Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Математика Мектеп: «№2 ЖББОМ» КММ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні:Абдраукова Жанар. 1 бөлім Сандар және өлшемдер. Қатысқандар саны: 1.2. Сандармен амалдарды орындау. Қатыспағандар саны: Күні: Сынып: 1 |
|
Сабақ тақырыбы |
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.2.3.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 мен 1 сандарының қасиетін қолдану. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Сандармен амалдарды орындауды біледі. Көптеген оқушылар: Қосудың ауыстырымдылық қасиетін,0 мен 1сандарының қасиетін біледі, жетекші сұрақтар арқылы талқылап, мысал келтіреді. Кейбір оқушылар:Қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0 және 1сандарының қасиетін қолданып, мысал келтіре отырып, өрнектің мәнін табады. |
Бағалау критерийлері |
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0 мен 1сандарының қасиетін қолданады, мысал келтіреді, өрнектің мәнін табады. Есептеуде 0 және 1-дің қасиеттерін тиімді қолданады. |
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. Терминдер: Өрнек, амалдардың компаненттері (қосылғыш, қосындының мәні) Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
|
Құндылықтарды дарыту |
Тапсырмада оқушылардың арасында ынтымақтастық арқылы бір-бірін ұйымшылдыққа қалыптастырады. |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану пәні |
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ |
Бастапқы білім |
Қосу кестесін құру біледі.Сандар қатарын біледі, мысал келтіреді, қолданады. |
|
|
|
|
Cабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут |
Оқушылармен амандасу, сәлемдесу. Ширату жаттығуы. Ойын: «Сиқырлы қоржын» Оқушылар қоржыннан фишкаларды алып санап түстері арқылы қосады.Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады, оқушыларға фишкаларымен ауысып,дәл сондай жұмыс орындау тапсырылады.Оқушылардан не байқалғаны сұралып,жауаптары тыңдалады.Қандай қорытынды жасауға болатынын білу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 мен 1 сандарының қасиетін қолдану. |
барлық оқушыға арналған фишка салынған сиқырлы қоржын.
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут 1 минут 5 минут 5 минут 7 минут 3 минут |
Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушының жауабы? Қосылғыш,қосындының мәні. Бүгінгі сабағымыз. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін;0 мен 1 сандарының қасиетін қолдану. Топпен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттерге қарап,қорытынды жаса.Өрнектің мәнін тап.Сызғыштың көмегімен 0 мен 1-дің қасиетін тап.Қосқанда қосылғыштардың орнын ауыстыруға болатынын не болмайтынын білесің, Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосынды нәтижесінің өзгеретінін не өзгермейтінін білесің.
- Суретте не бейнеленген (алма,алмұрт,өрік) - Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз? (Жемістер) - Суреттегі тапсырмаларды тақырыппен қалай байланыстыруға болады? - Сызғыштың көмегімен қорытынды жасауға болады. - Жарайсыңдар! Өте жақсы! Тамаша! - Олай болса,қимыл қозғалыс жасау арқылы бір серігіп алайық. Сергіту сәті Бас бармағым-әкем, Балаң үйрек –шешем, Ортақ тірек-ағам, Шылдыр шүмек апам, Кішкентай бөбек –мен, Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Бағдаршам әдісімен бағаланады. Жұппен жұмыс. 2-тапсырма. «Шығарып көр» Тапсырма барысында оқушы толық емес кестені пайдаланып, мысал шығаруға дағдыланады. Оқушылар қажетті қосындының мәнін тауып, жаза алады. - Мұғалім жауабын оқиды, оқушы тексереді. - Саған тез шығаруға қосудың қай қасиеті көмектесті? - Оқушының жауабы: -қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты. -Өте жақсы! –Жарайсыңдар! Қосылғыштардың орнын ауыстырып, қосудың ауыстырымдылық қасиетін тап. Өзара бағалау Басбармақ әдісімен бағаланады Жеке жұмыс. 3-тапсырма. Тапсырма барысында оқушы толық емес кестені пайдаланып, мысал шығаруға дағдыланады. Оқушылар қажетті қосындының мәнін тауып, жаза алады. - Мұғалім жауабын оқиды, оқушы тексереді. - Саған тез шығаруға қосудың қай қасиеті көмектесті? - Оқушының жауабы: -қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты. -Өте жақсы! –Жарайсыңдар!
4- тапсырма Дәптермен жұмыс. Сызықшалар арқылы косудың ауыстырымдылық қасиетін тап.
5 – тапсырма.Қалыптастырушы бағалау Әр қолғаптың сыңарын тауып,байланыстырып сыз.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып,өрнек жаз. Дескриптор -қолғаптың сыңарын табады; -қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып,өрнек құрастырып жазады;.Өрнектің мәнін тап. Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар! |
оқулық 86-бет.
Оқулық 87-бет. «Басбармақ әдісі»
оқулық 87-бет. 83-жұмыс парағы
770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |