400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қосу мен азайту 23+7, 30-7"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қосу мен азайту 23+7, 30-7"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Сақтандырғыш рең

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сақтандырғыш рең, оның маңызымен таныстыру. Жануар, аң – құстар мен жәндіктердің жауынан қорғануы туралы сөздік қор, логикалық ой – өрісі мен түсінігін, тілін дамыту. Тірі табиғатты бақылай білуге, қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, талдау – жинақтау, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Қима қағаздар, үлестірмелер, слайдтар, «Табиғат даусы» әуен, «Негеш» энциклопедиясы, «Көріңіз қызық. Төл атаулары» видео ролик

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық

Балалар, біз сынып сағатынан білеміз биылғы 1 – наурыз күні Елбасының жарлығымен қандай күн деп жарияланды? Неге солай аталған?

Иә, біздің көп ұлтты мемлекетіміз қиын кезде басқа ұлттарға пана болған, сондықтанда бұл күн халықтар достығы, ынтымағы ретінде «Алғыс айту» күні деп белгіленіпті. Ал біз кімге әрқашан алғыс айтуға міндеттіміз? Не үшін? (оқушылар жауабы)

Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызды да Луиза Хейдің «Ризашылық әнімен» бастайық. Бәрі:

Ризамын бүгінге

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Рахмет. Балалар, біз өткен тоқсанда сабағымыздың соңында қандай тақырыптармен таныстық, онда не туралы біліп едік. Ендеше балалар, біз бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбымен мына ребусты шешу арқылы таныссақ.

Ребус шешу:

Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сақтандырғыш рең». Дәптерімізге тақырып пен бүгінгі күн ретін жазып алайық.

Ал енді балалар, жазып болсақ, қалай ойлайсыңдар? Сақтандырғыш рең дегенді қалай түсінесіңдер? Ол не үшін қажет? (Оқушылар ойын әңгімелету).

Слайдтар бойынша жұмыс. Оқушыларға сақтандырғыш рең және бүркеніш рең туралы түсіндіру. «Негеш» энциклопедиясы бойынша жұмыс. 179 – 183 беттер.

Мәтінді оқыту, түсініктерін әңгімелету, сұрақ – тапсырмалар бойынша жұмыс.

«Сиқырлы геометриялық фигуралар» топтық жұмыс ойыны бойынша қағаз қиындыларынан сурет құрастырып, ондағы тапсырмаларды орындау, жұмбақтарды шешу. Балалар «Табиғат даусы» әуені біткенше дайын болуы қажет. Әуен тоқтағанда әр топ жауабын айтады.

1 – топ: Еріншекті, еміншекті, аямайды, қаламайды, шағады. Мұны кім табады? (ара) Шегіртке суретін құрау және жұмбақ шешуіндегі жәндік туралы әңгімелеу.

2 – топ: Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай – ақ (қоян) мысық суретін құрастыру, ол туралы және жұмбақ шешуіндегі жануар туралы әігімелеу

3 – топ: Жол үстінде егіз өрім,

Қамшы жатыр сегіз өрім (жылан) қанқыз суретін құрастыру, ол туралы және жұмбақ шешуі туралы әңгімелеу.

Видео ролик «Көріңіз қызық. Төл атаулары» көрсету.

Егер уақыт жеткілікті болса төмендегі тестік жұмысты орындату: (ауызша)

1. Аюдың тұрағы:

А) ін ә) қора б) апан

2. Жануарларға не керек?

А) қора, тау, өзен, шөп ә) ін, ауа, дала, тері б) ауа, су, жылу, қорек, жарық.

3. Жыртқыштар:

А) қоян, суыр, борсық, тиін ә) жолбарыс, аю, қабылан, барыс.

Б) жылан, кесіртке, тышқан, қосаяқ

Қорыту: Ал балалар, біз сонымен бүгін қандай тақырыппен таныстық. Онда не туралы білдік. Өздеріңнің үйде оқулықта жазылмаған басқада жан – жануар, аң – құстардың жауларынан қалай қорғанатындығы жайлы естіп, білгендерің бар ма? (әңгімелету)

Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Үйден 93 – 95 – беттерді оқу, өз беттеріңмен жануарлар жауларынан қалай қорғанып, сақтанатындығы жайлы іздеп, оқып материалдар жинақтап келіңдер.

Пән мұғалімі: Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі