жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қосу мен азайтудың байланысы
Сабақ тақырыбы: |
Қосудың шаршы түріндегі кестесі |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;
“+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады. |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
қосудың демонстрациялық шаршы түріндегі кестесі; қосудың шаршы түріндегі кестесінің сызбасы дайындалған А1 форматты парақ; әрбір оқушыға арналған жеке қосу кестесі; қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастыруға арналған таза қағаздар; ламинатталған қағаздар және маркерлер. |
|||||
Тірек сөздер |
“+”, “–”, “=” таңбалары |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Сандарды қосу үшін бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастырып пайдалана білуді үйрету; бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесінің көмегімен есептеу дағдысын қалыптастыру. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Сабақ бір таңбалы сандарды қосу кестесінің жобасын құруға бағытталған. Осы әрекетке қатыса отырып, оқушылар бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесінде сандарды байланыстыру принципін түсінеді, 20-ға дейінгі сандарды қосудың нәтижесін тауып үйренеді. Сабақты ауызша санаудан бастаңыз. Ол үшін презентация немесе парақшада жазылған мысал дайындаңыз. Оқушыларға жұмыс жасау үшін жеке қосу кестесін таратып беріңіз. Ауызша санау мыса-лына жауапты оқушылар ламинатталған қағаз бетіне жазып және оны сыныпқа көрсету керек. Ауызша санау барысында оқушылар кестеден тиісті мысалды қалай табатынын анықтаңыз. Кестеден керекті баған мен жолды анықтау әрекетінің ретін қайталаңыз. Оқушыларға бір таңбалы сандарды қосудың мысалына ғана жауап жазылған кесте құрастыруға болатынын айтыңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Егер кестеде барлық мысал реттелген болса, яғни белгілі бір бағандарға және жолдарға жазылған болса, онда бұл бағандар мен жолдарды нөмірлеп, жаңа кесте құрастыруға болатынын хабарлаңыз. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға осындай кесте құрастыруды ұсыныңыз. Осы мақсатпен тақтаға кестеге арналған шаршы сұлбаны, ал оқушылардың әрбір жұбына осыған ұқсас кішілеу көлемді сұлбаларды таратып беріңіз. Оқушыларға кестедегі бағандарды 1-ден 9-ға дейін сан ретімен қойып, қалай нөмірлеу керек екенін көрсетіп беріңіз. Оқушылардан кес-тедегі жолдарды қалай нөмірлейтінін сұраңыз. Олар-ға бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.
Оқушылардан 1+1, 5 + 5; 9 + 6 мысалдарының мәнін тауып, өз кестелеріне жазуын өтініңіз. Оқушылардың әрекеті дағдыланған алгоритм бойынша орындалуы тиіс: мысалдағы бірінші нөмір — бұл бағанның нөмірі, мысалдағы екінші нөмір — жол нөмірі.
|
Әр жұпқа өз кестелерінің 2 бағанын толтыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін олардың тапсырманы қалай тез шешіп және өз кестелері ұяшықтарын тез толтыруға болатынын сұ-раңыз. Оқушылар кестедегі мәндердің рет-ретімен орналасатыны туралы қорытынды жасауы керек. Әрбір келесі мән алдыңғы саннан бір бірлікке артық, яғни сандық сәуледегідей әрбір келесі сан алдыңғы санға 1-ді қосқанда шығады.
Оқушыларға қосу кестесін аяғына дейін толтыру-ға мүмкіндік беріңіз. Жұмыс барысында қиындыққа кездескен оқушыларға көмектесіңіз.
Ойлан. Тапсырманы жұппен орындауды ұйым-дастырыңыз. Оқушыларға кестені қарап шығып, онда барлығы қандай сандар жазылғанын анықтауды ұсыныңыз. Жауабы: кестеде 10 әртүрлі сан жазылған: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Қосындының мәнін қосу кестесінің көмегі-мен тап. Берілген тапсырма қосудың шаршы түрін-дегі кестесін мысалдарды шешу дағдысын бекітуге қолданылады. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.
Шығарып көр. Tапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Бұл үшін оқушыларға қосу кестесінің шағын суреттерін таратып беріңіз немесе сабақтың басында құрастырылған кестелерді пайдалануды ұсыныңыз.
Оқушылар мысалдағы қалдырылып кеткен сан-дарды анықтап, оларды ламинатталған қағаз бет-теріне жазуы керек.
Өзара тексеру өткізу үшін оқушы жұптарына беттерді алмастырып, нәтижелерді салыстыруды өтініңіз. Жауабы: түсіп қалған сандар: 4; 2; 10.
Орындап көр. Жұмысты топпен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушылардан кестедегі тапсыр-маны қарап шығуын өтініңіз. Бұл тапсырмада қосу нәтижесінің орнында бос ұяшықтар орналасқан кесте ұсынылады. Оқушылар саны бар кестені тапсырма кестемен сәйкестенді-ріп, әрбір үй қай санның орнында тұрғанын анық-тауы керек. Топтағы жұмыс нәтижесін бекіту үшін оқушыларға осыған ұқсас толтырылмаған кесте сызбаларын немесе ламинатталған қағаз беттерін ұсыныңыз. Жұмысты орындағаннан кейін сынып оқушыларымен талқылау жүргізіңіз.
|
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||||
Өткен сабақта меңгерген тірек сөздерді бекіту үшін ойын өткізіңіз. Ол үшін қосу кестесін пайдаланыңыз. Қосу кестесінде кейбір цифрлардың орнына тірек сөз-дердің әріптерін жазыңыз. Бұл кестелерді оқу-шыларға таратып беріңіз. Қай сан әріптің артына жасырылғанын анықтауды және бұл санды әріп-тің жанына жазып қоюды ұсыныңыз. Осылайша, оқушылардың айтып дағдылануы тиіс тірек сөздің шифры пайда болады. |
Түсіп қалған сандарды орнына қой. Оқушылар қосу кестесінің бөліктерін қарап шығуы керек. Бұл бөліктер баған нөмірінен, жол нөмірінен және толтырылуы тиіс бос ұяшықтан тұрады. Оқушылар қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша баған мен жол нөмірлеріне сүйене отырып, қалдырылып кеткен сандарды табатын болады. Қосу нәтижелерін бос ұяшықтарға жазып қою керек. Қосудың бірдей нәтижелері жазылған кестенің ұяшықтарын оқушылар бір түспен бояуы керек.
Сандарды тап. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әріптің артында қай сан жасырынғанын анықтауы керек. Тапсырмаға жауапты оқушылар мысал түрінде жазуы керек. |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: бір таңбалы сандарды қосудың кестесін құрастыруды; қосу үшін бір таңбалы сандардың қосу кестесін пайдалануды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз: — Қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша санау нәтижесін қалай табуға болады? — Қосудың шаршы түріндегі кестесіндегі ең кішкентай сан қандай? — Қосудың шаршы түріндегі кестесінде ең үлкен сан қандай? — Қосу кестесінің көмегімен 8 + 2 қанша болатынын тап. — Қосу кестесінің көмегімен 6-баған мен 3-қа-тардың қиылысындағы санды табыңдар. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Қосу мен азайтудың байланысы |
Мектеп: |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
|||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі; 0 және 1-дің қасиетін қолданады; бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады; “+”, “–”, “=” таңбасын қолданады. |
||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
|||||
Ресурстар: |
“Сиқырлы” дорба; 4 адамнан тұратын оқушылар тобы үшін: мы-салдар құрастыру үшін өзара байланысқан үш сан жазылған А4 форматты көлемі 1/4 тең па-рақшалар; мысалдар жазуға арналған парақша; оқушылардың әрқайсысына нүктелер қойылған қатты қағаздан жасалған доминоның парақ-шалары. |
||||
Тірек сөздер |
амалдардың компоненттері. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
Компоненттердің өзара тәуелділігі негізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байла-нысты орнату. |
||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
||||
Сабақ компоненттердің өзара тәуелділігі не-гізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байланысын анықтау мақсатына жету үшін қоры-тындылау сабағы болып табылады. Сонымен қатар бұл сабақ “қосудың ауыстырымдылық заңы” түсіні-гін енгізу үшін дайындық кезеңі болып табылады. Сабақ барысында оқушылар ойын формасында қосу және азайтуға өзара кері мысалдардың төрттігін құрастырып үйренеді, қосу және азайту амалдары өзара байланысты екенін және олардың нәтижесінің пайдаланылған компоненттеріне байланысты екенін анықтайды. Мысалы, 8 + 2 =10 өрнегіне кері мысал құрастыруға болады. 10 – 2 = 8. 10 – 8 = 2. Кіріспе тапсырма. Оқушыларды сабаққа ын-таландыру мақсатында ойын әдісін пайдаланыңыз. Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөліңіз. Үстел үстінде ойналатын ойын ойнауды ұсыныңыз. Сабақтың басында сандар салынған “Сиқырлы дорбаны” алыңыз. Әрбір топ дорбаның ішінен мысалдар құрастыруға болатын бір таңбалы сандар жазылған үш парақшаны алуы керектігін айтыңыз. Қандай амалдарға мысал құрастыруға болатынын сұраңыз: қосуға немесе азайтуға ма? “Қосу және азайту өзара қалай байланысқан?” деген мәселелік сұрақ қойыңыз. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты осы сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз.
Ойын барысы: мұғалімнің белгісі бойынша топ-тағы әрбір оқушы бір мысалды жазып, оны келесі ойын-шыға береді. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты “Қосу мен азайту амалдары өзара қандай байланысқа ие?” деген сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз. Егер парақшада төрт мысал жазылған болса, ойын аяқталған болып есептеледі. Ойынды аяқтаған топ бір-бірінің қолдарынан ұстап, жоғары көтеріп, мұғалімге хабарлайды. Құрастырылған мысалдар сыныппен талқылау үшін тақтаға ілінеді.
Мысалы, егер оқушы: 7, 2, 9 сандарын алса, ол мынадай мысалдар құрастырады: 7 + 2 = 9; 2 + 7 = 9; 9 – 7 = 2; 9 – 2 = 7.
Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді. Топта оқушылардың назарын диалог жүргізуге аудару маңызды: — топтағы әрбір оқушының дауыс құқығы болуы; — әрқайсысының пікірі маңызды; — талқылау барысында дауыс көтеруге және қатты сөйлеуге болмайды; — тіл табыса, келісе білу дағдысы қажет. Диалог жүргізе отырып, оқушыларды орындаған тапсырмаға байланысты мынадай қорытынды жа-сауға жетелеңіз: қосу және азайту амалдары өзара байланысты. Қосудың әрбір мысалына қосумен орындалатын кері бір мысал және азайтуға екі мысал құрастыруға болады. Қосу (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) және азайту (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні) компоненттерінің атауын қайталаңдар. |
Қосу кестесі бойынша құрастырылған мысал-дарды қарап шық. Бұл тапсырманы орындау үшін
жалпы сыныппен жұмыс жүргізіңіз. Тапсырма алын-ған қорытындыны бекітуге бағытталғанын ескеріңіз. Оқушыларға тағы бір рет қосу кестесін талдаты-ңыз. Қосуға және азайтуға кері мысалдарды кесте бойынша қалай құрастыруды анықтауға жетелеңіз. Бұл тапсырмада модельдеу әрекетін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Амал компоненттерінің сызба-лық бейнесі және оларды бөліктер мен бүтін арқы-лы белгілеу мен азайту амалдарының өзара қалай тәуелді екенін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған. Бұл білімнің алдағы уақытта теңдеулер мен есептерді шешуге негіз болатынын ескертіңіз. Мысалды шығар: 4 + 3 = ? Тапсырма қосуға берілген бір мысалға тағы үш мысал: бір мысал қосу амалына, екі мысал азайту амалына құрастыруға болатынын бекітуге бағытталған. Оқушыларға оқулықта берілген үлгінің негізінде жұппен жұмыс жасау арқылы мысалдар құрастыртыңыз. 8 + 2 = 10 мысалына мынадай екі мысал құрастырады:
10 – 2 = 8. 10 – 8 = 2.
Қырықбуындар. Тапсырма қосу амалына беріл-ген мысалға кері азайту амалымен мысал құрастыра білу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар тап-сырманы орындау үшін, қосу кестесіне және қосу мен азайту амалдары арасындағы тәуелділікке сүйену керек.
Жауабы:
4, 4;
2, 7; 10, 6, 4.
Шығарып көр. Тапсырмада бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай орындайтын қосу мен азайтуға мысалдар келтірілген.
Берілген мысалдарды қосу және азайту амалдары арасындағы тәуелділікке байланысты білімдерін қолданып шығаруы тиіс. Жауабы: 11 – 2 = 9; 11 – 9 = 2. Орындап көр. Өзара кері төрт мысал құрасты-руға және оқушының байқампаздық қабілетін да-мытуға бағытталған тапсырма. Жауабы: бір мысал ғана келтіруге болады, себебі бірдей сандарды қостық. Мысалы: 5 + 5 = 10; 10 – 5 = 5.
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген