400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған оқу бағдарламасына сай жасалған, түрлі әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Сынып: 2 «б»

Күні: 09.10.19.

Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Мектеп: «№4 ЖОББМ»КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтқазина Б.С.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

2.1.2.3 қосудың аусытырымдылық.терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар: амалдардың орындалу тəртібін білу,екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектердіңмəнін табу,қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін түсінеді.

Оқушылардың басым көпшілігі: екі-үш амалды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданады.

Кейбір оқушылар: үш жəне одан да көп амалдарды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданады.

Бағалау критерийлері

-үш таңбалы сандарды оқи алады жаза алады және салыстыра алады.

-үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтай алады.

-разрядтық қосылғыштарға жіктей алады.

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар орындай алады: ережені түсіндіру, яғни бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, қосудың жазбаша тəсілдері.







Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тиімді есептеу тəсілі дегеніміз не? ...

  • Қосылғыштарды тиімді топтауға бола ма?

  • Сандарды ретімен жəне кері ретпен санай аласың ба?

  • Қай қосылғыштарды қосындысымен алмастыруға болады? Амалдардың орындалу тəртібін көрсете аласың ба?

Сіз неліктен ... екенін айта ала сыз ба?

-

Құндылықтарға баулу:

Оқушыларды ұлтжандылыққа ,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу,дүниетану,еңбекке баулу

АКТ


Алдыңғы білім:

100 көлемінде ауызша қосу және азайту

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


7 минут










І.Ұйымдастыру

-Амандасу

-Түгендеу

-Ширату:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-Балалар ,бүгінгі сабағымызға сәттілік!

Топқа бөлу: 1-топ.Үшбұрыш. 2-топ Төртбұрыш. 3-топ Шеңбер

Геометриялық пішіндердің көмегімен топқа бөлу.

Жасыл түс Қызыл түс Сары түс

- Ынталандыру.

Мұғалім күнделікті өмірде тиімді жəне тез есептеудің қажеттілігі туралы əңгімелейді.

- Тиімді есептеу дегеніміз не? (Шапшаң, қысқа жолмен, тез есептеу). Қосудың қасиеттері қолданылады.

Көп нəрселерді топтап есептеуге болады.






Геометриялық фигуралар




Сабақтың ортасы

23 минут


























Сергіту сәті

1 минут





Өзіндік жұмыс

7 минут


























Кері байланыс

2 минут

Жаңа сабақ.

Біз бүгін қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін білетін боламыз, тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдануды үйренеміз.

№1. Оқулықпен жұмыс. ТЖ

Менің сөмкем. «Ойлан,тап» ойыны

Сен қалай ойлайсың, егер қосу кезінде амалдардың орындалу ретін ауыстырса, нәтижесі өзгере ме, өзгермей ме?

Достарыңмен есепте. Әр сурет бойынша қосуға және азайтуға екі өрнектен құрастырып жаз. Барлығы неше қарындаш? Маркер нешеу?

А) 4+3=7

Ә) 2+7=9

Суретті пайдаланып өрнек құрастыр, олардың мәнін тап.

Қорытынды жаса.

3+2+1=6

Қ/Б:Шапалақтау әдісі арқылы бағалаймын.


№2тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны Жеке жұмыс

Есепте және жауабын тап.

7+50+20+3=80 4+44+6=54 15+1+9=25

2+5+10+40=57 8+80+2=90 8+2+70=80

4+40+10+6=60 30+5+5=40

Дескрипторы

  • қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданады;

  • жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəнін табады;

амалдардың орындалу тəртібін біледі

Қ/Б: «Бағдаршам» арқылы

Сергіту сәті

Жаза-жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

№3-тапсырма. «Кері есеп құрастыр»

Сызба бойынша есептер құрастыр.Кері есеп құрастырып, оларды шығар.

А) Қапшықта 60 қызыл және 30 сары түсті қарындаштар бар.Қапшықта барлығы қанша түрлі-түсті қарындаштар бар?


ҚShape1 ызы түсті-60

СShape2 ары түсті-30 ?

Шешуі:60+30=90(т.қ)

Жауабы:Қапшықта барлығы 90 түрлі-түсті қарындаш бар.

Суретшілер дүкеніне барлығы 30 жасыл және көк түсті қарындаштар алып келді.Оның 20-сы көк түсті қарындаш,сонда жасыл түсті қарындаш нешеу?

Шешуі:30-20=10 (ж.қ)

Жауабы:Жасыл түсті қарындаш 10.

Арманда барлығы 70 қызыл және көк түсті қарындаштары бар.Оның көк түсті қарындашы 10.Арманның қызыл түсті қарындашы нешеу?

Шешуі:70-10=60(қ.т)

Жауабы:Арманның 60 қызыл түсті қарындашы бар

Дескрипторы

-Сызба бойынша есептер құрастырып, кері есеп құрастырады.

Қ/Б:Жұлдызша беру арқылы бағалаймын.


Кері байланыс:


Не қиын болды? Не қызық болды? Не маңызды болды?








«Ойлан,тап»

ойыны




Суреттер














Сергіту жаттығуы






























Көңіл-күй смайлик

Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс








Рефлексия



- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі