалып «Ағаш» бекетіне келіп тоқтады.

Жаңа сабақты бекіту. Тақтамен жұмыс
І-вагон ІІ-вагон ІІІ-вагон 
1сағ 19мин = 79мин 3тәул. 12сағ= 84сағ 28сағ= 1тәул.4 сағ

2сағ 19мин= 139мин 2тәул. 7сағ= 55сағ 30сағ=1 тәул.6 сағ

8.Поезд тағы да жолға шықты. Поездымыз «Күн» бекетіне келіп тоқтады.

"Вагон ішін аралау" Бір оқушы сан жазады,сол санды ары қарай жазып баған түрде есептер құрастырып, дұрыс жауаптарын шығарады.

98-38=59 37+24=61 35+33=68

27+57=84 69+27=96 83-42=41

Әр оқушы бағаланып отырады.

Поезд №11 орта мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік поездымен математика елінің бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерлерімізді жинақтайық. 
1-бекеттен Ірге тасы берік қаланған елді көрдік. Олардан іргетас әкелдік. 
2-бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық 
3-бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік. 
4-бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық 
5-бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық 
6-бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық 
7-бекеттен Жайқалған жасылелді көріп, ағаш ектік. 
8-бекетте Білімді балаларды көрдік. 
9-бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік 
10-бекетте Жарқыраған күнді көрдік. 
Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй 
құрастырдық.Оқушыларды бағалайық.
ҮІ.Үйге тапсырма: 115бет №6/1-7 Теңдіктер тура болатындай етіп, жақшалар қой.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі