400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қосу мен азайтудың байланысы " 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәніне арналған сабақ жоспары. Бұл сабақ жоспары 1 сыныпқа арналып жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән

Математика

Бөлім

«Алгебра элементтері »

Бөлімше

Санды және әріпті өрнектер

Күні: 05.05.2018

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар:0

Мектеп

Екібастұз қаласы Майқайың ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: 

Алмагуль Сагындыковна Кушенчирекова

Сабақ тақырыбы

Қосу мен азайтудың байланысы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

1.2.1.1 сандық өрнектерді (қосынды, айырма) құрастыру, жазу, оқу, ажырату.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Cандық өрнектерді жазады, оқиды.

Көптеген оқушылар: Қосынды мен айырманы ажыратады, түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Қосынды мен азайту амалдарына санды өрнектерді құрастырады.

Бағалау критерийлері


- Қосу және азайту амалдарына санды өрнектер құрастырады және жазады.

- Қосынды мен айырманы ажыратады.

Тілдік мақсат

Қосу және азайту амалдарына санды өрнектер құрастыру және жазу.

Пән лексикасы және терминология:

Қосынды, айырма, санды өрнек.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері:

Қалай ойлайсың қосу амалына қандай санды өрнек құрастыруға болады?

Азайту амалына қандай санды өрнек құрастыра аласың?


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі карточкалар

Бастапқы білім

Оннан аттап қосу мен азайту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы















Сабақтың ортасы


Ұйымдастыру оқушыларды түгендеу назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал

Қане, достар ойлайық,

Ойымызды жинайық .

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу: Белгілері «+», «-», «=» арқылы бөлу

Әр белгіге сипаттама беру( қалай аталады, нені білдіреді туралы), белгілер арқылы 3топқа бөліп тақырыпқа шығу.

1-тапсырма ( Ж) «Миға шабуыл» әдісі.

Суреттер бойынша қосу және азайту амалдарына өрнек құрастырып жазыңыз және оқыңыз.







Дескриптор:

- сурет бойынша қосындыға өрнек құрастырып жазады және оқиды;

- сурет бойынша айырмаға өрнек құрастырып жазады және оқиды


Бағалау: «Ашық микрофон» әдісі



















Интербелсенді тақта
















































Саралау


















Сабақтың соңы









Саралау – Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?


Тапсырма, қарқын және қорытынды тәсілін сабақтың соңында жоспарлаймын.

№2.тапсырма:

(Ж) «Ойлаң, жұптас, бөліс» әдісі.

Қосындыларды қоршап сызыңыз.


10+ 4= 14 6+ 1= 7 5 - 4 = 1

9 - 0 = 9 8 - 3 = 5 7 + 2 = 9


Дескриптор:

- қосындыларды анықтайды және қоршап сызады

Бағалау: «Гүлдер» әдісі


№3.тапсырма:(Т) «Галереяны шарлау» әдісі.


Дескриптор:

  • Оқушылар қосу және азайту амалдарына санды өрнектер құрастырады және жазады.

Бағалау: «Графикалық» әдісі


Қорытынды, қарқын және тапсырма тәсілдері арқылы саралау. «Ішіне - сыртына» әдісі


  1. Қосуды және айырманы жікте.

  2. Қосуды және айырманы жікте, мәндерін тап.

  3. Мәні 8 болатын 6 мысалды сандық өрнек құрастыр.


13 – 3 12 + 3 16 - 3

5 + 4 10-7 3 + 6

9 – 6 13 + 4 2 + 8


Дескриптор:

- Қосынды мен айырманы ажыратады.

- Санды өрнектің мәнін табады.

- Берілген мәнге сәйкес санды өрнекті құрастырады.

Бағалау: «Қос шеңбер»

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?




Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?


«Гүлдер» әдісі

«Ашық микрофон» әдісі

«Графикалық» әдісі

«Қос шеңбер» әдісі

«Бес саусақ» әдісі






Үлестірмелі карточкалар








Оқулық бойынша























Shape1





Денсаулық пен қауіпсіздік сақтау шаралары
АКТ
Құндылықтар


АКТ мен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
1448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі